|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 30 қыркүйектегi
ҚР Үкіметінің 2007.06.07. № 574 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі және "Геодезия және картография туралы" 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңдарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзуге және топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi сатуға лицензиялар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 30 қыркүйектегi № 1481 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 41, 479-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбында және 1-тармақта: "сатуға лицензиялар беру ережесін" деген сөздер "сатуды лицензиялауға қойылатын біліктiлiк талаптарын" деген сөздермен ауыстырылсын; "сатуға лицензиялар беру ережесi" деген сөздер "сатуды лицензиялауға қойылатын біліктілiк талаптары" деген сөздермен ауыстырылсын; мемлекеттік тiлдегi мәтiнде "жүргiзуге" деген сөз алынып тасталсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзуге және топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi сатуға лицензиялар беру ережесінде: тақырыбында "сатуға лицензиялар беру ережесi" деген сөздер "сатуды лицензиялауға қойылатын біліктiлiк талаптары" деген сөздермен ауыстырылсын; мемлекеттік тiлдегі мәтiнде "жүргiзуге" деген сөз алынып тасталсын; 1-тармақ және 1, 3, 4-бөлiмдер алынып тасталсын; "Бiлiктiлiк талаптары" деген 2-бөлiмде: тақырыбы алынып тасталсын; "15" және "16" тармақтар "1" және "2" тармақтар болып саналсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |