|
|
|
Білім беру қызметін лицензиялаудың ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 18 сәуірдегі N 596 қаулысы (ҚР Үкіметінің 28.02.01 ж. N 297; 28.12.01 ж. N 1747; 02.08.02 ж. N 861 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 7 желтоқсандағы N 1281 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 7 маусымындағы Заңына және "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Білім беру қызметін лицензиялаудың ережесі бекітілсін. 2. Қарамағында білім беру ұйымдары бар мемлекеттік органдар өздерінің бұрын қабылдаған нормативтік құқықтық кесімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін. 3. "Білім беру мекемелерінің білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия беру тәртібін, білім беру мекемелерін бітіргені және білім беру қызметін лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптары туралы құжаттарды беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 26 қыркүйектегі N 1174 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 39, N 368-құжат) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі N 596 қаулысымен бекітілген Білім беру қызметін лицензиялаудың ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Білім беру ұйымдарының білім беру қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан лицензиялануға тиіс. 2. Мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың, жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарының білім беру қызметі лицензиялануға тиіс. 3. Білім беру ұйымының білім беру қызметін жүргізу құқығы оған лицензия (рұқсат) берілген күннен басталады және заңдарда белгіленген тәртіппен ол қайтарып алынған немесе жарамсыз деп танылған сәттен бастап тоқтатылады. ҚР Үкіметінің 28.02.01 ж. N 297 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді 4. Білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензияны (рұқсатты) білім беруді басқарудың мемлекеттік органы (лицензиар) мынадай білім беру ұйымдарына: 1) жалпы бастауыш, жалпы негізгі немесе жалпы орта және кәсіптік бастауыш білім беретін, сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдарға - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім беру басқармалары (департаменттері); 2) кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беретін ұйымдарға - Қазақстан Республикасының білім саласындағы орталық атқарушы органы береді. 5. Білім беру ұйымдарының филиалдары білім беру ұйымдарының құрамында лицензияланады. Филиал туралы ереже мен тіркеу құжаттары лицензиарға табыс етілуге тиіс. 6. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған халықаралық және шетелдік оқу орындары немесе олардың филиалдары Қазақстан Республикасының оқу орындары сияқты шарттармен және дәл сондай тәртіппен лицензиялануға тиіс. 2. Лицензия берудің шарттары мен тәртібі 7. Білім беру ұйымдары білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия алу үшін лицензиарға мына құжаттарды: 1) нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, белгіленген үлгідегі өтінішті; 2) лицензиаттың біліктілік талаптарына сәйкес келетінін растайтын құжаттарды; 3) кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығын алу үшін алым енгізгенін растайтын құжатты; 4) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін; 5) жұмыс бабындағы оқу жоспарларын тапсырады. Лицензия құжаттар тапсырылған күннен бастап екі айлық мерзімнен кешіктірілмей беріледі. Лицензия беруден бас тартылған жағдайда лицензия беру үшін белгіленген мерзімде, өтініш иесіне жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарылады. 8. Лицензия беру, оны қайтарып алу немесе оның қолданылуын тоқтата тұру мәселелерін алқалы және жариялы түрде қарау үшін, лицензиардың консультативтік-кеңесші орган құруға құқығы бар. 9. Лицензиар білім беру ұйымының өтінішін қарау процесінде, жекелеген жағдайларда білім беру қызметін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды тексеру мақсатында, білім беру ұйымы орналасқан жерге барып, сараптама жүргізе алады. 10. Лицензия беру не оны беруден бас тарту туралы шешім құжаттардың иесі ұсынған өтініш, сондай-ақ егер тексеру жүргізілген болса, оның нәтижелері зерделенгеннен кейін қабылданады. 11. Егер лицензия белгіленген мерзімде берілмесе немесе өтініш иесі бар тартуды негізсіз деп таныса, онда ол бір айлық мерзімде осы әрекеттерге сот тәртібімен шағымдануға құқылы. 12. Лицензия беруден мынадай негіздер бойынша: 1) білім беру ұйымының осы тұрпаты мен түрі үшін нақты мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының заң актілерімен тыйым салынса; 2) осы Ереженің 7-тармағына сәйкес талап етілетін құжаттар түгел тапсырылмаса. Өтініш иесі аталған кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негізде қаралады; 3) кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын алым енгізілмесе; 4) өтініш беруші осы Ережеде белгіленген біліктілік талаптарына сай келмесе; 5) өтініш иесіне қатысты оның білім беру қызметімен айналысуына тыйым салатын сот шешімі болса, бас тартылуы мүмкін. 13. Білім беру қызметімен тиісті лицензиясыз айналысу заңдармен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады. 14. Білім беру ұйымының білім беру қызметімен лицензиясыз айналысудан алған табысы, заң актілерінде белгіленген жағдайлардан басқа кезде мемлекеттік бюджетке алынып қойылуы тиіс. 15. Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ лицензиялық ережелердің сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады. 3. Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары 16. Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне: 1) мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдауды тәрбиеленушілердің жас шамасына және санитарлық нормалар мен ережелерге орай топтың толымдылығына сәйкес жүзеге асыруы; 2) жоғары және бірінші санаттағы тәрбиешілер үлесі - олардың жалпы санының 20 пайызынан кем болмауы; 3) оқу алаңының санитарлық нормалар мен ережелерге (СНЕ) сәйкес келуі; 4) тәрбиеленушілердің дене тәрбиесі, ой-өрісі жағынан және жеке өзінің дамуы үшін ойын материалы мен жабдықтарының, оқу және балалар әдебиеттерінің болуы; 5) тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету мен оларды тамақтандыру мүмкіндігінің болуы жөніндегі біліктілік талаптары қойылады; 17. Жалпы бастауыш білім беретін білім беру ұйымдарының қызметіне: 1) жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер үлесі - олардың жалпы санының 20 пайызынан кем болмау; 2) сыныптар толымдылығы мен оқу алаңының санитарлық нормалар мен ережелерге (СНЕ) сәйкес келуі; 3) оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер қорының мөлшері - оқушылар құрамына шаққанда бір оқушыға толық оқу цикліне кемінде 15 басылымнан келуі; 4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсету және оларды тамақтандыру мүмкіндігінің болуы жөніндегі біліктілік талаптары қойылады. 18. Жалпы негізгі білім беретін білім беру ұйымдарының қызметіне: 1) жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер үлесі - олардың жалпы санының 30 пайызынан кем болмауы; 2) сыныптар толымдылығы мен оқу алаңының санитарлық нормалар мен ережелерге (СНЕ) сәйкес келуі; 3) оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер қорының мөлшері - оқушылар құрамына шаққанда, бір оқушыға толық оқу цикліне кемінде 15 басылымнан келуі; 4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсету және оларды тамақтандыру мүмкіндігінің болуы жөніндегі біліктілік талаптары қойылады; 19. Жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарының қызметіне: 1) жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер үлесі - олардың жалпы санының 30 пайызынан кем болмауы; 2) сыныптар толымдылығы мен оқу алаңының санитарлық нормалар мен ережелерге (СНЕ) сәйкес келуі; 3) оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер қорының мөлшері - оқушылар құрамына шаққанда, бір оқушыға толық оқу цикліне кемінде 25 басылымнан келуі; 4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсету және оларды тамақтандыру мүмкіндігінің болуы жөніндегі біліктілік талаптары қойылады. 20. Мектептен тыс ұйымдардың қызметіне: 1) жоғары және бірінші санаттағы педагогтардың үлесі - олардың жалпы санының 30 пайызынан кем болмауы; 2) оқу алаңының санитарлық нормалар мен ережелерге (СНЕ) сәйкес келуі; 3) оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер қорының мөлшері - оқушылар құрамына шаққанда, бір оқушыға толық оқу цикліне кемінде 15 бірлік басылымнан келуі; 4) балалар жасының 6-18 жас аралығында болуы жөніндегі біліктілік талаптары қойылады. 21. Кәсіптік бастауыш білім беретін білім беру ұйымдарының қызметіне: 1) штаттағы оқытушылар үлесі - олардың жалпы санының 70 пайызынан кем болмауы; 2) жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар үлесі - олардың жалпы санының 30 пайызынан кем болмауы; 3) топтардың толымдылығы мен оқу алаңының санитарлық нормалар мен ережелерге (СНЕ) сәйкес келуі; 4) оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер қорының мөлшері - оқушылар құрамына шаққанда, бір оқушыға толық оқу цикліне кемінде 25 басылымнан келуі; 5) тиісті мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандартының талаптарын орындау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін оқытудың арнаулы базасы мен техникалық құралдарының болуы; 6) білім беру ұйымдарының практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы (шарттарда білім беру ұйымының, практикадан өткізу базалары болып табылатын ұйымдардың және білім алушылардың міндеттері анықталуы тиіс; 7) білім алушыларға медициналық қызмет көрсету мен оларды тамақтандыру мүмкіндігінің болуы жөніндегі біліктілік талаптары қойылады. 22. Кәсіптік орта білім беретін білім беру ұйымдарының қызметіне: 1) штаттағы оқытушылар үлесі - олардың жалпы санының 70 пайызынан кем болмауы; 2) жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар үлесі - олардың жалпы санының 40 пайызынан кем болмауы; 3) топтардың толымдылығы мен оқу алаңының санитарлық нормалар мен ережелерге (СНЕ) сәйкес келуі; 4) оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер қорының мөлшері - оқушылар құрамына шаққанда, бір оқушыға толық оқу цикліне кемінде 40 басылымнан келуі; 5) тиісті мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандартының талаптарын орындау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін білім берудің арнаулы базасы мен техникалық құралдарының болуы; 6) білім беру ұйымдарының практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы (шарттарда білім беру ұйымының, практикадан өткізу базалары болып табылатын ұйымдардың және білім алушылардың міндеттері анықталуы тиіс; 7) білім алушыларға медициналық қызмет көрсету мен оларды тамақтандыру мүмкіндігінің болуы жөніндегі біліктілік талаптары қойылады. ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. N 1747; 02.08.02 ж. N 861 қаулыларымен 23-тармақ өзгертілді 23. Кәсіптік жоғары білім беретін білім беру ұйымдарының қызметіне: 1) жоғары мектептерді, жоғары училищелерді қоса алғанда, институттарға және оларға теңдестірілген білім беру ұйымдарына: жоғары кәсіптік білімнің 6 және одан да көп мамандық бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруы; қолданбалы сипаттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуі; бiр оқытушыға шаққанда студенттер құрамы өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 4, музыка және ән-күй мамандықтары бойынша 6, шет тiлi, шетел филологиясы және аударма iсi бойынша 7, бейнелеу өнерi және сызу мамандықтары бойынша 7 адамнан артық болмауы; басқа мамандықтар үшiн күндiзгіде - 10, кешкiде - 20, сырттай оқыту нысанында - 40 адамнан артық болмауы; штаттағы оқытушылар үлесi олардың жалпы санының, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша 30 пайызынан кем болмауы; ғылыми дәрежесi мен ғылыми атағы бар оқытушылар үлесi штаттағы оқытушылар санының, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша - 25 пайызынан кем болмауы; бiлiм алушылар контингентiн және оқу құнын негiзге ала отырып анықталатын, бiрақ мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша анықталатын мөлшерден кем емес, бiлiм алу үшiн жағдайларды қамтамасыз ететiн меншiктi, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында тиесiлi материалдық-қаржылық активтерiнiң болуы; студенттiң бiр жылғы оқуына жоспарлы ең аз шығыстар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi оқу жылына кәсiптiк жоғары бiлiмдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырысты бекіту жөнiндегi қаулысымен көзделген шығыстар деңгейiне сәйкес болуы тиiс; оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер қорының мөлшері - студенттердің келтірілген құрамына шаққанда, бір білім алушыға толық оқу цикліне кемінде 100 басылымнан келуі; электрондық және магниттiк тасымалдаушылардағы оқу-әдiстемелiк әдебиетпен қамтамасыз етiлуi мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердiң 10 пайызынан кем болмауы; меншiктi, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында тиесiлi дәрісханалық және зертханалық базалардың, оқу кабинеттерінің, шеберханалар мен басқа да үй-жайлардың күндізгі нысанда оқитын бір білім алушыға келетін жалпы алаңының, оқу сабақтарының ауысымдылығын ескергенде, қолданылып жүрген санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келуі, мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарттарында көзделген оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету мүмкіндігі; білім беру ұйымдарының практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы (шарттарда білім беру ұйымының, практикадан өткізу базалары болып табылатын ұйымдардың және білім алушылардың міндеттері анықталуы тиіс); білім алушыларға медициналық қызмет көрсету мен оларды тамақтандыру мүмкіндігінің болуы; 2) консерваторияларды қоса алғанда, академияларға және оларға теңдестірілген білім беру ұйымдарына; жоғары кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орнының 3 және одан да көп мамандық бойынша мамандануы; іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің орындалуы; бiр оқытушыға шаққанда студенттер құрамы өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 4, музыка және ән-күй мамандықтары бойынша 6, шет тiлi, шетел филологиясы және аударма iсi бойынша 7, бейнелеу өнерi және сызу мамандықтары бойынша 7 адамнан артық болмауы; басқа мамандықтар үшiн күндiзгiде - 10, кешкiде - 20, сырттай оқыту нысанында - 40 адамнан артық болмауы; штаттағы оқытушылар үлесi олардың жалпы санының, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша - 40 пайызынан кем болмауы; ғылыми дәрежесi мен ғылыми атағы бар оқытушылар үлесi штаттағы оқытушылар санының, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша - 30 пайызынан кем болмауы; бiлiм алушылар контингентiн және оқу құнын негiзге ала отырып анықталатын, бiрақ мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша анықталатын мөлшерден кем емес, бiлiм алу үшiн жағдайларды қамтамасыз ететiн меншiктi, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында тиесiлi материалдық-қаржылық активтерiнiң болуы; студенттiң бiр жылғы оқуына жоспарлы ең аз шығыстар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi оқу жылына кәсiптiк жоғары бiлiмдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырысты бекіту жөнiндегi қаулысымен көзделген шығыстар деңгейiне сәйкес болуы тиiс; оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер қорының мөлшері - студенттердің келтірілген құрамына шаққанда, бір білім алушыға толық оқу цикліне кемінде 120 басылымнан келуі; электрондық және магниттiк тасымалдаушылардағы оқу-әдiстемелiк әдебиетпен қамтамасыз етiлуi мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердiң 15 пайызынан кем болмауы; өз меншігіндегі немесе 1 оқу жылынан кем емес мерзiмге жалға алған дәрісханалық және зертханалық базалардың, оқу кабинеттерінің, шеберханалар мен басқа да үй-жайлардың күндізгі нысанда оқитын бір білім алушыға келетін жалпы алаңының, оқу сабақтарының ауысымдылығын ескергенде, қолданылып жүрген санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келуі, мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарттарында көзделген оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету мүмкіндігі; білім беру ұйымдарының практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы (шарттарда білім беру ұйымының, практикадан өткізу базалары болып табылатын ұйымдардың және білім алушылардың міндеттері анықталуы тиіс); білім алушыларға медициналық қызмет көрсету мен оларды тамақтандыру мүмкіндігінің болуы; 3) университеттерге: жоғары кәсіптік білімнің 12 және одан да көп мамандық бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орнының көп салалығы; іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің жүргізілуі; бiр оқытушыға шаққанда студенттер құрамы өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 4, музыка және ән-күй мамандықтары бойынша 6, шет тiлi, шетел филологиясы және аударма iсi бойынша 7, бейнелеу өнерi және сызу мамандықтары бойынша 7 адамнан артық болмауы; басқа мамандықтар үшiн күндiзгiде - 10, кешкiде - 20, сырттай оқыту нысанында - 40 адамнан артық болмауы; штаттағы оқытушылар үлесi олардың жалпы санының, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша - 50 пайызынан кем болмауы; ғылыми дәрежесi мен ғылыми атағы бар оқытушылар үлесi штаттағы оқытушылар санының, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша - 35 пайызынан кем болмауы; бiлiм алушылар контингентiн және оқу құнын негiзге ала отырып анықталатын, бiрақ мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша анықталатын мөлшерден кем емес, бiлiм алу үшiн жағдайларды қамтамасыз ететiн меншiктi, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында тиесiлi материалдық-қаржылық активтерiнiң болуы; студенттiң бiр жылғы оқуына жоспарлы ең аз шығыстар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi оқу жылына кәсiптiк жоғары бiлiмдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырысты бекіту жөнiндегi қаулысымен көзделген шығыстар деңгейiне сәйкес болуы тиiс; оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер қорының мөлшері - студенттердің келтірілген құрамына шаққанда, бір білім алушыға толық оқу цикліне кемінде 140 басылымнан келуі; электрондық және магниттiк тасымалдаушылардағы оқу-әдiстемелiк әдебиетпен қамтамасыз етiлуi мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердiң 20 пайызынан кем болмауы; өз меншігіндегі немесе 1 оқу жылынан кем емес мерзiмге жалға алған дәрісханалық және зертханалық базалардың, оқу кабинеттерінің, шеберханалар мен басқа да үй-жайлардың күндізгі нысанда оқитын бір білім алушыға келетін жалпы алаңының, оқу сабақтарының ауысымдылығын ескергенде, қолданылып жүрген санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келуі, мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарттарында көзделген оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету мүмкіндігі; білім беру ұйымдарының практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы (шарттарда білім беру ұйымының, практикадан өткізу базалары болып табылатын ұйымдардың және білім алушылардың міндеттері анықталуы тиіс); білім алушыларға медициналық қызмет көрсету мен оларды тамақтандыру мүмкіндігінің болуы жөнінде біліктілік талаптары қойылады. ҚР Үкіметінің 02.08.02 ж. N 861 қаулысымен 24-тармақ өзгертілді 24. Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беретін ұйымдардың қызметіне: 1) аспирантураға: жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беруді жүзеге асыратын, осы ұйымда даярланатын әр ғылыми мамандық бойынша толық ставкамен жұмыс істейтін кем дегенде екі ғылым докторының болуы; даярланатын тиісті ғылыми мамандықтар бойынша ғылыми-зерттеу зертханаларының болуы; даярланатын тиicті ғылыми мамандықтар бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, тәжірибелік және материалдық-техникалық базаның болуы; 2) докторантура: жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беруді жүзеге асыратын, осы ұйымда даярланатын әр ғылыми мамандық бойынша тұрақты ставкамен жұмыс істейтін кем дегенде үш ғылым докторының болуы; даярланатын тиісті ғылыми мамандықтар бойынша осы заманғы ғылыми-тәжірибелік, ғылыми-зерттеу және материалдық-техникалық базаның болуы жөнінде біліктілік талаптары қойылады. 4. Лицензияны кері қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтата тұру 25. Лицензиардың білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензияны кері қайтарып алуға немесе оның қолданылуын тоқтату тұруға құқығы бар. 26. Лицензияның күшін алты айға дейін тоқтата тұруға: 1) білім беру ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес болмауының анықталуы; 2) білім беру сапасының мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарттарына сәйкес келмеуі негіз болып табылады. 27. Лицензияның қолданылуы тоқтатылып тұрған кезеңде лицензиат білім беру қызметін тоқтатпай, лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған себептерді жоюға тиіс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |