“Беларусь Республикасының президентi Александр Григорьевич Лукашенконың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы”
Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және 2005 жылғы 18-19 мамырда Астана қаласында Беларусь Республикасының президентi Александр Григорьевич Лукашенконың Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында: 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің Iс басқармасы (келісім бойынша): қосымшаға сәйкес Беларусь Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөнiнде қажеттi ұйымдастыру шараларын қабылдасын; 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен сапарды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келісім бойынша) Беларусь Республикасының ресми делегациясы мүшелерiнiң Астана қаласының әуежайындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бірге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетудi қамтамасыз етсiн. 4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі белгіленген тәртiппен: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен және Сыртқы iстер министрлігімен бiрлесiп, Беларусь Республикасының президентi Александр Григорьевич Лукашенконың арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|