Ішкі істер органдары жол полициясы бөлімшелерінің көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайын бақылауды ұйымдастыруы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы (2005.16.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрлігінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 217 бұйрығымен күші жойылды
Көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық кесімдердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың сақталуын бақылаудың тиімділігін жетілдіру және арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдары жол полициясы бөлімшелерінің көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайын бақылауды ұйымдастыруы жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Астана, Алматы қалалары ІІББ-ның, облыстар ІІББ-ІІБ-ның бастықтары: 1) жол полициясы қызметкерлерінің осы Нұсқаулықты зерделеуін қамтамасыз етсін; 2) ішкі істер органдары жол полициясы бөлімшелерінің көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық кесімдердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың сақталуын бақылау жөніндегі жұмысын Нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастырсын; 3) көлік құралдарының иелерін (заңды және жеке тұлғаларды) осы Нұсқаулықтың талаптары туралы хабардар ету жөнінде іс-шаралар жүргізсін; 4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № 1329 қаулысының «Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кейбір мәселелері» талаптарына сәйкес автокөлік құралдарын жарыққа шағылысатын материалмен кезең-кезеңмен таңбалау мерзімдерінің сақталуына бақылау орнатылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|