|
|
|
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат): 1) 59-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі «қорытындымен» деген сөз «есеппен» деген сөзбен ауыстырылсын; 2) 60-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі "кәсіпқой аудиторды" деген сөздер "аудиторлық ұйымды" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат): 229-бапта: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "229-бап. Жекеше нотариустардың және аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудиторлардың өкілеттіктерді теріс пайдалануы"; бірінші бөліктегі "немесе жекеше аудиторлардың" деген сөздер ", аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитордың немесе аудиторлық ұйым жетекшісінің" деген сөздермен ауыстырылсын. 3. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар): 495-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "тәуелсіз аудитордың қорытындысын" деген сөздер "аудиторлық ұйымның аудиторлық есебін" деген сөздермен ауыстырылсын. 4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат, № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат, № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат): 1) 173-баптың он төртінші бөлігі алып тасталсын; 2) 183-баптағы "аудиторлық қызметпен айналысу құқығына лицензиядан" деген сөздер "аудитор" біліктілік куәлігінен" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 184-бап мынадай редакцияда жазылсын: "184-бап. Аудиторлық ұйымның көрінеу дұрыс емес аудиторлық есепті жасауы Аудиторлық ұйымның көрінеу дұрыс емес аудиторлық есепті жасауы, - аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыра отырып не онсыз аудиторлық ұйымға айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады."; 4) мынадай мазмұндағы 184-1, 184-2-баптармен толықтырылсын: "184-1-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұзу 1. Аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруы, - аудиторлық ұйымдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Аудитордың және аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы, - аудиторларға - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, аудиторлық ұйымдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Өздері үшін аудит жүргізу міндетті қаржылық ұйымдарға аудит жүргізу нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы заңнамасын бұзушылық туралы қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға хабарламау және аудиттелетін осы ұйымдарды хабардар етпеу, - аудиторлық ұйымдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 4. Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес берілуі талап етілетін ақпаратты тиісті уәкілетті органдарға бір реттен артық уақтылы табыс етпеуі, - аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдарға ескерту жасауға немесе оларға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 184-2-бап. Аудитордың жеке мөрін пайдалануға және сақтауға байланысты бұзушылықтар Аудитордың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында белгіленген жеке мөрді тиісінше сақтау және пайдалану жөніндегі талаптарды бұзуы, - аудиторға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады."; тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "185-бап. Аудиттелетін субъектінің аудиторлық ұйымға көрінеу дұрыс емес ақпарат беруі"; бірінші абзацта: "Аудиторға (аудиторлық ұйымға) тексеріліп жатқан адамның" деген сөздер "Аудиторлық ұйымға аудиттелетін субъектінің" деген сөздермен ауыстырылсын; "барысында" деген сөзден кейін "көрінеу" деген сөзбен толықтырылсын; "қорытынды" деген сөз "есеп" деген сөзбен ауыстырылсын; 6) 571-баптың бірінші бөлігі және екінші бөлігінің 2) тармақшасы "178," деген цифрдан кейін "184-1, 184-2," деген цифрлармен толықтырылсын; 7) 636-баптың бірінші бөлігінде: 1) тармақшада: жиырма үшінші абзацтағы "177" деген цифрдың алдынан "175 (екінші бөлігі) (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаса)," деген сөздермен толықтырылсын; жиырма төртінші абзац алып тасталсын; жиырма бесінші абзац "184" деген цифрдан кейін ", 184-1 (үшінші бөлігі)," деген сөздермен толықтырылсын; отыз бірінші абзацтағы "184," деген цифр алып тасталсын; 3) тармақшадағы "184," деген цифр алып тасталсын. 5. 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4, 5-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат): 196-баптың 4-тармағының 2) тармақшасындағы "қорытындының" деген сөз "есептің" деген сөзбен ауыстырылсын. 6. 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 8-9, 53-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат): 1) 129-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "Аудиторды немесе аудиторлық" деген сөздер "Аудиторлық" деген сөзбен ауыстырылсын; 2) 138-баптың 3-тармағының 23) тармақшасындағы және 4-тармағының 11) тармақшасындағы "аудиторлық ұйымдардың мамандары" деген сөздер "аудиторлық ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 140-баптың 17) тармақшасындағы "аудиторларды немесе" деген сөздер алып тасталсын. 7. «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 7, 80-құжат; № 11, 144, 149-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 14, 201-құжат; № 16, 219-құжат; № 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; № 23, 416-құжат; № 24, 452-құжат; 1999 ж., № 20, 721, 727-құжаттар; № 21, 787-құжат; № 22, 791-құжат; № 23, 931-құжат; № 24, 1066-құжат; 2000 ж., № 10, 248-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52, 54-құжаттар; № 13-14, 173, 176-құжаттар; № 23, 321-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 15, 151-құжат; № 19-20, 165-құжат; 2003 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4, 25-құжат; № 6, 34-құжат; № 10, 50, 51-құжаттар; № 11, 69-құжат; № 14, 107-құжат; № 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., № 2, 9-құжат; № 5, 27-құжат; № 10, 54-құжат; № 14, 82-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 17, 98-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат): 1) 6-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: "Осы Заңның 11-бабының 1), 3)-5) тармақшаларында көзделген қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын - қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Халық Банкі, ал осы Заңның 11-бабының 2) тармақшасында көзделген қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын аудиторлық қызмет пен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді."; 1) тармақшадағы ", банк қызметіне аудит" деген сөздер алып тасталсын; 2-1) тармақша алып тасталсын; 3) тармақшадағы ", сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аудиті" деген сөздер алып тасталсын. 8. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат): 1) 6-баптың 1-тармағында: б) тармақшасы алып тасталсын; в) тармақшасында "не банк қызметіне аудит жүргізетіндей" деген сөздер алып тасталсын; бірінші абзацтағы "(аудитордың)" деген сөз алып тасталсын; екінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді; үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "ол аудиторлық қызмет саласындағы реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның немесе өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының лицензиясына сәйкес банктерге аудит жүргізуге уәкілетті екендігін растайтын құжаттар табыс еткен жағдайда жарамды деп танылады."; бірінші бөліктегі "(аудитор)" деген сөз алып тасталсын; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: "Банктер уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша және мерзімдерде пруденциялық нормативтерді орындағаны туралы есептерді және активтер мен шарттық міндеттемелердің жіктелімі (провизияның қалыптастырылуы) туралы мәліметтерді аудиторлық ұйым осы Заңның 19-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес ондағы берілген мәліметтерді растағаннан кейін жариялайды."; 1-тармақта: "Бухгалтерлік есепті және есеп беруді, бастапқы құжаттарды және банк қызметі туралы басқа да ақпарат аудитін" деген сөздер "Банк аудитін" деген сөздермен ауыстырылсын; орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді; 2-тармақ алып тасталсын; 6-тармақтағы "аудиторлық ұйымның жүргізілген аудит туралы есебінде" деген сөздер "аудиторлық есепте" деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 58 және 59-баптар алып тасталсын. 9. «Өндірістік кооператив туралы» 1995 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 20, 119-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; № 13-14, 205-құжат; 2001 ж., № 17-18, 242-құжат; 2003 ж., № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат): 1) 7-баптың 6-тармағында: екінші бөліктегі "тәуелсіз аудиторлық тексерістен", "тәуелсіз аудиторлық тексеріс" деген сөздер "тәуелсіз аудиттен", "тәуелсіз аудит" деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөліктегі "қорытындымен" деген сөз "есеппен" деген сөзбен ауыстырылсын; 2) 17-1-бапта: 1-тармақтағы "аудиторды" деген сөз "аудиторлық ұйымды" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтағы "немесе өзге" деген сөздер алып тасталсын; 3-тармақтағы "аудитордың" деген сөз "аудиторлық ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтағы "мұндай тексеру міндетті" деген сөздер "аудит міндетті" деген сөздермен ауыстырылсын; "мұндай тексеру мүдделі" деген сөздер "аудит мүдделі" деген сөздермен ауыстырылсын. 10. «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 171-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 12, 116-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат): 8-баптың 3-тармағындағы "тәуелсіз аудиторларды немесе" деген сөздер алып тасталсын. 11. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат): 1) 6-баптың 2-тармағының 11) тармақшасындағы "аудиторлық тексеру" деген сөздер "аудит" деген сөзбен ауыстырылсын; 2) 49-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: "49-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитi 1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым жүргізеді. 2. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептілігінің және басқа да ақпаратының аудиторлық есебі коммерциялық құпия болып табылмайды. 3. Басқа да ақпараттың аудиті жинақтаушы зейнетақы қорының пруденциялық нормативтерді және зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алу жөнінде уәкілетті орган белгілеген талаптарды орындауын тексеруді қамтиды. Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін дербес инвестициялық басқаруды жүзеге асырған жағдайда басқа да ақпараттың аудиті зейнетақы активтерін инвестициялау мен бағалау жөніндегі талаптардың орындалуын тексеруді де қамтиды. Ілеспе қызметтерді жүргізуге арналған шарт уәкілетті орган белгілеген талаптарға сай болуға тиіс."; 3) мынадай мазмұндағы 59-1-баппен толықтырылсын: "59-1-бап. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың аудитi 1. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың аудитін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым жүргізеді. 2. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептілігінің және басқа да ақпаратының аудиторлық есебі коммерциялық құпия болып табылмайды. 3. Басқа да ақпараттың аудиті зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерді және зейнетақы активтерін инвестициялау мен бағалау жөнінде уәкілетті орган белгілеген талаптарды орындауын тексеруді қамтиды. Ілеспе қызметтерді жүргізуге арналған шарт уәкілетті орган белгілеген талаптарға сай болуға тиіс.". 12. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар): 1) 46-баптың 4-тармағының екінші және үшінші бөліктеріндегі "тексеру комиссиясы (тексеруші) және (немесе) аудитордың ол бойынша қорытындылары" деген сөздер "тексеру комиссиясының (тексерушінің) ол бойынша қорытындысы және (немесе) аудиторлық ұйымның есебі" деген сөздермен ауыстырылсын; "және (немесе) аудитордың қорытындылары" деген сөздер "қорытындысын және (немесе) аудиторлық ұйымның есебін" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 58-баптың 5-тармағындағы "аудитордың қорытындысы" деген сөздер "аудиторлық есебі" деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтағы "байланысы жоқ кәсіби аудиторды" деген сөздер "байланысы жоқ аудиторлық ұйымды" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтағы "жылдық немесе өзге де қаржылық есептемелерге заңнамалық актілерімен міндетті түрде аудиторлық тексеру" деген сөздер "қаржылық есептемелерге заңнамалық актілерімен міндетті түрде жылдық аудит" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтағы "аудиторлық тексеру" деген сөздер "аудит" деген сөзбен ауыстырылсын; 4-тармақтағы "аудиторлық тексеру" деген сөздер "аудит" деген сөзбен ауыстырылсын; "осындай тексеру міндетті болған кезде" деген сөздер "аудит міндетті болған кезде" деген сөздермен ауыстырылсын; "мұндай тексеру" деген сөздер "аудит" деген сөзбен ауыстырылсын. 13. «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат): 7-баптың 7) тармақшасында: "(аудиторлардың)" деген сөз алып тасталсын; "Тексеру нәтижелері", "тексеру нәтижелері" деген сөздер тиісінше "Аудиторлық есеп", "аудиторлық есеп" деген сөздермен ауыстырылсын. 14. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат, № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат) мынадай редакцияда жазылсын: "Осы Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар, аудиторлар, аудиторлық ұйымдар және кәсіби аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйым (бұдан әрі - кәсіби ұйым) - аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың өзін-өзі реттейтін бірлестігі болып табылатын коммерциялық емес ұйым; 2) аккредиттеу - уәкілетті органның осы Заңда көзделген кәсіби аудиторлық ұйымдардың құқықтылығын ресми тануы; 3) аудит - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік жасау және өзге де ақпарат туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатымен тексеру; 4) аудитор - Біліктілік комиссиясы аттестаттаған, "аудитор" біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке тұлға; 5) аудиторлық есеп - жүргізілген аудиттің нәтижесі болып табылатын жазбаша ресми құжат; 6) аудиторлық қызмет - қаржылық есептілігі мен басқа да ақпараттың аудитін жүргізу және қызмет бейіні бойынша өзге де қызметтер ұсыну жөніндегі кәсіпкерлік қызмет; 7) аудиторлық ұйым - аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық ұйым; 8) аудиттелетін субъект - қаржылық есептілігі және өзге де ақпараты бойынша аудит жүзеге асырылатын заңды тұлға; 9) аттестаттау - Аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының (бұдан әрі - Біліктілік комиссиясы) кандидаттардың біліктілік деңгейін анықтауы; 10) Әдеп кодексі - аудиторлардың кәсіби қызметінің әдеп ережелері жиынтығы; 11) көрінеу дұрыс емес аудиторлық есеп - аудит жүргізілмей жасалған немесе пайдаланушыларды қасақана шатастыратын пікір жазылған аудиторлық есеп; 12) серіктес - аудиторлық ұйымның аудиторлық жобаға басшылық жасайтын және оның нәтижелеріне дербес жауапты болатын өкілі; 13) ұйымдардың стандарттары - аудиторлық ұйымның аудит жүргізу тәртібіне бірыңғай талаптар белгілейтін ішкі құжаттары; 14) уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - аудиторлық қызмет саласында реттеу мен аудиторлық және кәсіби ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган. 2-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасындағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттардың ережелері қолданылады. 3-бап. Аудиторлық қызмет 1. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйымдар аудиторлық қызметпен айналысу құқығына ие болады. 2. Аудиторлық ұйымдар аудиттен басқа, өз қызметінің бейіні бойынша мынадай қызметтерді де көрсете алады: 1) аудит стандарттарына сәйкес өз қызметінің бейіні бойынша ілеспе қызметтер; 2) бухгалтерлік есепті қалпына келтіру және жүргізу, қаржылық есептілікті жасау;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |