Қазақстан Республикасы Президентінің "Банкроттық туралы" Заң 1-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің "Банкроттық туралы" 1995 жылғы 7 сәуірдегі № 2173 Заң күшi бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 29-құжат; № 15-16, 109-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 2-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 24 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi (жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; № 24, 174-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 277-құжат); 1) 49-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: "4. Егер заңды тұлға жөнiнде осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiп бойынша оны тарату туралы шешiм қабылданып, оның мүлкiнiң құны несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болса, ондай заңды тұлға банкроттық туралы заңдарда белгiленген тәртiппен таратылуы мүмкiн"; 2) 51-баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: "2) екiншi кезекте - несие берушiлердiң қамтамасыз ету сомасы шегiнде таратылатын банкроттың мүлкiн кепiлге салып қамтамасыз еткен мiндеттемелерi жөніндегі талаптары қанағаттандырылады; 3) үшiншi кезекте - еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдардың еңбегiне ақы төлеу және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі есеп айырысу жүргiзiледi; 2), 3) және 4) тармақшалар тиiсiнше 3), 4) және 5) тармақшалар болып есептелсiн; 3) 52-бап мынадай редакцияда жазылсын: "52-бап. Банкроттық Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|