Лицензиялау туралы (2007.12.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 214-III Заңымен күші жойылды
ҚР 08.10.99 ж. № 471-1 Заңымен бас тақырыбы жаңа редакцияда
1 тарау. Жалпы ережелер (1 - 8 баптар) 2 тарау. Мiндеттi түрде лицензиялауға (9 - 11-1 баптар) жататын қызмет түрлерi 3 тарау. Тауарлар (жұмыс пен қызмет) экспорты (12 - 14 баптар) 4 тарау. Лицензия берудiң шарттары мен тәртібі (15 - 22 баптар) 5 тарау. Лицензиялау туралы заңдарды (23 - 26 баптар) бұзғаны үшiн жауапкершiлiк ҚР 08.10.99 ж. № 471-1 Заңымен кіріспе алып тасталды
2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар 1. Осы Заң лицензиялауға жататын қызметтi немесе белгiлi бiр iс-әрекеттi (операцияларды) мемлекет тарапынан лицензиялауға байланысты қатынастарды реттейдi. 2. Бұл Заң азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың арасында жасалған лицензиялық шарт аясында лицензия беруге байланысты қатынастарды реттемейдi.
2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) біліктiлiк талаптары - белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысу құқығына немесе белгiлi бiр iс-әрекет (операциялар) жасауға үмiткер жеке және заңды тұлғалар сай келуге тиiстi талаптар; 2) лицензиар - лицензияны беретiн, қайта ресiмдейтiн, оның қолданылуын тоқтата тұратын, тоқтататын және жаңғыртатын тиiстi уәкiлеттi мемлекеттік орган; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|