Лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының
Осы редакция 2005 ж. 9 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР 08.10.99 ж. № 471-1 Заңымен бас тақырыбы жаңа редакцияда I тарау. Жалпы ережелер (1 - 8 баптар) II тарау. Мiндеттi түрде лицензиялауға (9 - 11-1 баптар) жататын қызмет түрлерi III тарау. Тауарлар (жұмыс пен қызмет) экспорты (12 - 14 баптар) IV тарау. Лицензия берудiң шарттары мен тәртібі (15 - 22 баптар) V тарау. Лицензиялау туралы заңдарды (23 - 26 баптар) бұзғаны үшiн жауапкершiлiк ҚР 08.10.99 ж. № 471-1 Заңымен кіріспе алып тасталды 2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар 1. Осы Заң лицензиялауға жататын қызметтi немесе белгiлi бiр iс-әрекеттi (операцияларды) мемлекет тарапынан лицензиялауға байланысты қатынастарды реттейдi. 2. Бұл Заң азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың арасында жасалған лицензиялық шарт аясында лицензия беруге байланысты қатынастарды реттемейдi. 2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) біліктiлiк талаптары - белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысу құқығына немесе белгiлi бiр iс-әрекет (операциялар) жасауға үмiткер жеке және заңды тұлғалар сай келуге тиiстi талаптар; 2) лицензиар - лицензияны беретiн, қайта ресiмдейтiн, оның қолданылуын тоқтата тұратын, тоқтататын және жаңғыртатын тиiстi уәкiлеттi мемлекеттік орган; 3) лицензиат - белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысу құқығына немесе белгiлi бiр iс-әрекет (операциялар) жасауға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға; 4) лицензия - жеке немесе заңды тұлғаға белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға немесе белгiлi бiр iс-әрекет (операциялар) жасауға тиiстi уәкiлеттi мемлекеттік орган беретiн рұқсат.
ҚР Президентінің 23.12.95 ж. № 2720 Жарлығымен 3-бап өзгертілді ҚР 02.07.97 ж. № 144-1; 10.07.98 ж. № 283-1; 08.10.99 ж. № 471-1; 2005.15.04. № 45-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 3-бап өзгертілді 3-бап. Лицензиялаудың негiзгi принциптерi 1. Лицензиялар беру лицензияның осы түрi үшiн белгiленген талаптарға сай келетiн барлық адамдар үшiн бiрдей негiздер мен тең шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік кәсiпорындарға басым лицензиялар беру құқығына тыйым салынады, бұған заң актілерімен мемлекеттік монополияға жатқызылған қызмет түрлерi кiрмейдi. 2. Заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын азаматтар (жеке кәсiпкерлер) лицензияны заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен алады. Қазақстан Республикасының Үкіметі шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне лицензия берудiң оңайлатылған тәртібін белгiлеуге хақылы. 3. Бәсекелестiктi шектеу немесе кәсiпкерлердiң қандай да бiр топтарына олардың меншiк нысандарына, ведомстволық мүдделерiне не болмаса орналасқан жерiне қарай артықшылықтар беру мақсатында лицензия беруге тыйым салынады. Лицензия беру монополизмнiң күшеюiне немесе кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiн шектеуге себепшi болмауға тиiс. 4. Лицензиялар иелiктен алынбайды, яғни, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, лицензиат оларды басқа жеке немесе заңды тұлғаларға бере алмайды. 5. Лицензиялар алу осы Заңда лицензиялау көзделген қызмет түрлерiн ғана жүзеге асыру және iс-әрекет (операциялар) түрлерiн ғана атқару үшiн қажет. 6. Қызмет түрлерi бойынша лицензиялық тәртiп енгізу немесе оны жою мемлекеттік қауiпсiздiк, мемлекеттік монополияны iске асыру, құқық тәртібін қамтамасыз ету, айналадағы ортаны, азаматтардың меншiгiн, өмiрi мен денсаулығын қорғау мақсатында осы Заңмен белгiленедi. ҚР Президентінің 31.08.95 ж. № 2447 Жарлығымен 4-бап толықтырылды ҚР 10.07.98 ж. № 283-1; 08.10.99 ж. № 471-1; 05.07.00 ж. № 79-II; 08.05.03 ж. № 411-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 4-бап өзгертілді 4-бап. Лицензиялардың түрлерi Лицензиялар мынадай белгiлерi бойынша ажыратылады: 1. Субъектiлер бойынша: 1) Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына берiлетiндер; 2) шетелдiк заңды тұлғаларға, шетелдiк азаматтарға, азаматтығы жоқ адамдар мен халықаралық ұйымдарға берiлетiндер. 1) бас - қызметтiң белгiлi бiр түрiмен айналысуға, мерзiмiне шек қойылмай, егер олар бірыңғай технологиялық кешенге енетін болса, қызметтің бірнеше түріне бас лицензия беруге жол беріледі; 2) бiр жолғы - рұқсат етiлген көлем, салмақ немесе мөлшер (заттай немесе ақша түрiнде), сондай-ақ капиталдың қозғалысына байланысты, тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсету) үшін 180 күннен артық мерзімге төлемді кейінге қалдыруды не аванстық төлемді көздейтін экспорт-импорттық мәмілелер бойынша жүргізілетін операциялар үшін Қазақстан Республикасының валюталық заңдарында белгіленген мерзім шегiнде белгiлi бiр шаруашылық операциясын жүргiзуге берiлетiндер. 3) операциялық - банк қызметiнде белгiлi бiр операциялар жасауға және валюталық заңдармен белгiленген валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялар берiлетiндер. 4. Қолданылатын аумақтық аясы бойынша: 1) қолданылуы Қазақстан Республикасының белгiлi бiр аумағымен шектелетiн; 2) Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылатын; 3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қолданылатындар. ҚР Президентінің 31.08.95 ж. № 2447 Жарлығымен 5-бап толықтырылды ҚР 08.12.97 ж. № 200-1; 01.07.98 ж. № 259-1; 10.07.98 ж. № 283-1; 2005.15.04. № 45-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 5-бап өзгертілді және толықтырылды 5-бап. Лицензиялауды жүзеге асырушы органдар 1. Өтiнiш берушiге лицензия берудi Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленетiн және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн лицензиарлар жүргiзедi. 1-1. Лицензиялау саласындағы тиiстi уәкiлеттi мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. 2. Белгiлi бiр кәсiпкерлiк қызмет түрiмен айналысуға, мұндай қызметтi жүзеге асыратын субъектiлерге қарамастан заңмен көзделгеннен басқа жағдайларда лицензиялар берудi бiр орган жүргiзедi. 3. Лицензиарларға лицензиялау жөніндегі өкiлеттiктерiн лицензиялау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша тиiстi аумақтық бөлiмшелерге беруге рұқсат етiледi. Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруды мемлекеттік емес ұйымдарға, оның ішінде қоғамдық бiрлестiктерге бергенi үшiн мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
ҚР Президентінің 31.08.95 ж. № 2447 Жарлығымен 6-бап толықтырылды ҚР 08.12.97 ж. № 200-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 05.07.00 № 79-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 07.07.04 ж. № 577-II; 2005.15.04. № 45-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 6-бап өзгертілді және толықтырылды 6-бап. Лицензиялардың нысандары Лицензиялардың берiлетiндерiнiң нысандарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жасауға арналған лицензияның нысандарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi. Осы Заңның 11-бабының 1), 2-1), 3) - 5) тармақшаларында көзделген, қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi. 08.10.99 ж. № 471-1; 2005.15.04. № 45-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 7-бап өзгертілді 7-бап. Лицензия және басқа да құқық белгiлеушi құжаттар 1. Қандай да бiр қызметтi немесе белгiлi бiр iс-әрекеттi (операцияларды) жүзеге асыру үшiн лицензиядан басқа өзге де рұқсат алу талап етiлетiн болса (жер учаскесiн бөлiп беру және басқалар), мұндай рұқсаттар лицензия алғаннан кейiн берiледi. Лицензия болмаған жағдайда рұқсат жарамсыз деп есептеледi. 2. Лицензиялау талап етiлетiн қызметтi жүзеге асыруға лицензия болған жағдайда ғана рұқсат етiледi. 3. Лицензия болмаған жағдайда жасалған мәмiлелер жарамсыз деп есептеледi. Егер лицензия алу талабы мәмiле жасалғаннан кейiн қойылса, заңда басқадай көзделмегендiктен бұл мәмiленiң күшi сақталады. Лицензияның қолданылуын мерзiмiнен бұрын тоқтату немесе қайсыбiр өнiмдi белгiлi бiр мемлекеттерге шығаруға эмбарго (тыйым) салу, егер заңдарда басқадай көзделмесе, осыған дейiн жасалған мәмiлелерге қолданылмайды. 8-бап. Шетелдiк заңды немесе жеке тұлғаларға берiлетiн лицензиялар Шетелдiк заңды немесе жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар лицензияны, егер заң актілерінде басқадай көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына қойылатын шарттар бойынша және нақ сондай тәртiппен алады. II тарау. Мiндеттi түрде лицензиялауға жататын қызмет түрлерi ҚР Президентінің 23.12.95 ж. № 2720; 20.07.95 ж. № 2375; 20.07.95 ж. № 2370 Жарлықтарымен 9-бап өзгертілді; ҚР 10.06.96 ж. № 5-1; 21.01.97 ж. № 68-1; 07.04.97 ж. № 89-1; 13.06.97 ж. № 121-1; 11.07.97 ж. № 154-1; ҚР 09.07.98 ж. № 277-1; 09.07.98 ж. № 280-1; 10.07.98 ж. № 283-1; 09.12.98 ж. № 307-1; 30.12.98 ж. № 343-1; 16.07.99 ж. № 430-1; 08.10.99 ж. № 471-1; 29.11.99 ж. № 488-1; 05.07.00 ж. № 79-1; 15.01.01 ж. № 141-1; 13.06.01 ж. № 212-1; 15.12.01 ж. № 272-1; 17.01.02 ж. № 285-II; 10.07.02 ж. № 342-II; 07.04.03 ж. № 403-II; 08.05.03 ж. № 410-II (бұр. ред. қара); 04.06.03 ж. № 429-II; 01.07.03 ж. № 449-II; 13.01.04 ж. № 523-II (бұр. ред. қара); 10.03.04 ж. № 534-II ; 06.05.04 ж. № 550-II (бұр. ред. қара); 05.07.04 ж. № 568-II (бұр. ред. қара); 09.07.04 ж. № 584-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 45-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 9-бап өзгертілді және толықтырылды 9-бап. Аса қауiптi объектiлерге байланысты және (немесе) ерекше маңызды мемлекеттік мәнi бар қызметтi лицензиялау 1. Кәсiпкерлiк қызметтiң мынадай түрлерi үшiн лицензияның болуы талап етiледi: 1) егер олар басқа салаларда пайдаланылмайтын болса, қару-жарақ пен оның оқ-дәрiсiн, ақпарат қорғаудың криптографиялық құралдарын, арнайы жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды, әскери техниканы, босалқы бөлшектердi, оларды құрастыратын элементтер мен приборларды, сондай-ақ монтажды, ретке келтіруді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу және сату; 2) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру және сату; 3) 4) ғарыш кеңiстiгiн пайдалану жөніндегі барлық қызмет түрлерi, оның iшiнде ракета-ғарыш техникасын жасау, өндiру, пайдалану, жөндеу мен жетiлдiру, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн жер үстi инфрақұрылымдары (полигон, командалық-өлшеу кешенi, стендiлiк база және басқалар) пайдалану; 5) байланыс саласында телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнінде қызметтер жасау және көрсету, жалпы республикалық магистральдық, халықаралық байланыс жолдарын жобалау, салу, байланыс желілері мен жолдарын техникалық пайдалану; 6) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес атом энергиясын пайдалануға байланысты барлық қызмет түрлерi; 7) құрамында оларды арнайы қорғану құралдарын қолданбай-ақ пайдалануға жол берiлетiн нормадан артық мөлшерде радиоактивтiк заттар болатын өнiмдi дайындау және сату; 8) электр және жылу қуаттарын өндiру, беру және бөлу; 9) 10) босаған әскери-техникалық құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және ұқсату; 11) жарылу-өртену қаупi бар және тау-кен өнеркәсiбi өндiрiстерiн, электр станцияларын электр желілері мен көмекші станцияларын, гидротехникалық құрылыстарды, магистральды газ-мұнай өнiмдерi құбырларын, көтергiш құрылғыларды, сондай-ақ қысым күшiмен жұмыс iстейтiн қазандықтар, сауыттар мен өткiзгiш құбырларды жобалау және пайдалану. Өндiрiстердiң, жабдықтардың, объектiлердiң, жұмыстардың (қызметтердiң) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi; 12) химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiгi, геологиялық барлау, кен-шахта металлургиялық, энергетикалық жабдықтарын, жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтарды, бақылау, аварияға қарсы қорғау және белгi беру аппаратуралары мен жүйелерiн, көтергiш құрылғыларды, сондай-ақ қысым күшiмен жұмыс iстейтiн қазандықтарды, сауыттар мен өткiзгiш құбырларды және мұнай мен газ бұрғылау жұмыстарын жобалау, дайындау, монтаждау және жөндеу; 12-1) мұнай өнiмдерiн өндiру; 13) 14) азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын суық қаруды, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданатын бұйымдарды, сондай-ақ химиялық өзін-өзі қорғау құралдарын жасау, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау; 15) тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектiлерге газ жүргiзу, жөндеу және құрылыс жұмыстары; 16) күзет, өрт белгiсiн беру құралдары мен өртке қарсы автоматиканы жобалау, монтаждау, ретке келтiру және техникалық күтiм жасау, өртке қарсы техниканы, жабдықтарды және өрттен қорғану құралдарын өндіру; 17) жолаушылар лифтiлерiн монтаждау, жөндеу және оларға күтiм жасау; 18) 2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен алып тасталды 19) рентген жабдығын, радиоактивтi заттар мен изотоптар пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру және сату; 20) жолаушыларды және жүктердi темір жол, өзен, теңiз, әуе көлiгiмен тасымалдау; жолаушыларды және жүктердi автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдау; қауiптi жүктердi барлық көлiк түрлерiмен тасымалдау; авиациялық жұмыстар; 21) 22) 2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен алып тасталды 23) 24) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын техникалық жағынан қорғау, соның iшiнде ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын, ақпаратты өңдеудiң қорғалған техникалық құралдарын әзiрлеу, дайындау, монтаждау, ретке келтiру, пайдалану, сақтау, жөндеу және оларға сервистiк күтiм жасау жөніндегі қызметтiң барлық түрлерi; 25) 26) жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргiзу; 27) 28) фармацевтикалық қызмет: дәрілік заттарды өндіру, дайындау, оларды көтерме, бөлшек саудада сату; 29) минералдық шикiзатты өңдеу (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өңдеудi қоспағанда); 30) жобалау-iздестiру, сарапшылық, құрылыс-монтаж жұмыстары, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндiру жөніндегі жұмыстар. 31) өлшем құралдарын өндіру және жөндеу; 32) этил спиртiн және алкоголь өнiмiн өндiру, сондай-ақ алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау, көтерме және бөлшек саудада сату; 33) 34) жекелеген кеден режимдерi шеңберiнде, Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет, сондай-ақ кеден қызметтерiн көрсету. 35) 2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен алып тасталды 36) шетел жұмыс күшiн тарту, сондай-ақ жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шет елдерге шығаруға байланысты қызмет; 37) заңды тұлғалардың түстi және қара металл қалдықтары мен сынықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, ұқсатуы және өткізуi; 38) сот-сараптама қызметi; 39) 40) 41) 42) археология және тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қалпына келтiру жұмыстары. 43) есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымымен байланысты қызмет: әзiрлеу, өндiру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою; құрамында есiрткi және психотроптық заттар бар өсiмдiктер мен шөптердi өсiру, жинау, дайындау; 44) электр энергиясын қайта сату мақсатында сатып алу; 45) астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту; 45-1) шиттi мақтаны талшықты мақтаға бастапқы өңдеу; 46) туроператорлық, турагенттік қызмет, туризм нұсқаушысының қызметтер көрсетуі; 47) темір жолдың жылжымалы құрамын жасау және жөндеу; қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын арнайы контейнерлерді жасау және жөндеу; 48) жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен байланысты қызмет: жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу, пайдалану; 49) iздестiру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстар; 50) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша оларды өндiру, өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою; 51) банкроттық процедураларында төлем қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөніндегі қызмет; 52) кемелерге, жолаушылар мен жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңіз және өзен порттарының қызметі; 53) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызмет; 53-1) тiркеу сынақтарына, өндiрiстiк сынақтарға және ғылыми зерттеулерге арналған тәжiрибелiк үлгiлердi қоспағанда, пестицидтердi (улы химикаттарды) және оларды өндiруге арналған бастапқы компоненттердi әкелу; 54) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерді дайындау; 55) мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау; 56) арнайы су пайдалану, соның ішінде: а) ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, энергетика, балық өсіру және көлік қажеттері үшін тәулігіне елу текше метрден жоғары көлемде жер үсті су объектілерінен су алу және пайдалану; б) жер үсті су объектілерінен кейінгі су пайдаланушыға су алу және беру. 57) темекi өнiмдерiн өндiру; 58) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерi; 59) экологиялық аудиторлық қызмет; 60) экологиялық сараптама саласындағы табиғат қорғауды жобалау, нормалау және табиғат қорғау жұмыстары. 2. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру және оның айналымы жөніндегі қызметтi лицензиялаудың ерекшелiктерi арнайы заңдармен белгiленедi.
ҚР Президентінің 23.12.95 ж. № 2720 Жарлығымен 10-бап өзгертілді; ҚР 07.04.97 № 89-I; 09.06.97 ж. № 116-1; 10.07.98 ж. № 283-1; 09.12.98 ж. № 307-1; 05.07.00 ж. № 79-II; 11.06.01 ж. № 207-II; 07.01.03 ж. № 371-II; 04.07.03 ж. № 470-II; 06.07.04 ж. № 572-II; 2005.15.04. № 45-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 10-бап өзгертілді 10-бап. Азаматтарға және заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге байланысты қызметтi лицензиялау Азаматтарға және заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге байланысты мынадай қызмет түрлерi лицензиялауға жатады: 1) жалпы бастауыш, жалпы негiзгi немесе жалпы орта білім; кәсiптiк бастауыш білім, оның iшiнде кәсiптер бойынша; кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім, оның iшiнде мамандықтар бойынша білім беретiн заңды тұлғалардың білім беру қызметі, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың қызметi; 1-1) білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету бойынша; 2) медициналық, дәрiгерлiк қызметпен айналысу; 2-1) ветеринария саласындағы қызмет: ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiру және өткізу; ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды өткізу; жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарға ветеринариялық-санитарлық сараптама жүргiзу; ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызмет; 3) мемлекеттік емес субъектiлердiң iз кесу (детективтiк) қызметiне байланысты заң қызметiн көрсетуi; 4) адвокаттық қызмет; 5) 2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен алып тасталды 6) нотариаттық қызмет; 6-1) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру жөніндегі, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растау жөніндегі қызмет; 7) лотереялар (мемлекеттік (ұлттық) лотереядан басқа) ұйымдастыру және оларды өткізу; 7-1) ойын бизнесi саласындағы қызмет; 8) 9) 10) мүлiктi бағалау жөніндегі қызмет; 10-1) заңды және жеке тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруы. 10-2) 2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен алып тасталды 11) кредиттік бюроның қызметі.
ҚР Президентінің 1995.08.31. № 2447 Жарлығымен 11-бап жаңа редакцияда; ҚР 19.06.97 ж. № 134-I; 10.07.98 ж № 282-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 05.07.00 ж. № 79-II; 18.12.00 ж. № 128-II; 02.03.01 ж. № 162-II; 04.07.03 ж. № 466-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) 07.07.04 ж. № 577-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 11-бап өзгертілді 11-бап. Қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi лицензиялау Қаржы қызметi мен қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтiң мынадай түрлерi мiндеттi түрде лицензиялауға жатады; 1) банк операцияларын, сондай-ақ банк заңдарына сәйкес банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын өзге де операцияларды жүзеге асыру, клирингтiк және есеп айырысу ұйымдарының қызметi, банк қызметiне аудит. 2) аудиторлық қызмет; 2-1) жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитi; 3) "өмiрдi сақтандыру" саласындағы және "жалпы сақтандыру" саласындағы қызмет, қайта сақтандыру жөніндегі қызмет, сақтандыру брокерлерiнiң қызметi, сақтандыру рыногындағы актуарийлiк қызмет, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аудитi. 4) бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызмет, бағалы қағаздармен сауда ұйымдастырушылардың қызметi; 5) зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызмет; ҚР 07.07.04 ж. № 577-II Заңымен 6-тармақша алып тасталды (бұр. ред.қара) ҚР 07.07.04 ж. № 577-II Заңымен 7-тармақша алып тасталды (бұр. ред.қара) ҚР 07.07.04 ж. № 577-II Заңымен 8-тармақша алып тасталды (бұр. ред.қара) ҚР 05.07.00 ж. № 79-II Заңымен тарау жаңа 11-1-баппен толықтырылды; ҚР 08.05.03 ж. № 411-II Заңымен 11-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 11-1-бап. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды лицензиялау Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялардың мынадай түрлері лицензиялауға жатады: 1) бөлшек сауда-саттықты жүзеге асыру және қолма-қол шетел валютасына қызмет көрсету; 2) өздері тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша тиісті құқығы бар шетелдік банктерде, өзге де қаржы институттарында резиденттердің: банктер; Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) кіретін, рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингін алған елдердің шетелдік банктерінде резидент жеке тұлғалар, сондай-ақ жұмыс, оқу, емделу немесе демалу мақсатымен уақытша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүрген адамдар ашатын шоттарды қоспағанда, шоттар (Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ашылған шоттарды қоса алғанда) ашуы; 3) резиденттердің: банктердің дилерлік қызметін; Қазақстан Республикасының валюталық және банктік заңдарында белгіленген талаптарға сай келетін резидент еместердің бағалы қағаздарына инвестицияларды; Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) кіретін елдердің және (немесе) Қазақстан Республикасы инвестицияларды өзара ынталандыру және қорғау туралы халықаралық шарттар жасасқан және оларды бекіткен елдердің заңды тұлғаларының жарғылық капиталына инвестицияларды, нәтижесінде инвестицияларды жүзеге асыратын резидентке инвестиция жұмсалатын объектінің дауыс беретін акцияларының елу және одан көп проценті (қатысушылар дауысының елу және одан көп проценті) тиесілі болатын инвестицияларды қоспағанда, шет елдерге инвестициялары; 4) жылжымайтын заттарға теңестірілген мүлікті қоспағанда, мүліктік құқықтарды жылжымайтын мүлікке ауыстыруды көздейтін мәмілелер ақысын төлеу үшін резиденттердің резидент еместер пайдасына аударымдары; 5) 180 күннен артық мерзімге тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсету) үшін, сондай-ақ тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсету) экспорты күнінен бастап резиденттердің тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсету) экспортының төлемақысы ретінде валюталық түсім алу мерзімін 180 күннен асырып жібергені үшін аванстық төлемді көздейтін импорттық мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін резиденттердің резидент еместердің пайдасына аударымдары; 6) егер тауар экспортталған күн мен экспорттық түсімді алу арасындағы мерзім 365 күннен асып кетсе, резиденттердің резидент еместерден тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін жекелеген тауарлар экспорты бойынша төлемдер алуы; 7) резиденттердің (банктерден басқа) резидент еместерге 180 күннен астам мерзімге кредиттер беруі; 8) резиденттің резидент еместен кредит ретінде алатын шетел валютасын, Қазақстан Республикасының валюта заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғалардың шоттарына есептеу; 9) резиденттің резидент емеске валюталық құндылықтарды сенімгерлік басқаруға беруі. Рейтингтік агенттіктердің тізбесін және талап етілетін ең төменгі рейтингті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді. Қазақстан Республикасының валюта заңдарында лицензиялауға жататын валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялардың ең төменгі сомасы белгіленуі мүмкін. |