Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы (2022.12.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереже; 2) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 230 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті құрылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің аумақтық органы - Алматы қаласы бойынша Қаржы мониторингі департаменті - мемлекеттік мекемесі құрылсын. 4. Мыналар: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің өңіраралық департаменттері - мемлекеттік мекемелері; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің өңіраралық департаменттері - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылсын; 5. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті болып; 2) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері; 3) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің аумақтық басқармалары - мемлекеттік мекемелері; 4) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері болып қайта аталсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
от 7 000 тг в месяц
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|