Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 ж. 16 наурыздағы№ 181 бұйрығы
ҚР Әділет министрлігі 1999.14.06. № 44 Бұйрығымен ; ҚР Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 128 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Сот сараптамасы заңын» іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы сот сарапшыларын аттестациялау туралы Ереже бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Сот сараптамасы орталығында сот сарапшысы біліктілігін беру тәртібі туралы Ереже және Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Сот сараптамасы орталығы жанында сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі біліктілік комиссиясы қызметінің тәртібі туралы Нұсқау бекітілсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау юстиция Вице-Министрі А.К. Дауылбаевқа жүктелсін. Министр
ҚР Әділет министрлігінің 2005.05.08. № 214 Бұйрығымен ереже күшін жойды
ҚР Әділет министрінің 1998 ж. 16 наурыздағы № 181 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы сот сарапшыларынаттестациялау туралы Ереже I. Жалпы ережелер 1.1. Сот сарапшыларын аттестациялау Қазақстан Республикасы «Сот сараптамасы туралы» Заңының 16-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Сот сарапшыларының аттестациясы сот сарапшыларының кәсіби біліктілігінің өсуін бағалау мен ынталандыру мақсатында жүргізіледі. 1.2. Аттестациядан Қазақстан Республикасы сот сараптамасы органдарының қызметкері болып табылатын сот сарапшылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Сот сараптамасы туралы» Заңының 10-бабы 2-тармағының талаптарын орындайтын, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің сот сараптамасы орталығы жанындағы немесе Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің комиссиядан Сот-медицина орталығы жанындағы біліктілік емтиханын тапсыру нәтижесі бойынша сот cарапшысы біліктілігі берілген басқа да адамдар өтеді. 1.3. Қазақстан Республикасында сот-сараптама қызметін жүзеге асыру құқына лицензия алу үшін аттестациядан өту міндетті шарт болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|