Кадрлық резерв және нотариустың бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 31 наурыздағы № 101 бұйрығы. (2008.12.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 36 бұйрығымен күші жойылды
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 15) тармағының негізінде БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған кадрлық резерв және нотариустың бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы Ереже бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың аумақтық Әділет органдарының бастықтары қолданылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әділет вице-министрі С.Н. Баймағанбетовке жүктелсін. 4. Осы бұйрығына 2-ші қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді» Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы
Әділет министрінің 2005 жылғы 31 наурыздағы № 101 бұйрығына 1-қосымша
Кадрлық резерв және нотариустың бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы ереже
1. Кадрлық резерв және нотариустың бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы осы ережесі «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 15) тармақшасына сәйкес дайындалды. 2. Нотариаттық округ бойынша кадрлық резервті (бұдан әрі - Резерв) Заңның 33-бабы 2-тармақтың 3) тармақшасына сәйкес, нотариаттық палатамен бірлесе отырып аумақтық әділет органы құрады. 3. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған, деректері осы Ереженің 5-тармағына және 1-қосымшасына сәйкес құрылған жүйелендірілген тізім - резерв кітабына енгізілген адамдар резервке енгізіледі. 4. Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген адамдарды Резервке енгізу олардың нотариаттық палатаға тапсырған өтініштері негізінде жүзеге асырылады. Өтінішке: 1) жеке куәліктің көшірмесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|