Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру
ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы № 548 Бұйрығымен күші жойылды
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесі бекітілсін. 2. Білім беруді дамыту стратегиясы және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Т.А. Нұрғожаева) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын. 3. Осы бұйрық тіркелген күнінен бастап күшіне енеді. 4. Білім беруді дамыту стратегиясы және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Т.А. Нұрғожаева) осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларына (департаментіне), жоғары оқу орындарына жеткізсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-министрі Г.Н. Гамарникке жүктелсін.
Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 1037 бұйрығына қосымша Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер 1. Осы Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді. 2. Ереже Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыруды, оның жұмыс істеуін және белгіленген көрсеткіштер бойынша білім беру жүйесіндегі деректерді есепке алуды, білім беру мониторингі деректерін және олар өз функцияларын жүзеге асыру кезіндегі білім беру органдары мен ұйымдарының өзге де мәліметтерін ұсыну тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|