|
|
|
Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесін бекіту ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005.29.10. № 134 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу тәртібін жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесi бекітілсiн және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн. 2. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Мәженова Б.М.): 1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесін Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн. 3. Осы қаулы күшiне енген күннен бастап: 1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесін бекіту туралы" 1997 жылғы 23 мамырдағы № 206 қаулысының; 2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесін бекіту туралы" 1997 жылғы 23 мамырдағы № 206 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесінiң күшi жойылды деп танылсын. 4. Халықаралық қатынас және жұртшылықпен байланыс басқармасы (Мартюшев Ю.А.) осы қаулыны және Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |