Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар кейбір Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар мынадай Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 Заң күшi бар жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде 1997 жылғы 25 қаңтарда жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Банкроттық туралы" Заң күшi бар Жарлығының күшi жойылды деп тану және Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде 1997 жылғы 9 сәуiрде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" Заң күшi бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы); 10-бапта: 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "7) "Лотереялар (мемлекеттік (ұлттық) лотереялардан басқа) тотализаторлар, казинолар ұйымдастыру және оларды өткізу;"; 24-бапта: 2-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа азатжолмен толықтырылсын: "Тиiстi лицензиясыз лотереялар өткізуден түскен кiрiстер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен алып қоюға және "Жаңа астана" республикалық бюджеттен тыс қорына аударылуға жатады.". Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|