Салық салынатын кiрiстi анықтау кезiнде шегерiмге жататын өкiлдiк
Осы редакция 2005 ж. 14 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 93-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Мыналар: 1-қосымшаға сәйкес салық салынатын кiрiстi анықтау кезiнде шегерiмге жататын өкiлдiк шығыстардың нормалары; 2-қосымшаға сәйкес салық салынатын кiрiстi анықтау кезiнде шегерiмге жататын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде iссапарда болған уақыты үшiн төленетiн тәулiкақы нормалары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1677 қаулысына 1-қосымша Салық салынатын кiрiстi анықтау кезiнде шегерiмге жататын өкiлдiк шығыстардың нормалары
Ескерту: 1. Адамдарды ресми қабылдауды жүргiзу кезiнде қабылдаушы тараптан қатысушылардың саны қабылданатын делегация тарапынан қатысушылардың санынан аспауы тиiс. 2. Делегацияның құрамы бес адамнан жоғары болған кезде делегацияға қызмет көрсететiн iлесiп жүретiн адамдар мен аудармашылардың саны делегацияның кемiнде бес мүшесiне бір аудармашы немесе iлесiп жүрушi есебiмен анықталуы тиiс. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1677 қаулысына 2-қосымша ҚР Yкіметінiң 29.05.04 ж. № 597 қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда Салық салынатын кiрiстi анықтау кезiнде шегерiмге жататын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде iссапарда болған уақыты үшiн төленетiн тәулiкақы нормалары
|