Мемлекеттік қызмет туралы заңдарды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
Осы редакция Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 7 сәуірдегі № 02-01-02/46 Бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 5 бабы 1 тармағының 9), 11)-13) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттігі туралы ережесінің 10 тармағының 3)-7) тармақшаларына сәйкес Бұйырамын: 1. Мыналар бекітілсiн: 1) қоса берiлiп отырған Мемлекеттік қызмет туралы заңдарды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды сақтау мәселесi жөнiнде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметiне тексеру жүргiзудің тәртібі туралы ереже; 2) № 1 қосымшаға сәйкес тексеру жүргiзу кезіндегі қолданылатын нормативтi құқықтық актiлердiң үлгi тiзімі; 3) № 2 қосымшаға сәйкес тексеру жүргiзу кезіндегі оқып, зерделеуге жататын құжаттар мен мәлiметтердiң үлгi тiзiмi; 4) № 3 қосымшаға сәйкес тексерулердің нәтижесi туралы ай сайынғы есеп берудің N А-1 нысаны. 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгі аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары есептi айдан кейiнгi айдың 5-жұлдызынан кешiктiрмей, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттігінің Мемлекеттік қызметтi құқықтық қамтамасыз ету департаментiне N А-1 нысаны бойынша ай сайын түсiндiрме жазба қосымшасымен есеп беріп отырсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|