|
|
|
2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Шаруашылық басқармасы) (ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналардың: 5, 6, 6-1-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына 5-қосымша
102 - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қызметiн қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 5636279 мың теңге (бес миллиард алты жүз отыз алты миллион екi жүз жетпiс тоғыз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы; 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексiнiң (Негiзгi бөлiм); "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 21, 22, 23, 24 және 25-баптары; "Сақтандыру қызметi туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4 және 7-баптары; "Ақпараттандыру туралы" 2003 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; "2005 жылға арналған Республикалық бюджет туралы" 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығы; "Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiмiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1282 Жарлығы, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетi және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызмет автомобильдерiн пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентінің Iс Басқармасының бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы туралы" 2000 жылғы 29 қарашадағы N IБ 01/42 Ереже. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген функцияларды барынша тиiмдi орындауға қол жеткізу үшiн Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiмдi қызметiн қамтамасыз ету, өзiнiң лауазымдық міндеттерiн тиiмдi орындау мен кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру үшiн ұсынылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіптік қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білiмдi, шеберлік пен дағдыны жаңарту. Жүктелген функцияларды барынша тиiмдi орындауға қол жеткізу үшiн Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiмдi қызметiн қамтамасыз ету, өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау мен кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру үшiн ұсынылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсiптiк қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдi, шеберлiк пен дағдыны жаңарту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Парламентiн ұстау, Парламент депутаттарының тұруы мен жұмысы үшiн жағдай жасау, Парламенттiң заң шығару қызметінің тиiмдiлiгiн арттыру, басқа елдер Парламенттерiмен және халықаралық ұйымдармен халықаралық байланысты нығайту және кеңейту, Парламенттiң ақпараттық-техникалық базасын жетiлдiру, мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби біліктілігiн арттыру, ақпараттық-есептеу қызметiн сатып алу, әкiмшiлiк ғимараттарды сақтандыру, Парламент депутаттарының қызметтiк тұрғын үйi мен жатақханасы үшiн жиһаз, тұрмыстық техника және басқа да интерьер заттарын сатып алу. ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары. ____________________________________________________________________ іс-шараларын жүргiзу. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 10 жылдығын мерекелеу құрметiне мерейтойлық медальдар мен оларға құжаттар, монеталар, омырауға тағатын белгiлер сатып алу.
3 007 Мемлекет- Бекiтiлген білік- Жыл Қазақстан
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |