Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ҚР Үкіметінің 2002 ж. 10 қазандағы № 1096 қаулысымен осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзыретін нақтылау жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы № 235 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереже бекітілсін. 2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 наурыздағы № 206 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 7, 57-құжат) 1-тармағының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 1999 жылғы 16 қарашадағы № 1731 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереже 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 02.09.01 ж. № 584; 22.09.01 ж. № 1222 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) ауыл шаруашылығы аясында, сондай-ақ мал дәрігерлігі, фитосанитария, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мелиорация, суландыру және кәріз саласында басшылықты, сол сияқты заңдарда көзделген шектерде ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және ауыл шаруашылығы шикізаттары мен өнімдерін алғашқы өңдеу,астық рыногы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, оған қатысушылардың қызметін үйлестіру мен реттеуді, сондай-ақ мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды салааралық үйлестіруді іске асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|