Лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының Осы редакция 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 45-III Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара ҚР 08.10.99 ж. № 471-1 Заңымен бас тақырыбы жаңа редакцияда I тарау. Жалпы ережелер (1 - 8 баптар) II тарау. Мiндеттi түрде лицензиялауға (9 - 11-1 баптар) жататын қызмет түрлерi III тарау. Тауарлар (жұмыс пен қызмет) экспорты (12 - 14 баптар) IV тарау. Лицензия берудiң шарттары мен тәртібі (15 - 22 баптар) V тарау. Лицензиялау туралы заңдарды (23 - 26 баптар) бұзғаны үшiн жауапкершiлiк ҚР 08.10.99 ж. № 471-1 Заңымен кіріспе алып тасталды 1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар 1. Осы Заң лицензиялауға жататын қызметтi немесе белгiлi бiр iс-әрекеттi мемлекет тарапынан лицензиялауға байланысты қатынастарды реттейдi. 2. Бұл Заң азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың арасында жасалған лицензиялық шарт аясында лицензия беруге байланысты қатынастарды реттемейдi. Азаматқа немесе заңды тұлғаға белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға немесе белгiлi бiр iс-әрекет жасауға құзырлы мемлекеттік орган беретiн рұқсат лицензия деп ұғылады. ҚР Президентінің 23.12.95 ж. № 2720 Жарлығымен 3-бап өзгертілді ҚР 02.07.97 ж. № 144-1; 10.07.98 ж. № 283-1; 08.10.99 ж. № 471-1 Заңдарымен 3-бап өзгертілді 3-бап. Лицензиялаудың негiзгi принциптерi 1. Лицензиялар беру лицензияның осы түрi үшiн белгiленген талаптарға сай келетiн барлық адамдар үшiн бiрдей негiздер мен тең шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік кәсiпорындарға басым лицензиялар беру құқығына тыйым салынады, бұған заң актілерімен мемлекеттік монополияға жатқызылған қызмет түрлерi кiрмейдi. 2. Заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын азаматтар (жеке кәсiпкерлер) лицензияны заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен алады. Қазақстан Республикасының Үкіметі шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне лицензия берудiң оңайлатылған тәртібін белгiлеуге хақылы. 3. Бәсекелестiктi шектеу немесе кәсiпкерлердiң қандай да бiр топтарына олардың меншiк нысандарына, ведомстволық мүдделерiне не болмаса орналасқан жерiне қарай артықшылықтар беру мақсатында лицензия беруге тыйым салынады. Лицензия беру монополизмнiң күшеюiне немесе кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiн шектеуге себепшi болмауға тиiс. 4. Лицензиялар иелiктен алынбайды, яғни, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, лицензиат оларды басқа жеке немесе заңды тұлғаларға бере алмайды. 5. Лицензиялар алу осы Заңда лицензиялау көзделген қызмет түрлерiн ғана жүзеге асыру және iс-әрекет түрлерiн ғана атқару үшiн қажет. 6. Қызмет түрлерi бойынша лицензиялық тәртiп енгізу немесе оны жою осы Заңмен белгiленедi және мемлекеттік қауiпсiздiк, мемлекеттік монополияны iске асыру, құқық тәртібін қамтамасыз ету, айналадағы ортаны, азаматтардың меншiгiн, өмiрi мен денсаулығын қорғау тұрғысынан орын алуы мүмкiн. ҚР Президентінің 31.08.95 ж. № 2447 Жарлығымен 4-бап толықтырылды ҚР 10.07.98 ж. № 283-1; 08.10.99 ж. № 471-1; 05.07.00 ж. № 79-II; 08.05.03 ж. № 411-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 4-бап өзгертілді 4-бап. Лицензиялардың түрлерi Лицензиялар мынадай белгiлерi бойынша ажыратылады: 1. Субъектiлер бойынша: 1) Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына берiлетiндер; 2) шетелдiк заңды тұлғаларға, шетелдiк азаматтарға, азаматтығы жоқ адамдар мен халықаралық ұйымдарға берiлетiндер. 1) бас - қызметтiң белгiлi бiр түрiмен айналысуға, мерзiмiне шек қойылмай, егер олар бірыңғай технологиялық кешенге енетін болса, қызметтің бірнеше түріне бас лицензия беруге жол беріледі; 2) бiр жолғы - рұқсат етiлген көлем, салмақ немесе мөлшер (заттай немесе ақша түрiнде), сондай-ақ капиталдың қозғалысына байланысты, тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсету) үшін 180 күннен артық мерзімге төлемді кейінге қалдыруды не аванстық төлемді көздейтін экспорт-импорттық мәмілелер бойынша жүргізілетін операциялар үшін Қазақстан Республикасының валюталық заңдарында белгіленген мерзім шегiнде белгiлi бiр шаруашылық операциясын жүргiзуге берiлетiндер. 3) операциялық - банк қызметiнде белгiлi бiр операциялар жасауға және валюталық заңдармен белгiленген валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялар берiлетiндер. 4. Қолданылатын аумақтық аясы бойынша: 1) қолданылуы Қазақстан Республикасының белгiлi бiр аумағымен шектелетiн; 2) Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылатын; 3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қолданылатындар. ҚР Президентінің 31.08.95 ж. № 2447 Жарлығымен 5-бап толықтырылды ҚР 08.12.97 ж. № 200-1; 01.07.98 ж. № 259-1; 10.07.98 ж. № 283-1 Заңдарымен 5-бап өзгертілді және толықтырылды 5-бап. Лицензиялауды жүзеге асырушы органдар 1. Лицензия алушыға (лицензиатқа) лицензия берудi Қазақстан Республикасының заң актілері мен Үкіметі белгiлеген мемлекеттік органдар (лицензиарлар) жүргiзедi. 2. Белгiлi бiр кәсiпкерлiк қызмет түрiмен айналысуға, мұндай қызметтi жүзеге асыратын субъектiлерге қарамастан заңмен көзделгеннен басқа жағдайларда лицензиялар берудi бiр орган жүргiзедi. 3. Мемлекеттік органдарға (лицензиарларға) лицензиялау жөніндегі өкiлеттiктерiн тиiстi аумақтық бөлiмшелерге беруге рұқсат етiледi. Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруды мемлекеттік емес ұйымдарға, соның iшiнде қоғамдық бiрлестiктерге бергенi үшiн мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары заңдарда белгiленгендей жауапты болады. ҚР Президентінің 31.08.95 ж. № 2447 Жарлығымен 6-бап толықтырылды ҚР 08.12.97 ж. № 200-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 05.07.00 № 79-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 07.07.04 ж. № 577-II Заңдарымен 6-бап өзгертілді және толықтырылды 6-бап. Лицензиялардың нысандары Лицензиялардың берiлетiндерiнiң нысандарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жасауға арналған лицензияның нысандарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi. Осы Заңның 11-бабының 1), 2-1), 3) - 5) тармақшаларында көзделген, қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi. ҚР 08.10.99 ж. № 471-1 Заңымен 7-бап өзгертілді 7-бап. Лицензия және басқа да құқық белгiлеушi құжаттар 1. Қандай да бiр қызметтi немесе белгiлi бiр iс-әрекеттi жүзеге асыру үшiн лицензиядан басқа өзге де рұқсат алу талап етiлетiн болса (жер учаскесiн бөлiп беру және басқалар), мұндай рұқсаттар лицензия алғаннан кейiн берiледi. Лицензия болмаған жағдайда рұқсат жарамсыз деп есептеледi. 2. Лицензиялау талап етiлетiн қызметтi жүзеге асыруға лицензия болған жағдайда ғана рұқсат етiледi. 3. Лицензия болмаған жағдайда жасалған мәмiлелер жарамсыз деп есептеледi. Егер лицензия алу талабы мәмiле жасалғаннан кейiн қойылса, заңда басқадай көзделмегендiктен бұл мәмiленiң күшi сақталады. Лицензияның қолданылуын мерзiмiнен бұрын тоқтату немесе қайсыбiр өнiмдi белгiлi бiр мемлекеттерге шығаруға эмбарго (тыйым) салу, егер заңдарда басқадай көзделмесе, осыған дейiн жасалған мәмiлелерге қолданылмайды. 8-бап. Шетелдiк заңды немесе жеке тұлғаларға берiлетiн лицензиялар Шетелдiк заңды немесе жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар лицензияны, егер заң актілерінде басқадай көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына қойылатын шарттар бойынша және нақ сондай тәртiппен алады. II тарау. Мiндеттi түрде лицензиялауға жататын қызмет түрлерi ҚР Президентінің 23.12.95 ж. № 2720; 20.07.95 ж. № 2375; 20.07.95 ж. № 2370 Жарлықтарымен 9-бап өзгертілді; ҚР 10.06.96 ж. № 5-1; 21.01.97 ж. № 68-1; 07.04.97 ж. № 89-1; 13.06.97 ж. № 121-1; 11.07.97 ж. № 154-1; ҚР 09.07.98 ж. № 277-1; 09.07.98 ж. № 280-1; 10.07.98 ж. № 283-1; 09.12.98 ж. № 307-1; 30.12.98 ж. № 343-1; 16.07.99 ж. № 430-1; 08.10.99 ж. № 471-1; 29.11.99 ж. № 488-1; 05.07.00 ж. № 79-1; 15.01.01 ж. № 141-1; 13.06.01 ж. № 212-1; 15.12.01 ж. № 272-1; 17.01.02 ж. № 285-II; 10.07.02 ж. № 342-II; 07.04.03 ж. № 403-II; 08.05.03 ж. № 410-II (бұр. ред. қара); 04.06.03 ж. № 429-II; 01.07.03 ж. № 449-II; 13.01.04 ж. № 523-II (бұр. ред. қара); 10.03.04 ж. № 534-II ; 06.05.04 ж. № 550-II (бұр. ред. қара); 05.07.04 ж. № 568-II (бұр. ред. қара); 09.07.04 ж. № 584-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 9-бап өзгертілді және толықтырылды 9-бап. Аса қауiптi объектiлерге байланысты және (немесе) ерекше маңызды мемлекеттік мәнi бар қызметтi лицензиялау 1. Кәсiпкерлiк қызметтiң мынадай түрлерi үшiн лицензияның болуы талап етiледi: 1) егер олар басқа салаларда пайдаланылмайтын болса, қару-жарақ пен оның оқ-дәрiсiн, ақпарат қорғаудың криптографиялық құралдарын, арнайы жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды, әскери техниканы, босалқы бөлшектердi, оларды құрастыратын элементтер мен приборларды, сондай-ақ монтажды, ретке келтіруді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу және сату; 2) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру және сату; 3) 4) ғарыш кеңiстiгiн пайдалану жөніндегі барлық қызмет түрлерi, оның iшiнде ракета-ғарыш техникасын жасау, өндiру, пайдалану, жөндеу мен жетiлдiру, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн жер үстi инфрақұрылымдары (полигон, командалық-өлшеу кешенi, стендiлiк база және басқалар) пайдалану; 5) байланыс саласында телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнінде қызметтер жасау және көрсету, жалпы республикалық магистральдық, халықаралық байланыс жолдарын жобалау, салу, байланыс желілері мен жолдарын техникалық пайдалану; 6) атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет түрлерi, соның iшiнде: а) атом энергиясын пайдалану объектiлерiн орналастыру, жобалау, салу, пайдалануға беру, пайдалану, қайта құру, консервациялау және пайдаланудан шығару; б) радиоактивтiк қалдықтарымен жұмыс iстеу; в) ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау; г) ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi бақылау жөніндегі қызметтер; д) радиоэкологиялық зерттеулер мен радиациялық сауықтыру жөнiнде жұмыстар жүргiзу; е) ядролық жарылыстар өткiзiлетiн орындардағы қызметтiң барлық түрлерi; ж) ядролық материалдар мен радиоактивтi заттарды Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде тасымалдау (транзиттiк тасымалдауды қоса); з) атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметке арнап қызметкерлер, мамандар даярлау және оларды аттестаттау; 7) құрамында оларды арнайы қорғану құралдарын қолданбай-ақ пайдалануға жол берiлетiн нормадан артық мөлшерде радиоактивтiк заттар болатын өнiмдi дайындау және сату; 8) электр және жылу қуаттарын өндiру, беру және бөлу; 9) 10) босаған әскери-техникалық құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және ұқсату; 11) жарылу-өртену қаупi бар және тау-кен өнеркәсiбi өндiрiстерiн, электр станцияларын электр желілері мен көмекші станцияларын, гидротехникалық құрылыстарды, магистральды газ-мұнай өнiмдерi құбырларын, көтергiш құрылғыларды, сондай-ақ қысым күшiмен жұмыс iстейтiн қазандықтар, сауыттар мен өткiзгiш құбырларды жобалау, салу және пайдалану; 12) химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiгi, геологиялық барлау, кен-шахта металлургиялық, энергетикалық жабдықтарын, жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтарды, бақылау, аварияға қарсы қорғау және белгi беру аппаратуралары мен жүйелерiн, көтергiш құрылғыларды, сондай-ақ қысым күшiмен жұмыс iстейтiн қазандықтарды, сауыттар мен өткiзгiш құбырларды және мұнай мен газ бұрғылау жұмыстарын жобалау, дайындау, монтаждау және жөндеу; 12-1) мұнай өнiмдерiн өндiру; 13) 14) азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын суық қаруды, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданатын бұйымдарды, сондай-ақ химиялық өзін-өзі қорғау құралдарын жасау, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау; 15) тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектiлерге газ жүргiзу, жөндеу және құрылыс жұмыстары; 16) күзет, өрт белгiсiн беру құралдары мен өртке қарсы автоматиканы жобалау, монтаждау, ретке келтiру және техникалық күтiм жасау, өртке қарсы техниканы, жабдықтарды және өрттен қорғану құралдарын өндіру мен сату; 17) жолаушылар лифтiлерiн монтаждау, жөндеу және оларға күтiм жасау; 18) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын дайындау, өндiру, өңдеу және көтерме өткізу, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен қызметтер түрлерi; 19) рентген жабдығын, радиоактивтi заттар мен изотоптар пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру және сату; 20) жолаушыларды және жүктердi темір жол, өзен, теңiз, әуе көлiгiмен тасымалдау; жолаушыларды және жүктердi автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдау; қауiптi жүктердi барлық көлiк түрлерiмен тасымалдау; авиациялық жұмыстар; 21) 22) авиация техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі қызметтер; әуежай қызметi, соның iшiнде: а) азаматтық әуе кемелерiн, жолаушыларды қабылдау, шығару және оларға қызмет көрсету, багажды, жүктi, почтаны өңдеу, оларды тексерiп қарау және бақылау; б) аэродром, әуежай, аэронавигация объектiлерiн ұстау, жөндеу және пайдалану; в) әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметi, бақыланатын аймақта бақылау-өткізу режимiн қамтамасыз ету және өртке қарсы қызметтi қамтамасыз ету; г) азаматтық әуе кемелерінің ұшуын Жарық түсiру-техникалық қамтамасыз ету және әуежай, аэродром, аэронавигация объектілерін энергиямен жабдықтау; д) азаматтық әуе кемелерiн, әуежай объектiлерi мен қызметтерiн жанар-жағармай материалдарымен және арнаулы сұйықтықтармен қамтамасыз ету, олардың сапасын бақылау; е) азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларға және басқа тұтынушыларға арнаулы автокөлiк құралдарын беру; ж) әуежайлар мен азаматтық әуе кемелерiнде жолаушылар мен экипаждарды тағаммен қамтамасыз ету; з) жолаушыларға, экипаждарға, халыққа азаматтық авиация саласындағы қажеттi деректер жөнiнде ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету. 23) 24) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын техникалық жағынан қорғау, соның iшiнде ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын, ақпаратты өңдеудiң қорғалған техникалық құралдарын әзiрлеу, дайындау, монтаждау, ретке келтiру, пайдалану, сақтау, жөндеу және оларға сервистiк күтiм жасау жөніндегі қызметтiң барлық түрлерi; 25) 26) жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргiзу мен топография-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi сату; 27) 28) фармацевтикалық қызмет: дәрілік заттарды өндіру, дайындау, оларды көтерме, бөлшек саудада сату; 29) минералдық шикiзатты ұқсату; 30) жобалау-iздестiру, сарапшылық, құрылыс-монтаж жұмыстары, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндiру жөніндегі жұмыстар. 31) өлшем құралдарын тексеру, өндіру және жөндеу; 32) этил спиртiн және алкоголь өнiмiн өндiру, этил спиртiн сақтау және сату, сондай-ақ алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау, көтерме және бөлшек саудада сату; 33) 34) жекелеген кеден режимдерi шеңберiнде, Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет, сондай-ақ кеден қызметтерiн көрсету. 35) бағалы қағаздар бланкiлерiн жасау, сондай-ақ гербтi қағаздар, чек кiтапшаларының бланкiлерi және депозиттiк сертификаттар; 36) шетел жұмыс күшiн тарту, сондай-ақ жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шет елдерге шығаруға байланысты қызмет; 37) заңды тұлғалардың түстi және қара металл қалдықтары мен сынықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, ұқсатуы және өткізуi; 38) сот-сараптама қызметi; 39) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмiздерiн бейнелейтiн Конституцияда айқындалған материалдық-бейнелеу заттарының өндiрiсi; 40) 41) 42) археология және тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қалпына келтiру жұмыстары. 43) есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымымен байланысты қызмет: әзiрлеу, өндiру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою; құрамында есiрткi және психотроптық заттар бар өсiмдiктер мен шөптердi өсiру, жинау, дайындау; 44) электр энергиясын қайта сату мақсатында сатып алу; 45) астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту; 46) туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызмет, туризм нұсқаушысының қызметтер көрсетуі; 47) темір жолдың жылжымалы составын, қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын арнайы контейнерлердi дайындау және жөндеу; 48) жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану; 49) iздестiру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстар; 50) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша оларды өндiру, өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою; 51) банкроттық процедураларында төлем қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөніндегі қызмет; 52) кемелерге, жолаушылар мен жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңіз және өзен порттарының қызметі; 53) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызмет; 53-1) тiркеу сынақтарына, өндiрiстiк сынақтарға және ғылыми зерттеулерге арналған тәжiрибелiк үлгiлердi қоспағанда, пестицидтердi (улы химикаттарды) және оларды өндiруге арналған бастапқы компоненттердi әкелу; 54) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерді дайындау; 55) мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау; 56) арнайы су пайдалану, соның ішінде: а) ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, энергетика, балық өсіру және көлік қажеттері үшін тәулігіне елу текше метрден жоғары көлемде жер үсті су объектілерінен су алу және пайдалану; б) жер үсті су объектілерінен кейінгі су пайдаланушыға су алу және беру. 57) темекi өнiмдерiн өндiру. 2. Табиғи ресурстарды пайдалану мен айналадағы ортаны қорғау, сондай-ақ этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру және оның айналымы жөніндегі қызметтi лицензиялау жөніндегі қызметтi лицензиялаудың ерекшелiктерi арнайы заңдармен белгiленедi. ҚР Президентінің 23.12.95 ж. № 2720 Жарлығымен 10-бап өзгертілді; ҚР 07.04.97 № 89-I; 09.06.97 ж. № 116-1; 10.07.98 ж. № 283-1; 09.12.98 ж. № 307-1; 05.07.00 ж. № 79-II; 11.06.01 ж. № 207-II; 07.01.03 ж. № 371-II; 04.07.03 ж. № 470-II; 06.07.04 ж. № 572-II Заңдарымен 10-бап өзгертілді 10-бап. Азаматтарға және заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге байланысты қызметтi лицензиялау Азаматтарға және заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге байланысты мынадай қызмет түрлерi лицензиялауға жатады: 1) жалпы бастауыш, жалпы негiзгi немесе жалпы орта білім; кәсiптiк бастауыш білім, оның iшiнде кәсiптер бойынша; кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім, оның iшiнде мамандықтар бойынша білім беретiн заңды тұлғалардың білім беру қызметі, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың қызметi; 1-1) білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету бойынша; 2) медициналық, дәрiгерлiк және мал дәрiгерлiк қызметiмен айналысу; 3) мемлекеттік емес субъектiлердiң iз кесу (детективтiк) қызметiне байланысты заң қызметiн көрсетуi; 4) адвокаттық қызмет; 5) адвокаттық қызметпен байланысы жоқ ақылы заң қызметiн көрсету; 6) нотариустардың қызметі; 6-1) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру жөніндегі, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растау жөніндегі қызмет; 7) лотереялар (мемлекеттік (ұлттық) лотереядан басқа), тотализаторлар, казинолар ұйымдастыру және оларды өткізу; 8) 9) 10) мүлiктi бағалау жөніндегі қызмет; 10-1) заңды және жеке тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруы. 10-2) білім беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер, электронды оқулықтар мен қосымша оқу әдебиетiн басып шығару жөніндегі қызмет; 11) кредиттік бюроның қызметі. ҚР Президентінің 1995.08.31. № 2447 Жарлығымен 11-бап жаңа редакцияда; ҚР 19.06.97 ж. № 134-I; 10.07.98 ж № 282-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 05.07.00 ж. № 79-II; 18.12.00 ж. № 128-II; 02.03.01 ж. № 162-II; 04.07.03 ж. № 466-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) 07.07.04 ж. № 577-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 11-бап өзгертілді 11-бап. Қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi лицензиялау Қаржы қызметi мен қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтiң мынадай түрлерi мiндеттi түрде лицензиялауға жатады; 1) банк операцияларын, сондай-ақ банк заңдарына сәйкес банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын өзге де операцияларды жүзеге асыру, клирингтiк және есеп айырысу ұйымдарының қызметi, банк қызметiне аудит. 2) аудиторлық қызмет; 2-1) жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитi; 3) "өмiрдi сақтандыру" саласындағы және "жалпы сақтандыру" саласындағы қызмет, қайта сақтандыру жөніндегі қызмет, сақтандыру брокерлерiнiң қызметi, сақтандыру рыногындағы актуарийлiк қызмет, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аудитi. 4) бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызмет, бағалы қағаздармен сауда ұйымдастырушылардың және бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылардың өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметi; 5) зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызмет; ҚР 07.07.04 ж. № 577-II Заңымен 6-тармақша алып тасталды (бұр. ред.қара) ҚР 07.07.04 ж. № 577-II Заңымен 7-тармақша алып тасталды (бұр. ред.қара) ҚР 07.07.04 ж. № 577-II Заңымен 8-тармақша алып тасталды (бұр. ред.қара) ҚР 05.07.00 ж. № 79-II Заңымен тарау жаңа 11-1-баппен толықтырылды; ҚР 08.05.03 ж. № 411-II Заңымен 11-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 11-1-бап. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды лицензиялау Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялардың мынадай түрлері лицензиялауға жатады: 1) бөлшек сауда-саттықты жүзеге асыру және қолма-қол шетел валютасына қызмет көрсету; 2) өздері тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша тиісті құқығы бар шетелдік банктерде, өзге де қаржы институттарында резиденттердің: банктер; Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) кіретін, рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингін алған елдердің шетелдік банктерінде резидент жеке тұлғалар, сондай-ақ жұмыс, оқу, емделу немесе демалу мақсатымен уақытша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүрген адамдар ашатын шоттарды қоспағанда, шоттар (Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ашылған шоттарды қоса алғанда) ашуы; 3) резиденттердің: банктердің дилерлік қызметін; Қазақстан Республикасының валюталық және банктік заңдарында белгіленген талаптарға сай келетін резидент еместердің бағалы қағаздарына инвестицияларды; Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) кіретін елдердің және (немесе) Қазақстан Республикасы инвестицияларды өзара ынталандыру және қорғау туралы халықаралық шарттар жасасқан және оларды бекіткен елдердің заңды тұлғаларының жарғылық капиталына инвестицияларды, нәтижесінде инвестицияларды жүзеге асыратын резидентке инвестиция жұмсалатын объектінің дауыс беретін акцияларының елу және одан көп проценті (қатысушылар дауысының елу және одан көп проценті) тиесілі болатын инвестицияларды қоспағанда, шет елдерге инвестициялары; 4) жылжымайтын заттарға теңестірілген мүлікті қоспағанда, мүліктік құқықтарды жылжымайтын мүлікке ауыстыруды көздейтін мәмілелер ақысын төлеу үшін резиденттердің резидент еместер пайдасына аударымдары; 5) 180 күннен артық мерзімге тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсету) үшін, сондай-ақ тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсету) экспорты күнінен бастап резиденттердің тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсету) экспортының төлемақысы ретінде валюталық түсім алу мерзімін 180 күннен асырып жібергені үшін аванстық төлемді көздейтін импорттық мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін резиденттердің резидент еместердің пайдасына аударымдары; 6) егер тауар экспортталған күн мен экспорттық түсімді алу арасындағы мерзім 365 күннен асып кетсе, резиденттердің резидент еместерден тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін жекелеген тауарлар экспорты бойынша төлемдер алуы; 7) резиденттердің (банктерден басқа) резидент еместерге 180 күннен астам мерзімге кредиттер беруі; 8) резиденттің резидент еместен кредит ретінде алатын шетел валютасын, Қазақстан Республикасының валюта заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғалардың шоттарына есептеу; |