2007 ж. 9 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған тоғызыншы баптын редакциясы
ҚР Президентінің 23.12.95 ж. № 2720; 20.07.95 ж. № 2375; 20.07.95 ж. № 2370 Жарлықтарымен 9-бап өзгертілді; 10.06.96 ж. № 5-1; 21.01.97 ж. № 68-1; 07.04.97 ж. № 89-1; 13.06.97 ж. № 121-1; 11.07.97 ж. № 154-1; ҚР 09.07.98 ж. № 277-1; 09.07.98 ж. № 280-1; 10.07.98 ж. № 283-1; 09.12.98 ж. № 307-1; 30.12.98 ж. № 343-1; 16.07.99 ж. № 430-1; 08.10.99 ж. № 471-1; 29.11.99 ж. № 488-1; 05.07.00 ж. № 79-1; 15.01.01 ж. № 141-1; 13.06.01 ж. № 212-1; 15.12.01 ж. № 272-1; 17.01.02 ж. № 285-II; 10.07.02 ж. № 342-II; 07.04.03 ж. № 403-II; 08.05.03 ж. № 410-II (бұр. ред. қара); 04.06.03 ж. № 429-II; 01.07.03 ж. № 449-II; 13.01.04 ж. № 523-II (бұр. ред. қара); 10.03.04 ж. № 534-II ; 06.05.04 ж. № 550-II (бұр. ред. қара); 05.07.04 ж. № 568-II (бұр. ред. қара); 09.07.04 ж. № 584-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 45-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 176-III ; 2006.07.07. № 181-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) ҚР Заңдарымен 9-бап өзгертілді және толықтырылды 9-бап. Аса қауiптi объектiлерге байланысты және (немесе) ерекше маңызды мемлекеттік мәнi бар қызметтi лицензиялау 1. Кәсiпкерлiк қызметтiң мынадай түрлерi үшiн лицензияның болуы талап етiледi: 1) егер олар басқа салаларда пайдаланылмайтын болса, қару-жарақ пен оның оқ-дәрiсiн, ақпарат қорғаудың криптографиялық құралдарын, арнайы жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды, әскери техниканы, босалқы бөлшектердi, оларды құрастыратын элементтер мен приборларды, сондай-ақ монтажды, ретке келтіруді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу және сату; 2) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру және сату; 3) 4) ғарыш кеңiстiгiн пайдалану жөніндегі барлық қызмет түрлерi, оның iшiнде ракета-ғарыш техникасын жасау, өндiру, пайдалану, жөндеу мен жетiлдiру, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн жер үстi инфрақұрылымдары (полигон, командалық-өлшеу кешенi, стендiлiк база және басқалар) пайдалану; 5) байланыс саласында телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнінде қызметтер жасау және көрсету, жалпы республикалық магистральдық, халықаралық байланыс жолдарын жобалау, салу, байланыс желілері мен жолдарын техникалық пайдалану; 6) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес атом энергиясын пайдалануға байланысты барлық қызмет түрлерi; 7) құрамында оларды арнайы қорғану құралдарын қолданбай-ақ пайдалануға жол берiлетiн нормадан артық мөлшерде радиоактивтiк заттар болатын өнiмдi дайындау және сату; 8) электр және жылу қуаттарын өндiру, беру және бөлу; 9) 10) босаған әскери-техникалық құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және ұқсату; 11) жарылу-өртену қаупi бар және тау-кен өнеркәсiбi өндiрiстерiн, электр станцияларын электр желілері мен көмекші станцияларын, гидротехникалық құрылыстарды, магистральды газ-мұнай өнiмдерi құбырларын, көтергiш құрылғыларды, сондай-ақ қысым күшiмен жұмыс iстейтiн қазандықтар, сауыттар мен өткiзгiш құбырларды жобалау және пайдалану. Өндiрiстердiң, жабдықтардың, объектiлердiң, жұмыстардың (қызметтердiң) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi; 12) химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiгi, геологиялық барлау, кен-шахта металлургиялық, энергетикалық жабдықтарын, жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтарды, бақылау, аварияға қарсы қорғау және белгi беру аппаратуралары мен жүйелерiн, көтергiш құрылғыларды, сондай-ақ қысым күшiмен жұмыс iстейтiн қазандықтарды, сауыттар мен өткiзгiш құбырларды және мұнай мен газ бұрғылау жұмыстарын жобалау, дайындау, монтаждау және жөндеу; 12-1) мұнай өнiмдерiн өндiру; 13) 14) азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын суық қаруды, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданатын бұйымдарды, сондай-ақ химиялық өзін-өзі қорғау құралдарын жасау, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау; 15) тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектiлерге газ жүргiзу, жөндеу және құрылыс жұмыстары; 16) күзет, өрт белгiсiн беру құралдары мен өртке қарсы автоматиканы жобалау, монтаждау, ретке келтiру және техникалық күтiм жасау, өртке қарсы техниканы, жабдықтарды және өрттен қорғану құралдарын өндіру; 17) жолаушылар лифтiлерiн монтаждау, жөндеу және оларға күтiм жасау; 18) 2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен алып тасталды 19) рентген жабдығын, радиоактивтi заттар мен изотоптар пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру және сату; 20) жолаушыларды және жүктердi темір жол, өзен, теңiз, әуе көлiгiмен тасымалдау; жолаушыларды және жүктердi автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдау; қауiптi жүктердi барлық көлiк түрлерiмен тасымалдау; авиациялық жұмыстар; 21) 22) 2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен алып тасталды 23) 24) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын техникалық жағынан қорғау, соның iшiнде ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын, ақпаратты өңдеудiң қорғалған техникалық құралдарын әзiрлеу, дайындау, монтаждау, ретке келтiру, пайдалану, сақтау, жөндеу және оларға сервистiк күтiм жасау жөніндегі қызметтiң барлық түрлерi; 25) 26) жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргiзу; 27) 28) фармацевтикалық қызмет: дәрілік заттарды өндіру, дайындау, оларды көтерме, бөлшек саудада сату; 29) минералдық шикiзатты өңдеу (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өңдеудi қоспағанда); 30) жобалау-iздестiру, сарапшылық, құрылыс-монтаж жұмыстары, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндiру жөніндегі жұмыстар. 30-1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын жай құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызмет; 31) өлшем құралдарын өндіру және жөндеу; 32) этил спиртiн және алкоголь өнiмiн өндiру, сондай-ақ алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау, көтерме және бөлшек саудада сату; 33) 34) жекелеген кеден режимдерi шеңберiнде, Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет, сондай-ақ кеден қызметтерiн көрсету. 35) 2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен алып тасталды 36) шетел жұмыс күшiн тарту, сондай-ақ жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шет елдерге шығаруға байланысты қызмет; 37) заңды тұлғалардың түстi және қара металл қалдықтары мен сынықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, ұқсатуы және өткізуi; 38) сот-сараптама қызметi; 39) 1998 ж. 10 шiлдедегі № 283-1 ҚР Заңымен алып тасталды 40) 1998 ж. 10 шiлдедегі № 283-1 ҚР Заңымен алып тасталды 41)1998 ж. 10 шiлдедегі № 283-1 ҚР Заңымен алып тасталды 42) археология және тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қалпына келтiру жұмыстары. 43) есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымымен байланысты қызмет: әзiрлеу, өндiру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою; құрамында есiрткi және психотроптық заттар бар өсiмдiктер мен шөптердi өсiру, жинау, дайындау; 44) электр энергиясын қайта сату мақсатында сатып алу; 45) астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту; 45-1) шиттi мақтаны талшықты мақтаға бастапқы өңдеу; 46) туроператорлық, турагенттік қызмет, туризм нұсқаушысының қызметтер көрсетуі; 47) темір жолдың жылжымалы құрамын жасау және жөндеу; қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын арнайы контейнерлерді жасау және жөндеу; 48) жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен байланысты қызмет: жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу, пайдалану; 49) iздестiру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстар; 50) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша оларды өндiру, өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою; 51) банкроттық процедураларында төлем қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөніндегі қызмет; 52) кемелерге, жолаушылар мен жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңіз және өзен порттарының қызметі; 53) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызмет; 53-1) тiркеу сынақтарына, өндiрiстiк сынақтарға және ғылыми зерттеулерге арналған тәжiрибелiк үлгiлердi қоспағанда, пестицидтердi (улы химикаттарды) және оларды өндiруге арналған бастапқы компоненттердi әкелу; 54) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерді дайындау; 55) мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау және бөрене кесу жөніндегі жұмыстар; 56) арнайы су пайдалану, соның ішінде: а) ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, энергетика, балық өсіру және көлік қажеттері үшін тәулігіне елу текше метрден жоғары көлемде жер үсті су объектілерінен су алу және пайдалану; б) жер үсті су объектілерінен кейінгі су пайдаланушыға су алу және беру. 57) темекi өнiмдерiн өндiру; 58) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерi; 59) экологиялық аудиторлық қызмет; 60) экологиялық сараптама саласындағы табиғат қорғауды жобалау, нормалау және табиғат қорғау жұмыстары. 2. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру және оның айналымы жөніндегі қызметтi лицензиялаудың ерекшелiктерi арнайы заңдармен белгiленедi.
|