|
|
|
2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі) (2005.23.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналардың: 294, 295, 296, 297, 298, 299, 299-1, 300, 301, 302, 303, 304, 305, 306, 307, 307-1, 308, 309, 310, 311, 312, 313, 314, 315-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына 294-қосымша
231 - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған "Энергетика және минералдық ресурстар саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 586987 мың теңге (бес жүз сексен алты миллион тоғыз жүз сексен жетi мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексi; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 5-бабы; "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуірдегі Заңының 11-бабы; "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңы; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 3-бабы; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заң күшi бар Жарлығының 41-2, 55-61, 69-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Әкiмшiлiк мемлекеттік қызметшiлердiң лауазымдарын санаттар бойынша тiзiлiмiн бекіту туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1282 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік бюджет пен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің сметасы (бюджет) есебiнен ұсталынатын Қазақстан Республикасының органдары қызметкерлерінің еңбегiне еңбек ақы төлеудің бірыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 106 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Жер қойнауының мемлекеттік мониторингi туралы ереженiң 8-тармағы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 15 маусымдағы № 535-42 қаулысы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлiктiк қызмет көрсету үшiн қызметтiк жеңiл автомобильдердi пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 108 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беру ережелерiнiң 8-тармағы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 25 қыркүйектегi № 1449 қаулысымен бекітілген Цифрлық геоақпараттық жүйелердiң негiзiнде Қазақстан Республикасы табиғи объектiлерiнiң мемлекеттік кадастрларының бiрыңғай жүйесiн құру мен жүргiзу ережесінiң 1-тармағы; "Қазақстан Республикасының салық төлеушiлерiнiң мемлекеттік тiзбесiн қалыптастыру мен жүргiзудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 28 мамырдағы № 579 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1105 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1107 қаулысыменбекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң Геология және жер қойнауын пайдалану комитетi туралы ережесінiң 10-тармағының 1) тармақшасы; "Штат саны лимитiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1240 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: оларға жүктелген функцияларды барынша тиiмдi орындауға қол жеткізу үшiн Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң орталық аппаратының, ведомстволарының және олардың аумақтық бөлімшелерiнiң қызметiн қамтамасыз ету; лицензиялық шарттар мен ережелердiң сақталуына бақылау жасау; пайдалы қазбаларды, оның iшiнде мемлекет меншiгiнде тұрған техногендiк түзілiмдердi барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған құқықты қоса алғанда, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беру; Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы компьютерлiк банк ақпаратының iлеспесi; жер қойнауын пайдалану саласына Қазақстан Республикасының Жер қойнауын пайдалану мониторингiсiнiң бiрыңғай мемлекеттік жүйесi шеңберiнде (бұдан әрi - ЖПМБМЖ); РнжОН лицензиары мен ақпараттық жүйесiнiң функциялары шеңберiнде энергетика және минералды ресурстар саласында қызмет түрлерiн лицензиялау мен мониторингтiң ақпараттық жүйесi мәліметтерiмен ақпараттық алмасуды ұйымдастыру; ақпаратты қорғау мен құпиялық режимнiң тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету; өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау мен кәсiптiк шеберлiгiн жетiлдiру үшiн қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсiптiк қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдi, шеберлiк пен дағдыны жаңарту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң, ведомстволарының және олардың аумақтық бөлiмшелерінің аппаратын ұстау; энергетика және минералдық ресурстар саласында қызмет түрлерi бойынша біліктілiк талаптарын растауға лицензиялар беру және тексерулер өткізу; Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң құзыретіне жатқызылған қызмет түрлерiн лицензиялау; инвестициялық бағдарламалар жүргiзудi, конкурс өткізудi, конкурстық ұсыныстарды қарауды, конкурс нәтижелерiн шығаруды және конкурс жеңiмпазын анықтауды ұйымдастыру; қолданбалы компьютерлiк бағдарламаларды алып жүру, компьютерлiк дерекқорды цифрлық геологиялық ақпаратпен молықтыру; ЖПМБМЖ бағдарламалық-техникалық кешенi жүйесiнiң үздiксiз жұмысын қамтамасыз ету; РНжОН жұмыс iстеуi үшiн энергетика және минералдық ресурстар саласында қызмет түрлерiн лицензиялаудың ақпараттық мониторингтiк жүйесiн алып жүру; арнайы қауiпсiздiк талаптарына сәйкес өңдеу, беру, қабылдау, сақтау және құпия және қызметтiк ақпаратты бейнелеудiң электрондық құралдарын сертификаттауды жүргiзу; мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiптік біліктілігiн көтеру; мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары. ____________________________________________________________________
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |