“Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Швеция
Корольдігіне 2004 жылғы 25-26 қазандағы ресми сапары барысында қол
жеткiзiлген уағдаластықтарды iске асыру жөніндегі iс-шаралар
жоспарын бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 13 мамырдағы
№ 119-ө Өкімі
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Швеция Корольдігіне 2004 жылғы 25-26 қазандағы ресми сапары барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды iске асыру және қазақстан-швеция ынтымақтастығын одан әрi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Швеция Корольдiгiне 2004 жылғы 25-26 қазандағы ресми сапары барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдары (келісім бойынша) және мүдделi ұйымдар Жоспарда көзделген iс-шараларды орындау жөнiнде тиiстi шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі тоқсанына кемiнде бiр рет есептiден кейiнгi айдың 10-күнiне Жоспардың орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсiн.
Премьер-Министр | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2005 жылғы 23 мамырдағы
№ 119-ө өкімімен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың
Швеция Корольдігіне 2004 жылғы 25-26 қазандағы ресми
сапары барысында қол жеткiзілген уағдаластықтарды iске
асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары
P/c N | Iс-шара | Орындалу мерзiмi | Орындалуына жауаптылар |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Швеция Корольдігінiң премьер-министрi Горан Перссонның Қазақстан Республикасына ресми сапарын ұйымдастыру мәселесiн пысықтау. | 2005 жылғы төртiншi тоқсан | Қазақстан Республи- касы Сыртқы iстер министрлігі |
2 | Қазақстан - Швеция сауда- экономикалық ынтымақтас- тығы жөніндегі үкiмета- ралық комиссиясын құру мәселесiн пысықтау. | 2005 жылғы үшiншi тоқсан | Қазақстан Республи- касы Индустрия және сауда министрлігі, Қазақстан Республи- касы Сыртқы iстер министрлігі |
3 | Мынадай: энергетика, мұнай-химия өнеркәсiбi және iлеспе өндiрiстер; мал шаруашылығы және сүт өндiрiсi (сүт өндiру және қайта өңдеу "De Laval"); металлургия("Boliden", "Sandvik" металлургиялық компанияларының ұсыныс- тарын қарау); қаржы секторында (Экс- порттық кредиттерге кепiлдiк беру жөнiндегі швециялық басқарма (ЕКN); жаңа технологиялар ("Ericsson", "АВВ"); жиhаз өндiрiсi ("IКЕА" компаниясының жиhаз өн- дiрiсi жөнiндегі тапсы- рыстарын Қазақстанның кәсiпорындарына орналас- тыру, бiрлескен кәсiпо- рындар құру) салаларында маманданатын швециялық компаниялармен өзара тиiмдi ынтымақтастық мүмкiндiгiн қарау. | 2005 жылғы үшiншi тоқсан | Қазақстан Республи- касы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, Қазақ- стан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгі Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республи- касы Индустрия және сауда министрлігі "Қазақстанның Экс- порттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегі мемлекеттік сақтан- дыру корпорациясы" АҚ Қазақстан Республи- касы Индустрия және сауда министрлiгі, Қазақстан Республи- касы Ақпараттандыру және байланыс агент- тiгі, "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ (келісім бойынша) Қазақстан Республи- касы Индустрия және сауда министрлiгі |
4 | Швеция тарапымен бiрле- сiп ғылыми-техникалық ынтымақтастық, технопарк- тердi дамыту саласындағы жобаларды пысықтау. | 2005 жылғы үшiншi тоқсан | Қазақстан Республи- касы Индустрия және сауда министрлігі, Қазақстан Республи- касы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгі, "Қазақс- танның Инвестициялық Қоры" АҚ (келісім бойынша), "Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы" АҚ (келісім бойынша) |
5 | Мынадай: Қазақстан Республикасы- ның Үкiметі мен Швеция Корольдігі Үкіметінiң арасындағы жолаушылар мен жүктердiң халықара- лық автомобиль тасымал- дары туралы; Қазақстан Республикасы- ның Үкіметі мен Швеция Корольдiгi Үкіметі ара- сындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімдер- дiң күшiне енуi үшiн қажетті мемлекетішілiк рәсiмдердi аяқтау. | 2005 жылғы төртiншi тоқсан | Қазақстан Республи- касы Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республи- касы Индустрия және сауда министрлігі |
6 | Қазақстан Республикасын- да швед экономикасының және Швеция Корольдiгiн- де қазақстан экономика- сының күндерiн өткізу мәселелерiн қарау. | 2005 жылғы төртiншi тоқсан | Қазақстан Республи- касы Индустрия және сауда министрлігі |
7 | Вастерос қаласының (Швеция Корольдiгі) Қазақстан қалаларының бiрiмен бауырластық байланыстарын орнату жө- нiнде ұсыныстар енгізу. | 2005 жылғы төртiншi тоқсан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі. |
8 | Қазақстан Республикасы мен Швеция Корольдiгi арасындағы ынтымақтастық- ты дамыту және екi жақты деңгейде де, халықаралық өңiрлiк ұйымдар шеңберiн- де де халықаралық терро- ризмге және жаппай қырып- жоятын қаруларды тара- туға, ұйымдасқан қылмысқа, заңсыз есiрткi айналымына, адамдар саудасы мен заңсыз көшi-қонға қарсы күрес жөнiндегі өз күш- жiгерлерiн үйлестiру. | 2006 жылғы үшiншi тоқсан | Қазақстан Республи- касы Iшкi iстер министрлігі, Қазақстан Республи- касы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республи- касы Сыртқы iстер министрлiгі, Қазақстан Республи- касы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, Қазақстан Республи- касы Ұлттық қауiп- сiздiк комитетi (келісім бойынша) |
9 | Келесi екi жақты кезде- сулер барысында швед та- рапымен Қазақстан Респу- бликасындағы экологиялық зардап шеккен өңiрлердi оңалту (бұрынғы Семей полигоны өңiрi және Арал теңiзi ауданы) және трансшекаралық су ресур- старын бөлу мәселесiн реттеу жобалары жөнiнде ынтымақтастық мүмкiндi- гiн қарау. | 2006 жылғы үшiншi тоқсан | Қазақстан Республи- касы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашылығы министрлігі |