Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстар туралы ережені бекіту туралы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 25-2-02/249 бұйрығымен күші жойылды
2003 жылғы 8 шілдедегі № 477-ІІ Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 65-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстар туралы ереже бекітілсін. 2. Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы реттеу мен бақылау басқармасы осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өткізуге жіберсін. 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
«КЕЛІСІЛГЕН»: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы 2004 жылғы 24 желтоқсан Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 281 бұйрығымен бекітілген
Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстар туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже Қазақстан Республикасының Орман кодексіне және «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 712 қаулысына сәйкес әзірленді (бұдан әрі - Негізгі ережелер). 2. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстар ормандарды өрттерден күзету, оларды зиянды жәндіктер мен аурулардан қорғау жөніндегі шаралардың жалпы кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады және орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) мен оның аумақтық органдары және орман қорының басқа иелері мен орман пайдаланушылар жүргізеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|