Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 24 мамырдағы № 503 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңын іске асыру және мемлекеттік астық ресурстарын мемлекеттік басқаруды тәртіпке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесі бекітілсін. 2. "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агент болып анықталсын. ҚР Үкіметінің 07.10.02 ж. № 1096 қаулысымен 3-тармақтын күші жойылды 3. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қарашадағы № 1731 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 51, 498-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде: 9-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1)-тармақшамен толықтырылсын: "10-1) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды жүзеге асырады;". 4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiн, мемлекеттік жемдiк астық ресурстарын мемлекеттік тұқымдық астық ресурстарын қалыптастырудың, сақтаудың, жаңартудың және пайдаланудың, сондай-ақ мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын қалыптастырудың, сақтаудың және сатудың тәртібін реттейдi. 2. Мемлекеттік ресурстардың астығы мемлекеттік (республикалық) меншiк болып табылады. 3. Мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервi азық-түлiктiк астықтың мемлекеттік запасы болып табылады және: 1) Қазақстан Республикасының жұмылдыру қажеттерiн; 2) Қазақстан Республикасының азық-түлiктiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге арналған. 4. Мемлекеттік жемдiк астық ресурстары жемдiк астықтың мемлекеттік запасы болып табылады және мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының негiзге алынған көлем шегiнде азық жөніндегі қажеттерiн қамтамасыз етуге арналған. 5. Мемлекеттік тұқымдық астық ресурстары Қазақстан Республикасының тұқым материалына деген қажеттерiн тұрақты қамтамасыз ету үшiн құрылған және соған арналған тұқымдық астық запасы болып табылады. 6. Мемлекеттік сатылатын астық ресурстары: 1) астықтың iшкi рыногын реттеу; 2) мемлекетаралық келісімдердiң орындалуын қамтамасыз ету; 3) мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiн, мемлекеттік жемдік және тұқымдық астық ресурстарын толықтыру және жаңарту үшiн құрылған және соған арналған астық запасы болып табылады. 7. Мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агент (бұдан әрi - Агент) оған жүктелген функцияларды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жасалған шарттың негiзiнде және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 8. Агент уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiнiң, сатылатын астық ресурстарының, жемдiк және тұқымдық астық ресурстарының мемлекеттік астық ресурстарымен жасалатын операциялардан алынған қаражаттың болуы және қозғалысы туралы тоқсан сайын есеп береді, сондай-ақ мемлекеттік астық ресурстарының жағдайы туралы ай сайын есеп бередi. 2. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру 9. Мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiнiң, мемлекеттік жемдiк астық ресурстарының, мемлекеттік тұқымдық астық ресурстарының және мемлекеттік сатылатын астық ресурстарының көлемi Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмi бойынша жыл сайын белгiленедi. Мемлекеттік ресурстардың құрамына үшiншi сыныпты жұмсақ бидайға балама есептелген, тиiстi МЕМСТ-тың талаптарына сай келетiн дәндi дақылдардың кез келген түрi кiруi мүмкiн. Бұл ретте, мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервi азық-түлiктiк астықтан тұруы тиiс, мемлекеттік жемдiк астық ресурстары жемдiк астықтан тұруы тиiс, мемлекеттік тұқымдық астық ресурстары төртiншi репродукциядан төмен емес және сапасы бойынша үшiншi сыныптан төмен емес себу стандартының талаптарына сай келетiн сорттық тұқымнан тұруы тиiс. 10. Мемлекеттік сатылатын астық ресурстары мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiн толықтырудың және жаңартудың көзi болып табылады. 11. Мемлекеттік жемдiк астық ресурстарын қалыптастыруды және жаңартуды уәкiлеттi орган агент арқылы мемлекеттік жемдiк астық ресурстарын сатудан түскен қаражатқа сатып алу, қайтару коэффициентiн ескере отырып, берiлген жемдiк қарыздарды қайтару жолымен, сондай-ақ мемлекеттік сатылатын астық ресурстарының және Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген өзге де көздердiң есебiнен жүргiзедi. 12. Мемлекеттік тұқымдық астық ресурстарын қалыптастыруды және жаңартуды уәкiлеттi орган агент арқылы мемлекеттік тұқымдық астық ресурстарын сатудан түскен қаражатқа сатып алу, қайтару коэффициентiн ескере отырып, бұрын берiлген тұқымдық несиенi қайтару жолымен, сондай-ақ мемлекеттік сатылатын астық ресурстарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген өзге де көздердiң есебiнен жүзеге асырады. 13. Мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын қалыптастыруды уәкiлеттi орган агент арқылы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негiзiнде жүзеге асырылатын жыл сайынғы астық сатып алу жолымен және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң тиiстi жылға арналған мемлекеттік астық сатып алу туралы шешiмімен белгіленген тәртiппен жүргiзедi. 3. Мемлекеттік астық ресурстарын сақтау 14. Мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiн сақтау республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Мемлекеттік жемдiк астық ресурстарын, мемлекеттік тұқымдық астық ресурстарын және мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын сақтау оларды сатудан алынған қаражаттың есебiнен жүзеге асырылады. 15. Мемлекеттік азық-түлiктiк астықтың резервi Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасымен белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган анықтайтын Қазақстан Республикасының аумағындағы астық қабылдау кәсiпорындарының астық қоймаларында сақталады. 16. Мемлекеттік жемдiк астық ресурстары, мемлекеттік тұқымдық астық ресурстары және мемлекеттік сатылатын астық ресурстары Қазақстан Республикасы Yкіметінiң тиiстi жылға арналған астықты мемлекеттік сатып алу туралы шешіміне сәйкес уәкiлеттi орган анықтайтын астық қабылдау кәсiпорындарында сақталады. 17. Мемлекеттік астық ресурстарын сақтау шарттарын уәкiлеттi орган анықтайды. 18. Мемлекеттік астық ресурстарының жұмсалмауы мен сандық-сапалық сақталуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агент пен астық қабылдау кәсiпорнының жауапкершiлiгiне жүктеледi. 19. Уәкiлеттi орган және агент (сақтау шартының талаптарына сәйкес) астық қабылдау кәсiпорындарынан мемлекеттік астық ресурстарын сақтау жөнiнде қажетті ақпарат пен есептердi алуға құқылы. 4. Мемлекеттік астық ресурстарын пайдалану 20. Мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiн пайдалану тек қана Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылады. Мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiн пайдаланған кезде оның азаймайтын запасы белгiленген мөлшердiң 50 пайызынан төмен болмауы тиiс. Мемлекеттік резервтiң пайдаланылған көлемiнiң орнын толтыру оны пайдалану туралы шешiм қабылданған күнінен бастап бір ай ішiнде жүргiзiледi. Мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiн жаңарту оған белгiленген сақтау мерзiмiнiң аяқталуына байланысты кейiннен мiндеттi түрде мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiнiң белгiленген көлемiн қолдауды және оның сапасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында салу арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiн жаңартуды агент жүзеге асырады. Бұл ретте, мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервін жаңартуды жүргiзудiң нақты мерзiмiн уәкiлеттi орган анықтайды. 21. Мемлекеттік жемдiк астық ресурстарын пайдалану көлемi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен анықталады. Жемдiк астыққа мұқтаж ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердің тізбесiн уәкiлеттi орган анықтайды. Мемлекеттік жемдiк астық ресурстарын пайдалану жемдiк несие беру және сату жолымен жүзеге асырыла алады. Жемдік несие беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсiмделген Қазақстан Республикасы екіншi деңгейдегi банкінің кепiлдiгiн беру кезiнде қайтарымды және коммерциялық негiзде жүргiзіледi. Сату алдын ала төлем жасалған немесе Қазақстан Республикасы екiншi деңгейдегi банкінің төлем кепiлдiгi болған кезде жүзеге асырылады. Қамтамасыз етудiң басқа түрлерi бойынша мемлекеттік жемдiк астық ресурстарын пайдалануға тек қана пайдаланылатын астықтың көлемi, қарыз алушы және қамтамасыз етудiң тиiстi түрi белгiленетiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi болған кезде жол берiледi. 22. Мемлекеттік тұқымдық астық ресурстарын пайдалану көлемi Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмiмен анықталады. Тұқымдық астыққа мұқтаж ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң тiзбесін уәкiлеттi орган анықтайды. Мемлекеттік тұқымдық астық ресурстарын пайдалану тұқымдық қарыз беру және сату жолымен жүзеге асырыла алады. Тұқымдық қарыз беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделген Қазақстан Республикасы екiншi деңгейдегi банкінің кепiлдiгi болған кезде қайтарымды және коммерциялық негiзде жүргiзiледi. Сату алдын ала төлем жасалған немесе Қазақстан Республикасы екiншi деңгейдегi банкінің кепiлдiгi болған кезде жүзеге асырылады. Қамтамасыз етудiң басқа түрлерi бойынша мемлекеттік тұқымдық астық ресурстарын пайдалануға тек қана пайдаланылатын астықтың көлемi, қарыз алушы және қамтамасыз етудiң тиiстi түрi белгiленген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмі болған кезде жол берiледi. 23. Мемлекетаралық келісімдердi орындау бөлiгiнде мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын пайдалану, мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiн, мемлекеттік жемдiк және тұқымдық астық ресурстарын толықтыру Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерi негiзінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік сатылатын ресурстардан астықты мемлекетаралық келісімдерден тыс экспорттық жеткізiлiмдердi агент жүзеге асырады. Бұл ретте, мемлекеттік сатылатын ресурстардан астықты мемлекетаралық келісімдерден тыс экспорттық жеткiзiлiмдердiң көлемiн уәкiлеттi орган анықтайды. Астықтың ішкі рыногын реттеу үшiн мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын пайдалану астықты қайта өңдеу өнiмдерi мен нан бұйымдары бағасының негiзсiз өсуiн болдырмау мақсатында жүзеге асырылады. Астықтың iшкi рыногын реттеу үшiн мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын пайдалану көлемi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен анықталады. Бұл ретте, сату мерзiмiн, бағасын, мемлекеттік сатылатын ресурстардан астық сатылатын астық өңдеуші ұйымдардың тiзбесiн уәкiлеттi орган анықтайды. Мемлекеттік азық-түлiктiк астық ресурстарын жаңалау үшiн мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын пайдалануды агент уәкiлеттi орган бекiткен тәртiпке сәйкес жүзеге асырады. 24. Мемлекеттік астық ресурстарын сақтауға байланысты шығындар, мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiн қоспағанда, оларды сатудың және өзге де коммерциялық пайдаланудың бағасына енгiзiлуi тиiс. 5. Мемлекеттік астық ресурстарының сапасын сертификаттау 25. Мемлекеттік астық ресурстарының сапасын сертификаттауды белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган тiркеген ұйымдар (зертханалар) жүзеге асырады. 26. Мемлекеттік ресурстардағы астықтың сапасын сертификаттау жөніндегі ұйымдарды (зертханаларды) ірiктеудi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Мемлекеттік ресурстардағы астықтың сапасын сертификаттау, қажеттiлiгiне қарай оны iшкi рынокта сату мақсатында, экспорт және импорт кезiнде жүзеге асырылады. 27. Мемлекеттік жемдiк астық ресурстарындағы және мемлекеттік сатылатын ресурстардағы астықтың сапасын сертификаттау оларды сатудан түскен қаражаттың есебiнен жүргiзiледi. Мемлекеттік тұқымдық астық ресурстарын тұқымдық сараптау функционалдық бюджеттік бағдарлама шеңберiнде республикалық бюджетте көзделген қаражаттың есебiнен жүргiзiледi. 6. Мемлекеттік астық ресурстарымен жасалатын операцияларды қаржыландыру 28. Агент Астана қаласы бойынша Қазынашылық басқармасында үш арнайы шот ашады: бірiншiсi, мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын сатып алуға арналған бюджет қаражаты түсетiн (бұдан әрi - № 1 арнайы шот), екiншiсi, мемлекеттік сатылатын ресурстардың сатылған астығы үшiн алынған ақша және мемлекеттік астық ресурстарымен жасалатын операциялардан алынған басқа кiрiстер жинақталатын және уәкiлеттi орган мен агент әкiмшiлiк жүргiзетiн (бұдан әрi - № 2 арнайы шот), үшiншiсi, мемлекеттік азық-түлiктiк астық ресурстарын сақтауға арналған бюджет қаражаты түсетiн (бұдан әрi - № 3 арнайы шот). 29. Мемлекет агентке мемлекеттік астық ресурстарын басқарғаны үшiн № 2 арнайы шотқа келiп түскен қаражаттың есебінен сатылған астық құнының 6 пайызына дейiнгi мөлшерде комиссиялық сыйақы төлейді. Комиссиялық сыйақының мөлшерiн жыл сайын агент беретiн есеп айырысулардың негiзiнде уәкiлеттi орган белгiлейдi. Ескерту. 29-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.08. № 1422 қаулысымен. 30. Мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiнен басқа, мемлекеттік астық ресурстарын сақтау және уәкiлеттi орган бекiткен смета бойынша астықты сатумен байланысты шығындар, мемлекеттік ресурстар астығы бойынша бюджетке төленуге жататын қосылған құнға салынатын салық, сондай-ақ мемлекеттік ресурстар астығының қозғалысымен байланысты кiрiстер жөніндегі заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша төлемдер № 2 арнайы шотқа түсетiн қаражаттың есебiнен төленедi. 31. Мемлекеттік ресурстардың астығын сатудан және мемлекеттік ресурстар астығымен жасалатын өзге де операциялардан № 2 арнайы шотқа түскен ақша агенттiң комиссиялық сыйақысын, мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiнен басқа, мемлекеттік астық ресурстарын сақтауға жұмсалатын шығындарды, 29 және 30-тармақтарға сәйкес төленуге жатқызылған заңды тұлғалардан алынатын қосылған құнға салынатын салық және табыс салығы бойынша төлемдердi шегере отырып, тiзiмдемеге сәйкес республикалық бюджеттiң кiрiсiне аударылады. 32. Агент мемлекеттік астық ресурстарымен жасалатын операциялардың бухгалтерлiк есебiн өз қызметiнiң нәтижелерiнен бөлек, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 5 наурыздағы № 330 қаулысымен бекітілген, Астықтың мемлекеттік ресурстарымен және агенттiң өзiнiң қаржы-шаруашылық қызметiнде жасалатын операцияларды жеке есепке алу жөніндегі бухгалтерлiк есептiң ережесiне сәйкес жүргiзедi. 33. Агенттiң салықтық есептi жүргiзуі: 1) қосылған құнға салынатын салық: агент тiркелген орны бойынша аумақтық салық органына; мемлекеттік астық ресурстарына қызмет көрсеткенi үшiн төленетiн комиссиялық сыйақыны қоса алғанда, өзінің қызметi бойынша; мемлекеттік астық ресурстарын сатып алу, сақтау, сату № 2 арнайы шоттағы уақытша бос ақшаларды банктердегi депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыру, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік астық ресурстарымен жүргiзiлетiн басқа да операциялар жатқызылатын мемлекеттік ресурстар астығының қозғалысымен байланысты айналымдар бойынша қосылған құнға салынатын салық жөнінде екi декларация тапсырады. Агенттiң өз қызметi бойынша бюджетке қосылған құнға салынатын салықты төлеуi агенттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Мемлекеттік ресурстар астығының қозғалысымен байланысты айналымдар бойынша бюджетке төленетiн қосылған құнға салынатын салықты төлеу № 2 арнайы шотқа түсетiн қаражат есебiнен жүзеге асырылады. 2) заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы: агент тiркелген орны бойынша аумақтық салық органына: мемлекеттік астық ресурстарына қызмет көрсеткенi үшiн төленген комиссиялық сыйақы түріндегі кiрiстердi қоса алғанда, өз қызметiнiң нәтижелерi бойынша; мемлекеттік астық ресурстарын сатып алу, сақтау, сату, № 2 арнайы шоттағы уақытша бос ақшаларды банктердегi депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыру, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік астық ресурстарымен жасалатын басқа да операциялардың нәтижелерiн қоса алғанда, мемлекеттік ресурстар астығының қозғалысымен байланысты нәтижелер бойынша жылдық жиынтық табыс және жүргiзiлген шегерiмдер туралы екi декларация тапсырады. Бұл ретте, мемлекеттік ресурстар астығының қозғалысымен байланысты нәтижелер бойынша декларацияда салық салынатын табысты анықтаған кезде, осы операциялардың кiрiстерi мен шығыстары көрсетiледi. Аумақтық салық органына мәлiмделген салық жылындағы заңды тұлғалардан алынатын болжамды табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң сомаларын төлеу және агенттiң өз қызметiнiң нәтижелерi жөніндегі табыс салығы бойынша түпкiлiктi есеп агенттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Аумақтық салық органына мәлiмделген салық жылындағы заңды тұлғалардан алынатын болжамды табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң сомасын төлеу және мемлекеттік ресурстар астығының қозғалысымен байланысты нәтижелер бойынша табыс салығы жөніндегі түпкiлiктi есеп № 2 арнайы шотқа түсетiн қаражаттар есебiнен жүзеге асырылады. 7. Қорытынды ережелер 34. Мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiнiң құпиялығын қамтамасыз ету режимi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылды деп танылуға жататын шешiмдерiнiң тiзбесi 1. "Мемлекеттік ресурстар мен резервтiң астығын пайдалану тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 30 қыркүйектегi № 1506 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 48, 460-құжат) 1 және 3-тармақтары. 2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 23 желтоқсандағы № 1964 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 58, 563-құжат) 1-тармағының 1) тармақшасының төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетіншi, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы, он бірiншi, он екiншi және он үшiншi абзацтары. 3. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне тұқымдық мақсатқа күрiштiң астықтық несиесiн беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 21 наурыздағы № 425 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 16, 165-құжат) 3-тармағы. 4. "Мемлекеттік ресурстар мен резервтiң астығын пайдаланудың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 27 қыркүйектегi № 1455 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 41, 471-құжат) 1-тармағының 1) тармақшасының үшiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы, он бірiншi және он екiншi абзацтары. |