Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы (2013.23.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінiң 2013 жылғы 5 тамыздағы № 796 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік кәсiпорын туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың берiлiп отырған Тiзбесi бекітілсiн. 2. Министрлiктер, мемлекеттік комитеттер мен өзге де мемлекеттік органдар (бұдан әрi - өкiлеттi органдар) Тiзбеге сәйкес республикалық кәсiпорындарға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асыратын оларды мемлекеттік басқару органдары болып белгiленсiн. Өкiлеттi органдар Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың Тiзбесi бекітілгеннен соң екi ай мерзiм iшiнде кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн және олардың басшыларымен контракт жасасын. 3. Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың басшылары жарғылар бекітілген соң бір ай мерзiм iшiнде белгiленген тәртiппен кәсiпорындарды қайта тiркеуден өткiзсiн. 4. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетi республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзiлiмiн әзiрлесiн және оны жүргiзсiн. 5. Министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдар өздерiнiң бұрын қабылдаған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкестендiрсiн.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдiң орынбасары
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi
Тізбе 2013 ж. 23 шілдеде берілген өзгерістер және толықтыруларымен
Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|