ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 5 Жарлығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Президентi туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 16-бабының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiнiң 138-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ETEMIH: 1. «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөнiндегі есеп комитеті туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., № 26, 273-құжат) мынадай өзгерiс енгізiлсiн: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi туралы ереже осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Астана, Ақорда, 2005 ж. мамырдың 4-і. № 1570
Президентінің 2005 жылғы 4 мамырдағы № 1570 Жарлығына қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығымен бекітілген
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi туралы ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң (бұдан әрі - Есеп комитетi) мәртебесiн, өкiлеттіктерiн және жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Есеп комитеті республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік қаржы бақылауының жоғары органы болып табылады. 2. Есеп комитетiнiң негiзгi мiндеттерi: 1) республикалық бюджеттiң атқарылу мәселелерiн реттейтiн бюджеттік заңнама және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының сақталуын бақылау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|