“Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына Жолдауының орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы”
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына Жолдауының (бұдан әрi - Жолдау) ережелерiн бұлжытпай және уақтылы орындау мақсатында: 1. Мыналар: ай сайын айдың соңғы сәрсенбiсiнде Жолдауды iске асыру мәселелерi Премьер-Министрде өтетiн кеңестерде қаралады; ай сайын айдың әрбiр екiншi сәрсенбiсiнде Жолдауды iске асыру мәселелерi Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысында өтетiн кеңестерде қаралады; апта сайынғы бақылауды қамтамасыз ету үшiн қосымшаға сәйкес құрамда Жұмыс тобы құрылады деп белгiленсiн. Жұмыс тобы Жолдау ережелерiн орындаудың жай-күйiнiң апта сайынғы мониторингiн, оны iске асыру жөніндегі Жалпыұлттық iс-шаралар жоспарының және Жалпыұлттық жоспардың iс-шараларын орындаудың желілiк кестесiн қамтамасыз етсiн; Жолдау ережелерiн iске асыру мәселелерi тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мәжілiстерiнде қаралады деп белгiленсiн. 2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары: Жұмыс тобының талап етуi бойынша бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi материалдарды ұсынсын; Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен кеңестiң 2005 жылғы 18 ақпандағы № 01-7.3 хаттамасын ескере отырып, Жолдаудың орындалуын бақылауды ұйымдастыруды осылайша қамтамасыз етсiн.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|