|
|
|
2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі) (ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналардың: 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына 37-қосымша
201 - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған "Республикалық деңгейде қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсіздiктi қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 37-қосымша өзгертілді
Берілген қосымша "Қызметтік қолдану үшiн" белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.
Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына 38-қосымша
201 - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған "Елдiң қоғамдық тәртiп саласындағы саяси мүдделерiн қамтамасыз ету" деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 11294 мың теңге (он бір миллион екi жүз тоқсан төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексi; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Жарлығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысы; "Т.А.Төлеубаев туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 25 маусымдағы № 608 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағындағы ұйымдасқан қылмысқа және құқық бұзушылықтардың өзге де түрлерiне қарсы күрестi үйлестiру; халықаралық қылмысқа қарсы күрес. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше-мемлекеттерi Iшкi iстер министрлерiнiң кеңесiн ақпараттық қамтамасыз ету; қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастықты дамыту iсіндегі ортақ мүдделердi ескере отырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше-мемлекеттерi iшкi iстер органдарының өзара ақпараттық iс-қимыл жасасуын қамтамасыз ету; Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше-мемлекеттерi iшкi iстер органдарының біртұтас ақпараттық кеңiстігін қалыптастыру және олардың қолда бар ақпараттық ресурстарға жедел қол жеткізуiн қамтамасыз ету; шет елдерде жасырынған қылмыскерлердi iздестiру және оларды экстрадициялау. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары. ____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше-мемлекеттер аумағында халықаралық қылмысқа және қылмысқа қарсы күрестiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету, жасалған қылмыс үшiн жазадан құтылмаушылық қағидасын жүзеге асыру; қылмысты дайындауда немесе оны жасауда күдiктi адамдардың мiнез-құлқы, өмiр салты, байланыстары мен қылмыстық әрекеттерi туралы ақпарат алу және қудаланатын күдiктiнi, айыпталушыны, сотталушыны немесе сотталған адамды соның аумағында ұсталған Тараптың құқық қорғау органына мәжбүрлі түрде жеткізу.
Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына 39-қосымша
201 - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған "Қылмыстық процеске қатысатын адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету" деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
Берілген қосымша "Қызметтік қолдану үшiн" белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.
Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына 40-қосымша
201 - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған "Арнайы және әскери тасымалдар" деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 52286 мың теңге (елу екi миллион екi жүз сексен алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексi; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының iшкi істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 заң күшi бар Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң әскери, арнайы және өзге де тасымалдауларын қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: әскери, арнайы және өзге де тасымалдауларды ұйымдастыру және жедел басқару; әскери эшелондарды, көлiктер мен басқа да есепте тұрған бірлiктердi тәулiктiк бақылауды және олардың жедел жылжуын қамтамасыз ету; сот отырыстарын бұзуға жол бермеу, сотталған адамдардың жазасын өтеуi жөніндегі соттардың қаулыларын дер кезiнде орындау. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары. ____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік әскери тасымалдаулардың қозғалыс кестесiнiң орындалуын және олардың қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету; қолданыстағы қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес арнайы контингенттi тасымалдауды және өзге де тасымалдарды қамтамасыз ету.
Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына 41-қосымша
201 - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған "Қоғамдық тәртiп және қоғамдық қауiпсіздiк объектілерін салу, қайта жаңарту" деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 359914 мың теңге (үш жүз елу тоғыз миллион тоғыз жүз он төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік Кодексi; "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң Iшкi әскерлерi туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 23 маусымдағы Заңы; "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсіздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңы; "Терроризмге қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Заңы; "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" 2000 жылғы 10 ақпандағы № 334 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 16 тамыздағы № 909-42қ және 2004 жылғы 26 наурыздағы № 368-15қ қаулылары; "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Iшкi әскерлер комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегi № 1057 қаулысы; "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлер құрамалары мен бөлiмдерiнiң және "Сұңқар" арнайы мақсаттағы бөлiмшесiнiң жауынгерлiк әзiрлiгiн арттыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: тауар-материалдық бағалы заттарды орналастыруға және ұстауға арналған қазiргi заманғы сақтау базаларын құру, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерiн реформалаудың iс-шараларын iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының жалпы қолданылатын телекоммуникациялар желісімен байланысқан және әлуеттi министрлiктер мен ведомстволардың ұқсас телекоммуникациялық желiлерiмен кiрiгетiн қазiргi заманғы цифрлық технологиялар негiзiнде бірыңғай ақпараттық-телекоммуникациялық жүйемен техникалық қайта жарақтандыру. Қызметтiк-iздестiру иттерiн қолдану арқылы қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсіздiктi қамтамасыз ету. Арнайы мақсаттағы бөлiмше қызметкерлерiн оқытуға және дайындық деңгейiн арттыруға арналған спорттық-жаттығу кешенiн құру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары. ____________________________________________________________________
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |