"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары Осы редакция Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" және "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінiң Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорындары "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" мемлекеттік мекемелерi (бұдан әрі - Мекемелер) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Мекемелер қызметiнің негiзгі мәнi болып мыналар белгiленсiн: 1) суармалы жерлерде байқаулар, инженерлiк және топырақ-мелиоративтік iздестiру мен зерттеулер жүргiзу; 2) суармалы жерлердiң мелиоративтік жай-күйiн бағалау және оларды жақсарту мен ұтымды пайдалану жөнінде ұсынымдар әзiрлеу. 3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) Мекемелер жарғыларының бекiтілуін және олардың әділет органдарында мемлекеттік тiркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 4-тармақтың күші жойылды 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiнде: "2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі" деген бөлім мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы 74 Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы 50"; 2) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген бөлiмде: реттік нөмiрлерi 145-11, 145-12-жолдар алынып тасталсын; 3) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 қарашадағы № 1267 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 43, 429-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде: "1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлiмде: реттiк нөмiрлерi 26, 27-жолдар алынып тасталсын. "2. Мемлекеттік мекемелер" деген бөлiм мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "3. Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы, Шымкент қаласы; 4. Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы, Қызылорда қаласы". 5. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы" және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" республикалық мемлекеттік кәсiпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 11 маусымдағы № 722 қаулысы 5-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 26, 246-құжат) күші жойылды деп танылсын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
|