|
|
|
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат): мынадай мазмұндағы 134-1 және 563-1-баптармен толықтырылсын: "134-1-бап. Мемлекеттік заттай гранттарды қайтару мерзiмдерiн бұзу Мемлекеттік заттай гранттардың инвестициялар туралы заңдарда белгiленген қайтару мерзiмдерiн бұзу, - заңды тұлғаларға бiр мыңнан екi мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады."; "563-1-бап. Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган 1. Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 134-1-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. 2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.". 2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат): 1) 9-баптың 6-тармағының бiрiншi бөлiгіндегі "инвесторға" деген сөз "инвестициялық жобаның атқарылуын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 12-баптың 7) тармақшасындағы "инвесторға осы Кодексте және Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарында белгiленген тәртiппен меншiкке немесе жер пайдалануға өтеусiз" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына инвестициялық жобаны iске асыру үшiн осы Кодексте және Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарында белгiленген тәртiппен уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен берiле отырып, кейiннен меншiкке немесе жер пайдалануға өтеусiз" деген сөздермен ауыстырылсын. 3. "Инвестициялар туралы" 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 4-құжат): 1) 1-бапта: 1) тармақшадағы "лизинг заттарын" деген сөздер "қаржы лизингi заттарын" деген сөздермен ауыстырылсын; 7) тармақшадағы "инвестициялық жобаны iске асыру үшiн Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының меншiгiне не жер пайдалануына өтеусiз берiлетiн" деген сөздер ", Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына инвестициялық жобаны iске асыру үшiн уақытша өтеусiз пайдалануға берiле отырып не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсыныла отырып, кейiннен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз берiлетiн" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 11-баптың 1-тармағындағы "жаңа жұмыс орындарын құруға және бар жұмыс орындарын сақтауға" деген сөздер "қазақстандық кадрлардың біліктiлiгiн арттыруға" деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтағы "қызметтiң кiшi түрлерiн сыныптаушы" деген сөздер "экономикалық қызмет түрлерiн жалпы сыныптаушының сыныптары" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтағы "инвестормен" деген сөздер "инвестициялық жобаның атқарылуын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасымен" деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 15-баптың 3) тармақшасындағы "инвестордың" деген сөз "тапсырыс берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының" деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "1. Инвестициялық салықтық преференциялар әрбiр жекелеген жағдайда қызмет түрлерiне және тiркелген активтерге салынатын инвестициялардың көлемiне байланысты айқындалатын мерзiмге берiледi."; 6) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын: "17-бап. Кеден баждарын салудан босату 1. Кеден баждарын салудан босату инвестициялық жобаны iске асыру үшiн әкелiнетiн жабдықтар мен олардың жиынтықтаушы бұйымдарының импорты кезiнде ұсынылады. 2. Кеден баждарын салудан босату келісім-шарттың қолданыс мерзiмiне, бiрақ келісім-шарт тiркелген кезден бастап 5 жылдан аспайтын мерзiмге ұсынылады. 3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес қабылданған шешiм туралы хабарламаны уәкiлеттi орган бес жұмыс күнi iшiнде кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органға жiбередi."; 7) 18-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "1. Мемлекеттік заттай гранттарды осы Заңда белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган мемлекеттік мүлiктi және жер ресурстарын басқару саласындағы тиiстi мемлекеттік органдармен келісім бойынша инвестициялық мiндеттемелер келісім-шартқа сәйкес орындалған жағдайда кейiннен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз бере отырып, уақытша өтеусiз пайдалануға не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен бередi. Ұсынылған мемлекеттік заттай грантты меншiкке немесе жер пайдалануға өтеусiз беру үшiн уәкiлеттi органның шешiмi негiз болып табылады. Уәкiлеттi органның шешiмi осы Заңның 21-1-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес өзi жүргiзген тексеру нәтижелерiнiң негiзiнде қабылданады."; 1)-3) тармақшаларда: "нотариаттық тәртiппен" деген сөздер "нотариаттық" деген сөзбен ауыстырылсын; "нотариаттық тәртiппен куәландырылған" деген сөздер алып тасталсын; 5) тармақшадағы "құжаттар" деген сөз "құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшiрмелерi" деген сөздермен ауыстырылсын; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "6) инвестициялық жобаны қаржыландырудың көздерi мен кепiлдiктерiн белгiлейтiн, құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшiрмелерi. Инвестициялық жобаны өз қаражаты есебiнен қаржыландырған жағдайда олардың бар екендiгi туралы жазбаша растама қағазы қоса берiледi;"; 7) тармақшадағы "инвестор" деген сөз "өтiнiм берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын: "8) өтiнiм берiлген тоқсанның алғашқы күнiне арналған бухгалтерлiк баланс; 9) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы тiркеу орны бойынша салық органының анықтамалары болған жағдайда қабылдайды және тiркейдi."; "Инвестициялық" деген сөздiң алдынан мәтiн "1." деген цифрмен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын: "2. Инвестициялық преференцияларды беруге жасалған өтiнiмдердi қабылдау, тiркеу және қарау тәртібін уәкiлеттi орган айқындайды."; 10) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын: "21-1-бап. Мониторинг және келісім-шарт талаптарының сақталуын бақылау 1. Келісім-шарт жасасқаннан кейiн Қазақстан Республикасының келісім-шарт жасасқан заңды тұлғасы уәкiлеттi органға: 1) тоқсан сайын есептiк тоқсаннан кейiнгi айдың жиырма бесiнен кешiктiрмей статистика жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша инвестициялық жобаны iске асыру туралы есептi; 2) жыл сайын бiрiншi маусымнан кешiктiрмей: статистика жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша бiр жылғы есептi және оған түсiндiрме жазбаны; тiркелген активтердiң пайдаланылуға енгiзiлуiн растайтын құжатты; аудиторлық есеппен расталған: инвестициялық қызмет нәтижесіндегі кiрiстер мен шығыстар туралы есептi; бiр жыл iшіндегі бухгалтерлiк балансты; тiркелген активтердiң таратып көрсетiлген түсiндiрiлiмiн ұсынады. Аудиторлық есеп өткен жылдағы қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерiн талдауды және келісім-шарт бойынша инвестициялық мiндеттемелердiң орындалуы туралы ақпаратты қамтуға тиiс. 2. Уәкiлеттi орган мониторингтi және келісім-шарт талаптарының сақталуын бақылауды өзi бекiткен тәртiппен тексерудiң мынадай нысандарында: 1) инвестициялық жобаларды iске асыру туралы есептiлiктi; 2) ұсынылған аудиторлық есептер негiзiнде; 3) инвестициялық қызмет объектiсiне бара отырып, оның iшiнде, инвестициялық жобаны iске асыру жөніндегі құжаттарды қарау арқылы жүзеге асырады."; 3-тармақтың бiрiншi бөлiгінде: бiрiншi абзацтың мемлекеттік тiлдегi мәтiнi өзгермейдi. 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "2) Қазақстан Республикасының келісім-шарт жасасқан заңды тұлғасы келісім-шарт бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда;"; мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: "3) осы Заңның 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының келісім-шарт жасасқан заңды тұлғасы табыс еткен есептiлiктегi мәлiметтердiң бұрмаланғаны немесе жасырылғаны анықталған жағдайда, бұл туралы Қазақстан Республикасының келісім-шарт жасасқан заңды тұлғасына жазбаша түрде хабарлаған кезден бастап үш ай өткен соң келісім-шартты бiржақты тәртiппен бұзуға құқылы."; екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: "Бұл жағдайларда аталған заңды тұлға келісім-шарт бойынша берiлген инвестициялық преференциялар салдарынан төленбеген салықтар мен кеден баждарының сомасын Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген айыппұл санкцияларын қолдана отырып төлейдi."; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "4. Қазақстан Республикасының келісім-шарт жасасқан заңды тұлғасының бастамасы бойынша келісім-шарт бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде, аталған заңды тұлға келісім-шарт бойынша берiлген инвестициялық преференциялар салдарынан төленбеген салықтар мен кеден баждарының сомасын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өсiмпұлды есептей отырып төлейдi.". 5 және 6-тармақтардағы "инвестор" деген сөз "Қазақстан Республикасының келісім-шарт жасасқан заңды тұлғасы" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын: "7. Мемлекеттік заттай грантты қайтаруды Қазақстан Республикасының келісім-шарт жасасқан заңды тұлғасы уәкiлеттi орган келісім-шартты мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм қабылдағаннан кейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде жүзеге асырады.". 2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев
Астана, Ақорда , 2005 жылғы мамырдың 4-і № 48-III ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |