“Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының лауазымды
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғаларын Йель университетiнiң Менеджмент мектебiнде оқытуды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қосымшаға сәйкес құрамда мемлекеттік қызметшiлер 2005 жылғы 4-22 наурыз кезеңiне Нью-Хэвен қаласына (Америка Құрама Штаттары) iссапарға жiберiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi агенттiгiнiң "Еуразия мемлекеттік қызметшiлердi оқыту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар орталық мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын Йель университетiнiң Менеджмент мектебiнде (Америка Құрама Штаттары) оқытуды ұйымдастыру жөніндегі қызметтердi көрсетушi болып белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен: осы қаулының 2-тармағында көрсетілген кәсiпорынмен 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 009 "Экономиканың мемлекеттік секторында мамандарды перспективалы оқыту" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 43940000 (қырық үш миллион тоғыз жүз қырық мың) теңге сомасына қызметтердi мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасассын; осы қаулыдан туындайтын өзге қажетті шараларды қабылдасын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|