|
|
|
2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі) (2005.25.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналардың: 193, 194, 195, 196, 197 (құпия), 198, 199, 200, 201, 202, 203, 204, 205-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгінiң 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына 193-қосымша
220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған "Стратегиялық, орта мерзiмдi экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы уәкiлеттi органның жұмысын қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 525360 мың теңге (бес жүз жиырма бес миллион үш жүз алпыс мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы, "Ақпараттандыру туралы" 2003 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы, "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы, "Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiмiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1282 Жарлығы, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетi және ұлттық Банкінің сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бірыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Республикалық бюджет комиссиясы ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 24 тамыздағы № 1426 Жарлығы, "Штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1240 қаулысы, "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң кейбір мәселелерi" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген функциялардың барынша тиiмдi орындалуына қол жеткізу үшiн Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі аппаратының қызметiн қамтамасыз ету; өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру үшiн қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсiби қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдi, шеберлiк пен дағдыны жаңарту; министрлiктi материалдық-техникалық жарақтандыру; Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, бағдарламалық қамтамасыз етудi техникалық қолдау, сүйемелдеу, сондай-ақ компьютерлiк жабдықты қосалқы бөлшектермен, шығыс материалдарымен қамтамасыз eту, есептеу техникасын жаңарту және қажеттi бағдарламалық өнiмдердi сатып алу. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң аппаратын ұстау, Республикалық бюджет комиссиясының мәжілістерiн өткізу; мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби біліктілігiн арттыру; Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң материалдық-техникалық базасын нығайту; жұмыс iстеп тұрған және iске қосылатын ақпараттық жүйелердi, ақпаратты қорғаудың бағдарламалық құралдарын сүйемелдеу, әкiмшiлiк ету және қолдау әрi оларды техникалық қолдау; Министрлiк жүйесiнiң есептеу және ұйымдық техника құралдарына, жергiлiктi есептеу желiлерiне және Министрлiктiң құрылымдалған кабельдiк жүйесiне жүйелiк-техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыру; есептеу желісінiң ақпараттық қауiпсіздiгiн және ақпаратты қорғауды, соның iшiнде жабық ақпаратты өңдеу кезiнде қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң есептеу құралдарын, телекоммуникациялық және ұйымдық жабдығын қосалқы бөлшектермен және шығыс материалдарымен қамтамасыз ету; түпкiлiктi пайдаланушыларға ақпараттық жүйеде жұмыс iстеу жөнiнде консультациялар беру және ақпараттық инфрақұрылымға аудит жүргiзу бойынша қызметтер көрсету, iстен шығу жағдайларын талдау; жүйенi пайдалану кезiнде туындайтын авариялық және iстен шығу жағдайларын талдау; авариялық және iстен шығу жағдайларының нәтижесiнде немесе есептеу техникасының iстен шығуы кезiнде бұзылған бағдарламалық қамтамасыз етудi және дерекқорды қалпына келтiру бойынша консультациялық және практикалық көмек алу. ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары. ____________________________________________________________________ серверлерi үшiн сақтау модульдерi- 4 дана сатып алу. кондиционерлер мен үздiксіз электрмен қоректендiру жүйесiне жүйелiк- техникалық қызмет
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |