|
|
|
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне есірткі, психотроптық 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32-33-құжаттар): 1) 250-бапта: екінші бөліктегі "жеті" деген сөз "сегіз" деген сөзбен ауыстырылсын; үшінші бөліктегі "бес жылдан он екі жылға дейінгі" деген сөздер ", жеті жылдан он бес жылға дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын, "немесе онсыз" деген сөздер алып тасталсын; бірінші бөліктегі "үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады." деген сөздер "он мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не алпыс сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады." деген сөздермен ауыстырылсын; ескерту мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: "2. Осы бап бойынша есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін заттардың ірі және өте ірі мөлшері "Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды және прекурсорларды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеде белгіленеді.". 2. "Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат): 1) 5-баптың 1-тармағындағы, 3-тармағының бірінші абзацындағы, 25-баптың 3-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Есірткіні бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы" деген сөздер тиісінше "есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 5-баптың 3-тармағы 8) тармақшасындағы "есірткі және психотроптық заттар мен прекурсорлар" деген сөздер "есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар" деген сөздермен ауыстырылсын, 9) тармақшасының мемлекеттік тілдегі мәтіні "мен прекурсорларға" деп дұрыс жазылған, 13-баптың 5-тармағындағы, 16, 17-баптардағы "Есірткі және психотроптық заттарды", "есірткі және психотроптық заттар", "есірткі және психотроптық заттарды", "есірткі және психотроптық заттардың" деген сөздер тиісінше "Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды", "есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар", "есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды", "есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың" деген сөздермен ауыстырылсын; 6) тармақшада: "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен," деген сөздер алып тасталсын, "тиісті кестелерде" деген сөздерден кейін "және тізімдерде" деген сөздермен толықтырылсын, "есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізбесі" деген сөздерден кейін "(1-қосымша)" деген сөздермен толықтырылсын; "Тізімге заңсыз сақталуда жатқаны немесе айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы Жиынтық кесте енеді." деген сөйлем алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: "6-1) Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кесте - сот сараптамасы органдары айқындайтын және кейіннен әкімшілік не қылмыстық жауаптылықтың туындауына негіз болып табылатын мөлшері белгіленген (шағын, ірі, өте ірі) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар түрлерінің тізбесі (2-қосымша);"; мынадай мазмұндағы 26) тармақшамен толықтырылсын: "26) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында мемлекеттік саясатты өзіне берілген құзырет шегінде қалыптастыратын және оны жүзеге асыруды үйлестіретін орган."; 1-тармақта: екінші бөліктегі "төрт кестеден" деген сөздер "ұсынылып отырған төрт кестеден және екі тізімнен" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті және ветеринарияда қолдануға рұқсат етілген, құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттар тізіміне тиісті лицензиясы болған жағдайда диагностикалық, емдік және профилактикалық заттар ретінде пайдаланылуы мүмкін дәрілік препараттар енгізілген. Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жатпайтын, құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар аз мөлшерде бар көп компонентті дәрілік препараттар тізіміне құрамында бақыланатын заттар өте аз және заңсыз айналым мақсатында оларды алып тастау орынсыз болып табылатын дәрілік заттар енгізілген."; 2 және 3-тармақтар алып тасталсын; 2-тармақ алып тасталсын; 3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "5) Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне және Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеге уәкілетті органдардың ұсыныстары бойынша өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ұсыныс енгізеді;"; 6) 11-баптың 3-тармағы алып тасталсын; 7) 12-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "7. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар транзитін заңды тұлғалар есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган берген рұқсат негізінде, сондай-ақ осы Заңның 28-бабында көзделген жағдайларда жүзеге асырады. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар транзитін жүзеге асыру жағдайлары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен айқындалады."; 8) 38-бап мынадай редакцияда жазылсын: "38-бап. Есірткі, психотроптық заттар мен пркурсорлар айналымы саласындағы бұзылушылықтар үшін жауаптылық Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы бұзушылықтар үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді. Әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартқан жағдайда Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімі және Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кесте қолданылады (1, 2-қосымшалар).". 2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |