|
|
|
“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 622 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 1, 17-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсін: кiрiспедегі "Заңын" деген сөзден кейiн "және "Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегi Заңын" деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеудiң ережесінде: 1-тармақтағы "(бұдан әрi - Заң)" деген сөздер "және "Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi Заңының" деген сөздермен ауыстырылсын; алтыншы абзацтағы "кеме нөмiрi" деген сөздер "кеменiң сәйкестендiру нөмiрi" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "жалға алынған шетелдiк кемелердің тiзілімi - "Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегi Заңы 26-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетiн кемелер тiркелетiн құжат;"; 38-тармақ "тiзiлiмiнде" деген сөзден кейiн "немесе жалға алынған шетелдiк кемелердiң тiзілімінде" деген сөздермен толықтырылсын; 39-тармақтағы "Мемлекеттік кеме тiзілiмiнде" деген сөздер "жалға алынған шетелдiк кемелердiң тiзiлiмiнде" деген сөздермен ауыстырылсын; 41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "41. Кеменi Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне енгізу кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын және кемеге меншік құқығын растайтын кеме куәлігін (8-қосымша) берумен куәландырылады. Кеменi жалға алынған шетелдiк кемелердiң тiзiлiмiне енгізу шетелдiк кемеге Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлiк (9-қосымша) берумен куәландырылады."; 42-тармақтың 3) тармақшасында "тiзілiміне" деген сөзден кейiн "немесе жалға алынған шетелдiк кемелердiң тiзiлiмiне" деген сөздермен толықтырылсын; екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Шетелдiк мемлекеттің кемелерi тiзілімінде тiркелген кеменi жалға алу шартында (кеменi экипажсыз жалға алу шарты) пайдаланатын кез келген тұлға жалға алынған шетелдiк кемелердің тiзiлiмiне тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды отыз күннiң iшiнде беруi тиiс."; мынадай мазмұндағы сегізiншi абзацпен толықтырылсын: "жолаушылар куәлiгiн (жолаушылар кемесi үшін);"; тоғызыншы абзацтағы "Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне" деген сөздер "жалға алынған шетелдiк кемелердің тiзілiмiне" деген сөздермен ауыстырылсын; он бесiншi абзацтағы "Мемлекеттік кеме тiзілiмiне" деген сөздерден кейiн "және жалға алынған шетелдiк кемелердiң тiзiлiмiне" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 46-1-тармақпен толықтырылсын: "46-1. Кеменің иесi кеме куәлігін жоғалтқан жағдайда аумақтық уәкілетті орган кеме иесiнiң өтiнiшi бойынша оған көрсетiлген куәлiктің телнұсқасын бередi. Кеме куәлiгiнiң телнұсқасын беру мынадай тәртiппен жүргізіледi: 1) осы Ережеге сәйкес кеме куәлiгiнiң телнұсқасын беру үшін қажетті құжаттарды қабылдау, оларды алған кезде аумақтық уәкiлетті органның лауазымды тұлғасы кiрiс құжаттарын есепке алу кiтабына тиiстi жазба енгiзедi. Ұсынылатын құжаттар осы Ереженiң талаптарына сәйкес келмеген кезде өтiнiш берушiге құжаттар қабылдаудан бас тартылады. Өтінiш берушінің талабы бойынша оған құжаттарды қабылдаудан бас тартудың жазбаша дәлелденген растамасы беріледi; 2) осы кемеге мәлiмделіп отырған құқықтар мен тiркелiп қойған құқықтар арасында қайшылықтардың, сондай-ақ мемлекеттік тiркеуден бас тарту немесе тоқтата тұру үшiн негiздеменің жоқтығын анықтау; 3) көрсетiлген қайшылықтар және кеме куәлiгінің телнұсқасын беру үшiн басқа да негiздемелер болмаған кезде кеме куәлiгінің телнұсқасын беруден бас тарту туралы Мемлекеттік кеме тiзілiмiне жазбалар енгізу. Кеме куәлігінің телнұсқасын беру туралы өтінiш 43-тармақтың төртiншi-сегiзiншi абзацтарында көрсетiлген құжаттар қоса берiлген кеме тiзілiмiнiң сауалнамасын қамтуы тиiс."; 56-тармақтағы "Мемлекеттік кеме тiзілiмiн" деген сөздерден кейiн "және жалға алынған шетелдiк кемелердiң тiзілiмiн" деген сөздермен толықтырылсын; 57-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Жалға алынған шетелдiк кемелердің тiзiлiмiне енгiзiлген кеменiң тiркеу нөмiрiне "А" әрпi қосылады."; бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "60. Шағын өлшемдi кеме оған тіркеу нөмiрi берiле отырып, кеме кiтабында мемлекеттік тiркеуге жатады."; екiншi абзацтағы "Мемлекеттік кеме тiзілiмiн" деген сөздер "Кеме кiтабын" деген сөздермен ауыстырылсын; үшіншi абзацтағы "Шағын өлшемдi флот үшiн Мемлекеттік кеме тiзiлiмiн" деген сөздер "Кеме кiтабын" деген сөздермен ауыстырылсын; 67-тармақтың бiрiншi абзацында: "мемлекеттік борттық нөмiр", "борттық нөмiр" деген сөздер "тiркеу нөмiрi" деген сөздермен ауыстырылсын; "билетi" деген сөзден кейiн "(12-қосымша)" деген сөздермен толықтырылсын; 68-тармақтағы "мемлекеттік борттық нөмiрлердi" деген сөздер "тiркеу нөмiрлерiн" деген сөздермен ауыстырылсын; "мемлекеттік борттық нөмiр" деген сөздер "тiркеу нөмiрi" деген сөздермен ауыстырылсын; "билеті" деген сөзден кейiн "(13-қосымша)" деген сөздермен толықтырылсын; "Мемлекеттік кеме тiзiлiмi" деген сөздер "кеме кiтабы" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген Ережеге 8-қосымшада: "Кеме тiзiлiмi" деген сөздер "Мемлекеттік кеме тiзiлiмi" деген сөздермен ауыстырылсын; "Кеме куәлiгі түпнұсқада кемеде сақталады (өз бетiмен жүзбейтiн экипажсыз кемеде - кеме иесiнде)" деген сөздер алынып тасталсын; көрсетiлген Ережеге 9-қосымшада: "және кемеге меншiк құқығын растайды" деген сөздер алынып тасталсын; осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 12-13-қосымшалармен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Үкіметінiң 2005 жылғы 30 наурыздағы № 278 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу ережесіне 12-қосымша
Сыртқы жағы
Сыртқы жағы
Сыртқы жағы
Үкіметінiң 2005 жылғы 30 наурыздағы № 278 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу ережесіне 13-қосымша
Сыртқы жағы
Сыртқы жағы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |