Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Осы редакция 2005 жылғы 15 сәуірдегі № № 45-III Қазақстан Республикасы Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 3 баптар) 2-тарау. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы (4 - 17 баптар) саласындағы мемлекеттік реттеу 3-тарау. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы (18 - 20 баптар) саласындағы жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері 4-тарау. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама (21 - 23 баптар) 5-тарау. Санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) (24 - 30 баптар) іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу 6-тарау. Қорытынды ережелер (31 - 32 баптар) Осы Заң Қазақстан Республикасы халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудiң құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайын белгілейдi. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар: Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актiсi - объектiнiң халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестiгін тексеру нәтижелерi бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам беретiн құжат; 2) адамның тiршілік етуiне қолайлы жағдайлар - тiршiлiк ету ортасы факторларының адамға зиянды ықпалы жоқ кездегi жай-күйi; 3) зиянды өндiрiстiк фактор - әсерi белгілі бір жағдайда жұмыс iстеушiнің еңбекке қабiлеттілiгiнің кәсiби тұрғыда, уақытша немесе тұрақты түрде төмендеуiн тудыруы, соматикалық және жұқпалы аурулардың жиiлiгiн арттыруы, денсаулығының бұзылуына әкелуi мүмкiн ортаның және еңбек процесiнiң факторы; 4) адамға зиянды әсер - тiршiлiк ету ортасының адамның өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн әсерi; 5) гигиеналық норматив - тiршiлiк ету ортасының белгiлi бір факторын адам үшiн қауiпсiздiгi және (немесе) зиянсыздығы тұрғысынан сипаттайтын көрсеткiштiң зерттеулер арқылы белгiленген шектi мөлшердегi ең көп немесе ең аз сандық және (немесе) сапалық мәнi; 6) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау - халықтың денсаулығын сақтау мен тiршiлiк ету ортасын қорғау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарын бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу жөніндегі қызметi; 7) дезинфекция, дезинсекция және дератизация - өндiрiстiк, тұрғын үй ғимараттарында, көлікте, қоғамдық орындардың үй-жайларында және аумақтарда жүйелi түрде жүргiзiлетiн, жұқпалы және паразиттiк аурулардың қоздырғыштарын, тұрмыстағы жәндiктер мен кеміргiштердi жоюға бағытталған шаралар кешенi; 8) дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық қызмет көрсету - дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдары мен препараттарын дайындауға, өндiруге, өңдеуге және көтерме саудада сатуға байланысты қызмет, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсету түрлерi; 9) халықтың декреттелген тобы - қызмет көрсету саласында жұмыс iстейтiн, айналасындағы адамдарға жұқпалы және паразиттiк аурулар жұқтыру қаупiн көбірек төндiретiн адамдар; 10) жұқпалы және паразиттiк аурулар - тiршiлiк ету ортасы биологиялық факторларының адамға әсер етуi себептi туындайтын және таралатын адам аурулары; 11) жеке медициналық кiтапша - мiндеттi медициналық қараулардың нәтижелерi енгiзiлетiн, халықтың декреттелген тобының өкiлiне берiлетiн жеке құжат; 12) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектiлерi - жеке және заңды тұлғалар, қызметi, қолданылуы мен пайдалануға берiлуi адам денсаулығының жай-күйiне және қоршаған ортаға зиян келтiруi мүмкiн ғимараттар, құрылыстар, өнiмдер және өзге де объектiлер; 13) шектеу iс-шаралары, оның iшiнде карантин - жұқпалы аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған және шаруашылық пен өзге де қызметтің ерекше режимiн көздейтiн шаралар; 14) улану - тiршiлiк ету ортасының химиялық, биологиялық және өзге де факторларының қатты немесе созылмалы әсер етуi кезiнде туындайтын адам аурулары; 15) мерзiмдi медициналық қарау - денсаулықтың жай-күйiн ширақ қадағалауды қамтамасыз ету, аурудың бастапқы белгiлерiн дер кезiнде анықтау, жалпы, кәсiби, жұқпалы және паразиттiк аурулардың алдын алу және оларды таратпау мақсатында, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде жүргiзiлетiн халықтың денсаулығын қарау; 16) қауіптілігi ықтимал химиялық және биологиялық заттар - белгiлi бір жағдайларда және белгiлi бір шоғырлануы адамның немесе адамдардың келешек ұрпақтарына зиянды әсерiн тигiзуi мүмкiн, қолданылуы мен пайдаланылуы санитарлық ережелермен және гигиеналық нормативтермен регламенттелетiн заттар; 17) алдын ала медициналық қарау - жұмысқа алынатын және оқуға түсетiн адамдар денсаулығының жай-күйiн анықтау, жазатайым оқиғалардың, жалпы, кәсiби, жұқпалы және паразиттiк аурулардың алдын алу және оларды таратпау мақсатында қарау; 18) халықтың денсаулығына қауiп төндiретiн өнiм - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген, оларды қолдану немесе пайдалану кезiнде адамның денсаулығына зиянды әсер етуi мүмкiн өнiмнiң түрлерi; 19) азық-түлiк шикiзаты - тамақ өнiмдерiн дайындау үшiн пайдаланылатын, өсiмдiктен, жануардан алынатын, микробиологиялық, минералды және жасанды түрдегi шикiзат; 20) санитарлық паспорт - мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектiнің, көлiк құралының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкестiгiн растайтын және оларды пайдалануға немесе қолдануға құқық беретiн құжат; 21) санитарлық-эпидемиологиялық нормалау - санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң санитарлық-гигиеналық және iндетке қарсы ережелер мен нормативтердi әзiрлеу, жүйелеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қызметi; 22) санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (бұдан әрi санитарлық ережелер) - сақталмауы адам өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн, сондай-ақ аурулардың пайда болу және таралу қаупiн туғызатын, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды (соның iшiнде тiршiлiк ету ортасы факторларының адам үшiн қауіпсiздiк және (немесе) зиянсыздық белгiлерiн) белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлер; 23) санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар - тiршiлiк ету ортасы факторларының адамға зиянды әсерiн жоюға немесе азайтуға, жұқпалы, паразиттiк аурулардың пайда болуына және таралуына, жаппай улануды болдырмауға және оларды жоюға бағытталған шаралар; 24) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы - тiршiлiк ету ортасының адамға зиянды әсер ету факторлары жоқ және оның тiршiлiк етуiне қолайлы жағдайлар қамтамасыз етiлетiн кездегi халық денсаулығының жай-күйi; 25) санитарлық-эпидемиологиялық жағдай - белгiлi бір уақытта белгiлi бір аумақтағы халықтың денсаулығы мен тiршiлiк ету ортасының жай-күйi; 26) санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды - жобалық құжаттаманың, тiршiлiк ету ортасы факторларының, шаруашылық және өзге де қызметтiң, өнiмдердiң, жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестiгiн (сәйкес еместiгiн) куәландыратын құжат; 27) санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг - халық денсаулығы мен тiршiлiк ету ортасының жай-күйiн қадағалаудың, оларды талдаудың, бағалау мен болжаудың, сондай-ақ халық денсаулығының жай-күйi мен тiршiлiк ету ортасы факторларының әсерi арасындағы себеп-салдарлық байланысты айқындаудың мемлекеттік жүйесi; 28) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама - өнiмдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулер мен шаруашылық объектілерінің және өзге де қызметтердің санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестiгiн анықтау мақсатындағы органолептикалық, санитарлық-гигиеналық, эпидемиологиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, санитарлық-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық және басқа да зерттеулер мен физикалық факторлар өлшемдерінің кешенi; 29) санитарлық-карантиндiк бақылау - ел аумағына жұқпалы және паразиттiк ауруларды, сондай-ақ адам денсаулығына қауiптілігi ықтимал заттар мен өнiмдi кiргiзуге жол бермеу мақсатында өткiзiлетiн, адамдар мен жүктердiң мемлекеттік шекара арқылы өтуiн бақылау; 30) әлеуметтiк-гигиеналық мониторинг - халық денсаулығының жай-күйi мен қоршаған орта объектілерін бақылаудың, олардың арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтаудың, оларды бағалау мен болжаудың мемлекеттік жүйесi; 31) адамның тiршiлiк ету ортасы (бұдан әрi - тiршiлiк ету ортасы) - табиғи, антропогендiк және әлеуметтiк факторлардың, адамның тiршiлiк ету жағдайын белгiлейтiн ортаның (табиғи және жасанды) жиынтығы; 32) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган - азаматтардың денсаулығын қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы; 33) тiршiлiк ету ортасының факторлары - тiршілік ету ортасының адамға және (немесе) келешек ұрпақ денсаулығының жай-күйiне әсер ететiн немесе әсер ете алатын биологиялық, химиялық, физикалық, әлеуметтiк және өзге де факторлары; 34) iндет - жұқпалы аурулардың әдетте тiркелетiн науқастану деңгейiнен айтарлықтай жоғары жаппай таралуы; 35) эпидемиологиялық маңызды объектiлер - шығаратын өнiмi және (немесе) қызметi халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары бұзылған жағдайда халық арасында тамақтан уланулардың және жұқпалы аурулар таралуының пайда болуына әкеп соғуы мүмкiн объектiлер. 2-бап. Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңдары 1. Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3-бап. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудің мiндеттерi мен принциптерi Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудiң мiндеттерi мен принциптерi: 1) азаматтардың денсаулығын сақтауға, тiршiлiк етудiң қолайлы жағдайларына және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылыққа құқықтары мен мiндеттерiн iске асыру; 2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің профилактикалық сипаты, тiршiлiк ету ортасы факторларының халық денсаулығына зиянды әсер етуiнiң алдын алу; 3) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы жариялылық; 4) санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шараларды орындау және лауазымды, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңдарын мiндеттi түрде сақтауы; 5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ететiн iс-шаралардың ғылыми-практикалық негiздiлiгi; 6) Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк; 7) жеке және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңдарын бұзуы салдарынан адамның немесе бір топ адамдардың денсаулығына келтiрген залалын өтеу мiндеттiлiгi болып табылады. 2-тарау. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік реттеу 4-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүйесi Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметi мемлекеттік органдар, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары кiретiн біртұтас жүйе болып табылады. 1. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына: 1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган, оның Мемлекеттік шекарадағы және көлiктегi аумақтық бөлiмшелерi; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары; 3) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлiмшелерi жатады. 2. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметке кiретiн ұйымдар: 1) республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станция; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2) Мемлекеттік шекарада, аумақтарда, көлiкте санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттің лауазымды тұлғаларының қатысуымен ресми iс-шаралар өткізу кезiнде санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын, мемлекеттік ұйым; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын республикалық ғылыми-зерттеу ұйымдары; 4) обаға қарсы мемлекеттік мекемелер болып табылады. 5-бап. Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметiн қаржыландыру 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ және 1) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтi қаржыландыру: 1) бюджет қаражаты; 2) жеке және заңды тұлғалармен жасасқан шарттар бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының жұмыстар мен қызметтер орындағаны үшiн түсетiн қаражаттар; 3) жеке және заңды тұлғалардың ерiктi жарналары мен қайырмалдықтары; 4) Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған басқа да көздердiң есебiнен жүзеге асырылады. 2. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 4. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6-бап. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретi Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi; 2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі қызметiне басшылықты жүзеге асырады; 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында жұқпалы және паразиттiк аурулардың әкелiнуiне және таралуына санитарлық-карантиндiк бақылауды жүзеге асырудың және Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитарлық қорғауды қамтамасыз етудің тәртібін белгiлейдi; 4) Қазақстан Республикасының аумағында iндет пайда болған кезде халықтың өмiр сүруiнiң және шаруашылық қызметiн жүргiзудiң ерекше жағдайлары мен режимдерiн белгiлейдi; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы бағдарламаларды әзiрлейдi; 6) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi; 7) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды 7-бап. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган: 1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргiзедi; 2) Қазақстан Республикасының аумағында барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауына мiндеттi, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында шешiмдер қабылдайды; 3) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары мен ұйымдарының қызметiн үйлестiредi; 4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығының мемлекеттік, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларын iске асыру бойынша салааралық үйлестiрудi, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады; 5) санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестiгi (сәйкес еместiгi) туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды бередi; 6) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлер мен бағдарламаларды Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңдарына сәйкес келтiру туралы талап қояды; 7) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының аумағында шектеу шараларын, оның iшiнде карантин енгізу (тоқтату) туралы ұсыныс енгiзедi; 8) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтi дамыту жөніндегі шараларды белгiлейдi; 9) тәртiп орнатады және жұқпалы, паразиттiк, кәсiби және басқа да аурулар мен улануларды тiркеудi жүзеге асырады; 10) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдары мен ұйымдарының қызметiн регламенттейтiн санитарлық ережелердi, гигиеналық нормативтердi, нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi; 11) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы құжаттаманың есепке алу, есептiлiгi тәртібі мен нысанын белгiлейдi; 12) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 13) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар бередi; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 14) санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторингтi ұйымдастырады және оларды жүргiзу тәртібін айқындайды; 15) халықтың гигиеналық оқуын өткізу тәртібін белгiлейдi; 16) Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған қауiптiлiгi ықтимал химиялық, биологиялық заттардың тiзiлiмiн жасайды және жүргiзедi; 17) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 18)-31) тармақшалармен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 18) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзу тәртібін бекiтедi; 19) тиiстi құжатты бере отырып, санитарлық ережелерге сәйкестiгiне санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары зертханаларын аттестаттауды және сынақ орталықтары мен зертханаларын аккредиттеу тәртібін белгiлейдi; 20) санитарлық паспорттар беру, есепке алу және жүргiзу тәртібін айқындайды; 21) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады; 22) Қазақстан Республикасының аумағын жұқпалы, паразиттiк аурулардың әкелiнуiнен және таралуынан санитарлық қорғау жөніндегі iс-шаралар ұйымдастырады; 23) жұқпалы ауруларға қарсы халықты профилактикалық егудi ұйымдастыруды және бақылау жүргiзудi жүзеге асырады; 24) өз құзыретi шегiнде тамақтан улану, жұқпалы, паразиттiк және басқа да аурулар, оның iшiнде этиологиясы белгiсiз аурулар кезiнде санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар кешенiн ұйымдастырады және жүзеге асырады; 25) өз құзыретi шегiнде жобалардың мемлекеттік және мемлекетаралық сараптамасына қатысады; 26) өнiмге, тауарларға, процестерге және қызмет көрсетулерге жобалау нормаларына мемлекеттік және халықаралық стандарттарды келiседi; 27) ғылыми-зерттеу және ғылыми-практикалық тақырыптар әзiрлеу жөнiнде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу және өзге де ұйымдардың қызметiн үйлестiредi, олардың орындалуына қатысады, ғылыми жетiстiктердi практикалық қызметке енгiзедi; 28) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялайтын) препараттарды сақтау, тасымалдау мен пайдалану тәртібін айқындайды; 29) мемлекеттік органдардың қарауына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; 30) салауатты өмiр салтын насихаттауға қатысады және халықты аурулар, тiршiлiк ету ортасының жай-күйi және жүргiзiлiп жатқан санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар туралы уақтылы хабардар ету жөніндегі iс-шараларды жүзеге асырады; 31) адам денсаулығына зиянды әсер ететiн жекелеген өнiм түрлерi мен заттарды мемлекеттік тiркеу және қайта тiркеу бойынша сараптама комиссияларын құрады. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 7-1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы және көлiктегi халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы және көлiктeгі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi: 1) Қазақстан Республикасының аумағында және Мемлекеттік шекарасында темір жол және әуе көлiгiнiң объектілерін мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады; 2) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама ұйымдастырады; 3) Қазақстан Республикасының аумағын жұқпалы, паразиттiк аурулардың әкелiнуiнен және таралуынан санитарлық қорғау жөнiнде iс-шаралар ұйымдастырады; 4) жұқпалы, паразиттiк аурулар, сондай-ақ адам денсаулығына қауiптiлiгi ықтимал заттар мен өнiмдер әкелiнген және таралған жағдайда, темір жол және әуе жолдарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнде санитарлық-карантиндiк бақылауды жүзеге асырады және санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар жүргiзедi; 5) өз құзыретi шегiнде улану, жұқпалы, паразиттiк және басқа да аурулар, оның iшiнде этиологиясы белгiсiз аурулар кезiнде санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар кешенiн ұйымдастырады және жүзеге асырады; 6) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерi жөніндегі бағдарламаларды iске асыруға қатысады; 7) тиiстi деректер қорын қалыптастыра отырып, санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторингтi жүзеге асырады, есепке алуды және статистиканы жүргiзедi; 8) адамдарды, тамақ өнiмдерiн, азық-түлiк шикiзатын, шаруашылық-ауыз суын, химиялық, уытты және радиациялық заттарды тасымалдау үшiн пайдаланылатын көлiк құралдарының санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады, сондай-ақ оларды пайдалануға келісім бередi; 9) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасайды; 10) халықты аурулар, тiршiлiк ету ортасының жай-күйi және жүргiзiлiп жатқан санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар туралы уақтылы хабардар ету жөніндегі iс-шараларды жүзеге асырады; 11) халықтың декреттелген тобын санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге оқытуды ұйымдастырады және салауатты өмiр салтын насихаттауға қатысады; 12) өз құзыретi шегiнде жобалау алдындағы және жобалық құжаттаманы қарайды және келiседi; 13) дезинфекциялауды, дезинсекциялау мен дератизациялауды ұйымдастырады және объектiлер мен ошақтарда дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау iс-шараларының жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады. |