|
|
|
2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі) (2005.21.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналардың: 377, 378, 379, 380, 381, 382-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi агенттігінің 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына 377-қосымша
608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi агенттiгі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған "Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 272200 мың теңге (екі жүз жетпiс екi миллион екі жүз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: 2004 жылғы 24 cәуipдeгi Қазақстан Республикасының бюджет кодексi; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы "Ақпараттандыру туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" № 453-1 Заңының 1-30-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтарындағы № 1282 "Санаттар бойынша әкiмшiлiк мемлекеттік қызметшiлердi лауазымдар Тiзiлiмiн бекіту туралы" Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнiң мемлекеттік бюджет және смета бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бірыңғай жүйесi туралы" Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет iстерi жөнiндегі агенттігі мәселелерi" № 280 жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар жүйесiн одан әрi күшейту шаралары туралы" № 29 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 11 қарашадағы "Мемлекеттік қызметшiлердi даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктiлiгiн арттырудың жекелеген мәселелерi" № 1156 Қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 13 қарашадағы "Мемлекеттік қызметшiлердi оқыту тұжырымдамасы" № 1706 Қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Жүктелген iс-қимылдардың барынша тиiмдi орындалуын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөнiндегі агенттiгi орталық аппаратының және олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметiн қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгiнiң орталық аппараты мен оның аумақтық бөлiмшелерiн ұстау. Конкурс арқылы мемлекеттік қызметке біркелкi қол жеткізу, материалдық-техникалық базаны нығайту. Қазақстан Республикасы Президентінің "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшін" жолдауы. ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 ; 2005.21.11. № 1141 қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары. ____________________________________________________________________ 2 001 Орталық Бекiтiлген штат 2005 Қазақстан ликасы Мемлекеттік ғында қызмет істері агенттігiнiң агенттігі оның iшiнде термен жұмыс жөніндегі бөлiмдi аппаратын, 2 факс ұстау. 3 002 Аумақтық Бекiтiлген штат 2005 Қазақстан , оның iшiнде штат саны 84 бірлiк Тәртiптiк кеңес хатшылықтарының қызметiн қамтамасыз ету 4 007 Мемлекеттік Білiктілiктi артты- 2005 Қазақстан 5 009 Мемлекеттік Орталық аппарат 2005 Қазақстан хатшылықтары үшiн: офистік жиһаз- 16 жиынтық, көшiру аппараттары - 16 бірлiк, факсимильдi аппараттар - 16 бірлiк, автомашиналар - 16 бірлiк сатып алу. 6 017 Ақпараттық 32 дана жұмыс 2005 Қазақстан техникасы мен бағдарламашылар қызметтерiн, телекоммуника- циялық қызметтер сатып алу. ____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты тиiмдi жүзеге асыру, мемлекеттік қызметтiң материалдық-техникалық базасын нығайту, мемлекеттік қызметкерлердiң кәсiптiк деңгейiн және мемлекеттік қызметтiң сапасын жоғарылату.
Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына 378-қосымша
608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi агенттiгі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған "Республиканың мемлекеттік қызмет кадрларын ақпараттандыру және тестiлеу жүйесiнiң жұмыс iстеуi" деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 70560 мың теңге (жетпiс миллион бес жүз алпыс мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының бюджет кодексi; Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 1-30-бабы; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы "Ақпараттандыру туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңы; "Әкiмшiлiк мемлекеттік қызметшiлердi аттестациялаудың ережелерi" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылдың 21 қаңтарындағы № 327 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет iстерi жөнiндегі агенттiгiнiң Ақпарат және тестiлеу мемлекеттік мекемесiнiң мәселелерi" 2000 жылғы 12 қаңтардағы № 50 Қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекеттік қызмет кадрларын басқарудың ақпараттық жүйесiн құру және iске қосу, мемлекеттік қызметшiлерге тестілеудi және аттестациялауды өткізу, техникалық қолдау жасау мен жергiлiктi инфрақұрылымдарды сүйемелдеу. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік қызметшiлердiң құрамы мен кадрлық резервi жөніндегі деректердi құру және ұдайы жаңартып отыру, мемлекеттік қызметшiлердi тестiлеудi және аттестациялауды қамтамасыз ету ақпараттардың қорғалуын қамтамасыз ету, ақпараттық Web-сайттың қорғалуын назарда ұстау. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары. ____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет iстері жөніндегі агенттiгiнiң iс-қимылын ақпараттық және техникалық қолдау, мемлекеттік қызметшiлердiң тестілеуден және аттестациялаудан өтуiн қамтамасыз ету, электронды үкiметтің бір құрамы ретiнде мемлекеттік органдардың кадрлық қызметiн бірыңғай ақпараттық ортаға бірiктiру.
Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына 379-қосымша
608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi агенттiгі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған "Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласындағы қолданбалы ғылыми-зерттеулер" деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5000 мың теңге (бес миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексі; Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 3 , 5-бабы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызметшiлердi даярлауды, қайта даярлауды және біліктiлiгiн арттыруды жетiлдiру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 1998 жылғы 18 қыркүйектегi № 4075 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгінiң мәселелерi" 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызметтi өткеру тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" 2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Мемлекеттік қызметшiлердi даярлауды, қайта даярлауды және біліктiлiгiн арттырудың жекелеген мәселелерi" 1998 жылғы 11 қарашадағы № 1156 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Мемлекеттің қызметшiлердi оқыту тұжырымдамасы туралы" 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 Қаулысы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы "Мемлекеттік қызметшiлер болып табылмайтын мемлекеттік мекеме қызметкерлерiнiң еңбекақысын төлеу жүйесi туралы" Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентінің "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" жолдауы, Астана қаласы, 19 наурыз, 2004 жыл.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |