|
|
|
“Қазақстан Республикасының спортшыларын кезектi 2006 жылғы Туриндегi (2006.29.12. берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 12 мамырдағы № 691 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының спортшыларын сапалы даярлауды және олардың кезектi 2006 жылғы Туриндегi (Италия Республикасы) XX қысқы және 2008 жылғы Пекиндегi (Қытай Халық Республикасы) XXIX жазғы Олимпиада ойындарында табысты өнер көрсетуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналар: 1) 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының спортшыларын кезектi 2006 жылғы Туриндегi (Италия Республикасы) XX қысқы және 2008 жылғы Пекиндегi (Қытай Халық Республикасы) XXIX жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі ұйымдастыру комитетiнiң (бұдан әрi - Ұйымдастыру комитетi) құрамы; 2) 2-қосымшаға сәйкес Туриндегi (Италия Республикасы) және Пекиндегi (Қытай Халық Республикасы) Олимпиада ойындарының жеңiмпаздарына, жүлдегерлерiне және олардың жаттықтырушыларына арналған бiржолғы төлемдердiң мөлшерi бекітілсiн. 2. Ұйымдастыру комитетi: 1) спортшыларды кезектi 2006 жылғы Туриндегi (Италия Республикасы) XX қысқы және 2008 жылғы Пекиндегi (Қытай Халық Республикасы) XXIX жазғы Олимпиада ойындарына (бұдан әрi - Олимпиада ойындары) қатысуға даярлау жөніндегі iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн; 2) кемiнде жылына екi рет Ұйымдастыру комитетiнiң отырыстарында облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң спортшыларды Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жоспарларының орындалуы туралы есептерiн тыңдасын. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі: 1) Қазақстан Республикасының спортшыларын даярлауды және олардың Олимпиада ойындарына қатысуын қамтамасыз етсiн; 2) алдағы Олимпиада ойындарына даярлау үшiн республикалық сияқты, өңiрлiк деңгейде де спорттың басым түрлерiн айқындасын; 3) ел құрама командаларының спортшыларын Олимпиада ойындарына даярлау үшiн спорт саласындағы шетелдiк мамандарды тартсын. 4. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігі: 1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды даярлаудың сапасын арттыру үшін қазiргi заманғы білiм беру технологияларын енгізу жөніндегі шараларды қабылдасын; 2) жоғары оқу орындарының жанынан жаттықтырушы-оқытушылар құрамының біліктілiгiн арттыру курстарын құру мүмкiндігін қарастырсын. 5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi: 1) 2005 жылғы 1 мамырға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне Қазақстан Республикасының спорт түрлерi бойынша құрама командаларын даярлау үшiн көзделген спорт құрылыстарын қалпына келтiру және салу жөнiнде ұсыныстар берсiн; 2) кемiнде жылына екi рет әкiмдiктiң отырыстарында дене шынықтыруды және спортты дамыту мәселелерiн, жаттықтырушы-оқытушылар құрамының жұмысын қарасын. 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрi Е.М.Қосыбаевқа жүктелсiн. 7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Yкіметінiң 2005 жылғы 30 наурыздағы № 286 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының спортшыларын кезектi 2006 жылғы Туриндегi (Италия Республикасы) XX қысқы және 2008 жылғы Пекиндегі (Қытай Халық Республикасы) XXIX жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі Ұйымдастыру комитетiнiң құрамы
Ахметов - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Даниал Кенжетайұлы төраға
Қосыбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат Есетжан Мұратұлы және спорт министрi, төрағаның орынбасары
Тұрлыханов - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат Дәулет Болатұлы және спорт министрлігі Спорт iстерi комитетiнiң төрағасы, төрағаның орынбасары
Гамарник - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Геннадий Николаевич бiрiншi вице-министрi
Лавриненко - Қазақстан Республикасының Көлiк және Юрий Иванович коммуникация бiрiншi вице-министрi
Отто - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер Иван Иванович бiрiншi вице-министрi
Коржова - Қазақстан Республикасының Экономика және Наталья Артемовна бюджеттік жоспарлау вице-министрi
Ойнаров - Қазақстан Республикасының Қаржы Азамат Рысқұлұлы вице-министрi
Тасболатов - Қазақстан Республикасының Қорғаныс Абай Бөлекбайұлы вице-министрi
Тәжiбай - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат Бақытбек және спорт министрлігiнiң Спорт iстерi комитетi төрағасының орынбасары
Досымбетов - Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада Тимур Камалұлы комитетінің президенті (келісім бойынша)
ҚР Үкіметінің 2006.29.12. № 1312 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2005 жылғы 30 наурыздағы № 286 қаулысына 2-қосымша Туриндегі (Италия Республикасы) және Пекиндегi (Қытай Халық Республикасы) Олимпиада ойындарының жеңiмпаздарына, жүлдегерлерiне және олардың жаттықтырушыларына арналған бiржолғы төлемдердiң мөлшерi
1-орын - 250000 АҚШ доллары 2-орын - 150000 АҚШ доллары 3-орын - 75000 АҚШ доллары 4-орын - 30000 АҚШ доллары 5-орын - 10000 АҚШ доллары 6-орын - 5000 АҚШ доллары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |