|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. «Мемлекеттік статистика туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 9, 91-құжат; 2001 ж., № 4, 23-құжат; 2002 ж., № 1, 3-құжат; № 17, 155-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) бүкiл мәтiн бойынша «Статистикалық жұмыстар жоспары», «Статистикалық жұмыстар жоспарын», «Статистикалық жұмыстар жоспарында», «Статистикалық жұмыстар жоспарына» деген сөздер «статистикалық жұмыстар жоспары», «статистикалық жұмыстар жоспарын», «статистикалық жұмыстар жоспарында», «статистикалық жұмыстар жоспарына» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын: «ұлттық санақ - белгiлi бiр уақыт кезеңiндегi жағдай бойынша Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бойынша зерттелуге жататын барлық жеке және заңды тұлғаларды жалпымемлекеттік статистикалық байқау. Уәкiлеттi орган статистикалық жұмыстар жоспарынан тыс жүргiзедi;"; сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: «статистикалық жұмыстар жоспары - мемлекеттік статистикалық байқаулар мен статистикалық байқауларға байланысты басқа да статистикалық жұмыстарды жүргiзудiң жылдық жоспары бар құжат;"; 3) 3-баптың төртiншi және бесiншi бөлiктерi мынадай редакцияда жазылсын: «Ұлттық санақты және статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген мемлекеттік статистикалық байқауларды жүргiзу кезiнде жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң бастапқы статистикалық ақпаратты ұсынуы мiндеттi болып табылады және өтеусiз негiзде жүзеге асырылады. Ғылымның және қоғамдық ұйымдардың мүдделi өкiлдерi алдын ала талқылағаннан кейiн статистикалық жұмыстар жоспарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.»; 4) 8-баптың үшiншi бөлiгiндегi «Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда» деген сөздер «мемлекеттік статистикалық байқауларда қамтылған» деген сөздермен ауыстырылсын; бiрiншi абзацтағы «және Статистикалық жұмыстар жоспарын орындау мақсатында» деген сөздер алып тасталсын; үшiншi абзацтағы «заңдарда белгiленген реттерде» деген сөздер «статистикалық жұмыстар жоспарын орындау және ұлттық санақ жүргiзу мақсатында» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 11-баптың алтыншы абзацы «сұратылған ақпаратты» деген сөздерден кейiн «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен» деген сөздермен толықтырылсын; 7) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын: «13-бап. Жеке және заңды тұлғалар құқықтарының кепiлдiктерi Жеке және заңды тұлғаларға бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығына, статистикалық жұмыстар жоспарына қол жеткiзуге болатындығына кепiлдiк берiледi. Бастапқы статистикалық ақпаратты тарату ақпаратты берген жеке және заңды тұлғалардың келісімiмен ғана немесе аты-жөнi көрсетiлмей жүргiзiлуi мүмкiн. Басқа мемлекеттік органдардан алынған жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат ақпаратты ұсынған мемлекеттік органдардың келісімiмен ғана таратылуға жатады. Бастапқы статистикалық ақпаратты таратудың өзге де жағдайлары: мемлекеттік меншiк нысанындағы немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар туралы ақпаратқа; Мемлекеттік статистикалық тiркелiмнен алынған құпия емес ақпаратқа қатысты уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен айқындалады.». 2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев Астана, 2004 жылғы желтоқсанның 21-і, № 14-III ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |