Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН: I. Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар мынадай Жарлықтарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 14, 93-құжат): 1) 3-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "4. Лицензиялар (патенттер) иелiктен алынбайды, яғни, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, лицензиат оларды басқа жеке немесе заңды тұлғаларға бере алмайды"; 2) 9-бапта: бiрiншi бөлiгi 1-тармақ болып саналсын; 1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "1) егер олар басқа салаларда пайдаланылмайтын болса, қару-жарақ пен оның оқ дәрiсiн, ақпарат қорғаудың криптографиялық құралдарын, арнайы жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды, әскери техниканы, босалқы бөлшектердi, оларды құрастыратын элементтер мен приборларды, сондай-ақ оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу және сату"; 6) тармақшада "өндiру" және "көму" сөздерi алынып тасталсын; 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "8) электр және жылу қуаттарын өндiру, беру және бөлу"; 23) тармақшада "iшкi өндiрiстiк мақсаттағы" сөздерiнен кейiн "сондай-ақ курьер қызметтерiн" сөздерiмен толықтырылсын; 29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "29) минералдық шикiзатты ұқсату"; 32) тармақшада "сақтау және сату" сөздерi алынып тасталсын; 33), 35), 36) тармақшалары алынып тасталсын: 34) тармақшасы 33) тармақшасы болып саналсын және "барлау, өндiру" сөздерi алынып тасталсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|