|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын (2006.26.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2008.11.06. № 573 Қаулысымен күші жойылды
«Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшiн үмiткерлердi iрiктеу ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 26 мамырдағы № 511 қаулысымен Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшiн үмiткерлердi iрiктеу ЕРЕЖЕСI
Осы Ереже «Шетелде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендияларын белгiлеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 қарашадағы № 1394 қаулысымен белгiленген шетелде кадрлар даярлауға Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшiн (бұдан әрі - «Болашақ» стипендиясы) үмiткерлердi iрiктеу тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 328 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. "Болашақ" стипендиясы дербес болып табылады және оны жыл сайын Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрi - Республикалық комиссия) Қазақстан үшiн неғұрлым қажеттi мамандықтар бойынша стипендиаттар жоғары арнаулы білім, бакалавр, магистр, ғылым кандидаты, докторы (Рh.D) дәрежелерiн алу, сондай-ақ шетелдiк жоғары оқу орындарында күндiзгi оқыту нысаны бойынша клиникалық ординатурада және аспирантурада кадрларды медициналық мамандықтар бойынша оқыту мақсатында тағайындайды. 2. Оның негiзiнде "Болашақ" стипендиясы тағайындалатын Қазақстан үшiн неғұрлым қажеттi мамандықтардың жыл сайынғы тiзбесiн (бұдан әрi - мамандықтар тiзбесi) жұмыс органы болып табылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң (бұдан әрi - жұмыс органы) ұсынуы бойынша Республикалық комиссия бекiтедi. ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 328 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясына құжаттар тапсыру және конкурс (бұдан әрі - конкурс) өткізу мерзімін жыл сайын жұмыс органы айқындайды. Жұмыс органы конкурс өткізгенге дейін ресми баспасөзде оның басталуы туралы хабарландыру жариялайды, ұсынылатын құжаттарды осы Ереженің 2, 3-тарауларында белгіленген талаптарға сәйкес келу мәніне зерделейді. Құжаттар осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, жұмыс органы екі апта мерзімде үміткерді бас тарту себептері туралы міндетті түрде хабардар ете отырып, құжаттарды қараудан бас тартады. ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 328 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 4. "Болашақ" стипендиясын қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады және ол жұмыс органының оқытуға, визаларды ресiмдеуге, шетелдiк жоғары оқу орындарының сауалнамалық нысандарына ақы төлеуге, қабылдаушы елдердiң уәкілеттi органдарында стипендиаттарды тiркеуге, тұруына, тамақтануына, оқу әдебиетiнiң бір бөлiгiне, медициналық сақтандыруға, оқуға түскен кезiнде Қазақстандағы тұрғылықты жерiнен оқитын жерiне дейiн және оқуын аяқтағаннан кейiн қайта оралуына, әрбір оқу жылынан кейiн Қазақстандағы тұрғылықты жерiне дейiнгі жолына және қайта оралуына кететiн шығыстардың барлық түрлерiн, осы Ереженiң 14-тармағында көрсетілген тәуелсіз сараптама комиссияларының (бұдан әрі - сараптама комиссиясы) үмiткерлердi iрiктеу жөніндегі қызметiн жүзеге асыруға байланысты шығыстарды, шетелдiк серiктестердiң жұмыс органымен жасалған шарттар бойынша мiндеттемелерiн орындауға байланысты олардың шығыстарын, стипендиаттарды оқытуға ақы төлеу үшiн валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүргiзуге лицензия алуға лицензиялық алымға төленетiн ақыны, сондай-ақ хабарландырулардың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтитын конкурстық iрiктеудi ақпараттық қолдауды қамтиды. Әрбір шетелдiк жоғары оқу орны бойынша "Болашақ" стипендиясының мөлшерiн шетелдiк жоғары оқу орындары және шетелдiк серiктестер ұсынған тиiстi шығыстарды растайтын құжаттардың негiзiнде жұмыс органы белгiлейдi. ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 328 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 5. "Болашақ" стипендиясы шетелдік жоғары оқу орнында оқу үшiн берiледi.
2. Жоғары арнаулы білім, бакалавр дәрежесiн алуға "Болашақ" стипендиясын тағайындау үшiн үміткерлерге қойылатын талаптар
ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 328 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 6. Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған мынадай азаматтары жiберіледi: 1) жалпы орта, бастауыш және орта кәсiптік білімi бар; ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 328 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 2) соңғы курста оқитындарды қоспағанда, республиканың жоғары оқу орындарында оқитындар; ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 328 Қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 3) жоғары арнаулы білім немесе бакалавр дәрежесiн алғаш рет алу үшiн халықаралық рейтингілер негізінде жұмыс органы айқындайтын шетелдiк жетекшi жоғары оқу орындарына өз бетiмен түскендер немесе оларда оқитындар. ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 328 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 7. Үмiткер мынадай талаптарға сәйкес болуы тиiс: 1) талапкерлердi ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрi - ҰБТ) немесе кешендi тестілеудiң нәтижелерi кемінде 90 балл болуы тиiс; ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 328 Қаулысымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) осы Ереженің 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін оқып жүрген мамандығы шетелде оқу үшін таңдаған мамандығына ұқсас болуға тиіс; 2) жалпы орта, бастауыш және кәсiптік орта білім берудiң білім бағдарламаларын iске асыратын оқу орнын аяқтағандағы орташа үлгерiм баллы кемiнде 4,5 болуы; ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 328 Қаулысымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3) болған жағдайда шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы тиісті ресми сертификаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерімен расталған оқыту тілін (ағылшын, неміс, француз және басқалары) меңгеруі (білуі). Осы Ереженiң 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген тұлғаларда жоғарыда баяндалған талаптарға қосымша ағымдағы үлгерiмiнiң орташа баллы бүкіл оқу кезеңінде кемiнде 4,5 болуы тиiс. Осы Ереженің 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың ағымдағы үлгерімінің орташа баллы немесе оның шетелдік баламасы кемінде 4,5 болуы қажет. Олар конкурсқа ҰБТ-ден немесе кешенді тестілеуден өткендігі туралы талап ескерілмей қатысады. ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 328 Қаулысымен 7-1-тармақпен толықтырылды 7-1. Оқыту тілін меңгерудің (білудің) ең төменгі деңгейін шетелдік жоғары оқу орындары белгілеген талаптар негізінде жұмыс органы айқындайды. ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 328 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 8. Конкурсқа қатысу үшiн үмiткер мынадай құжаттарды ұсынуы тиiс: 1) негіздемелік өтiнiш; 2) толтырылған сауалнама; 3) орта білімi туралы аттестаттың және/немесе бастауыш және орта кәсiптiк білiмi туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшiрмелерi; 4) осы Ереженiң 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген тұлғалар білім алуды аяқтамаған азаматтарға берілетiн анықтаманы қосымша ұсынады; 5) талапкердiң ҰБТ-ны немесе кешендi тестілеудi тапсырғаны туралы сертификаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi; ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 328 Қаулысымен 5-1) тармақшамен толықтырылды 5-1) болған жағдайда шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы тиісті ресми сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі; 6) оқу орны басшысының қолы қойылған ұсынымдық хат; 7) бар болған жағдайда мақтау грамоталарының, сертификаттарының, дипломдарының және осы сипаттағы басқа құжаттарының көшiрмелерi; 8) денсаулық жағдайы туралы белгiленген нысандағы медициналық анықтама. Осы Ереженiң 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген тұлғалар шетелдiк жоғары оқу орнына қабылданғандығын растайтын құжаттарды және шетелдiк жоғары оқу орны куәландырған үздiк үлгерiмiнiң барлығы туралы құжатты қосымша ұсынады. 9. Шетелде оқуға конкурсты өткізу кезiнде: "Алтын белгi" белгiсiнiң иегерлерi, тiзбесiн білiм беру саласындағы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы белгілейтiн жалпы білiм беру пәндерi бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталғандар), соңғы үш жылда республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстарының (бірiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталғандар) жеңiмпаздары, сондай-ақ таңдаған мамандықтар олар жеңiмпаздар болып табылатын олимпиада немесе конкурс пәнiне сәйкес келген жағдайда ағымдағы жылғы жалпы білім беру пәндерi бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталғандар) жеңiмпаздары басымдық құқыққа ие болады.
ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 328 Қаулысымен 3-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Магистр, ғылым кандидаты, докторы (Рh.D) дәрежесiн алу және клиникалық ординатурада және аспирантурада медициналық мамандықтар бойынша оқуға "Болашақ" стипендиясын тағайындау үшiн үмiткерлерге қойылатын талаптар
10. Конкурсқа қатысуға: ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 328 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 1) 18-ден 35 жасқа дейiнгi, кәсiптiк жоғары білімi бар; ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 328 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 2) халықаралық рейтингілер негізінде жұмыс органы айқындайтын жетекшi шетелдiк жоғары оқу орындарына өз бетiмен түскен немесе оқитын және осы тармақтың 1) тармақшасының талаптарына сәйкес келетiн Қазақстан Республикасының азаматтары жiберіледi. ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 328 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 11. Үмiткер мынадай талаптарға сәйкес болуы тиiс: 1) жоғары оқу орнын аяқтағандағы орташа үлгерiм баллы кемiнде 4,5 болуы тиiс; ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 328 Қаулысымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) жоғары кәсіптік білімі туралы дипломы бойынша мамандығы шетелде оқу үшін таңдаған мамандығына ұқсас болуға тиіс; ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 328 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2) болған жағдайда шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы тиісті ресми сертификаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерімен расталған оқыту тілін (ағылшын, неміс, француз және басқалары) меңгеруі (білуі). Осы Ереженiң 10-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген тұлғалар жоғары оқу орнын аяқтағандағы орташа үлгерiм баллының бары туралы талаптан босатылады. ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 328 Қаулысымен 11-1-тармақпен толықтырылды 11-1. Оқыту тілін меңгерудің (білудің) ең төменгі деңгейін шетелдік жоғары оқу орындары белгілеген талаптар негізінде жұмыс органы айқындайды. ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 328 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 12. Үмiткер конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттарды тапсыруы қажет: 1) негіздемелік өтiнiш; 2) толтырылған сауалнама; ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 328 Қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 3) жұмыс орнынан және жоғары оқу мекемесіндегі оқу орнынан ұсынымдық хат; 4) қосымшалары бар жоғары білімi туралы дипломының және/немесе магистр дипломының және/немесе ғылым кандидаты дипломының нотариалды куәландырылған көшiрмелерi; ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 328 Қаулысымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) болған жағдайда шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы тиісті ресми сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі; 5) бар болған жағдайда басқа оқу орындарында, курстарда, ординатурада, аспирантурада, магистратурада оқығандығы туралы куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi; 6) денсаулық жағдайы туралы белгiленген нысандағы медициналық анықтама. Осы Ереженiң 10-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген тұлғалар қабылданғандығын растайтын құжаттарды және шетелдiк жоғары оқу орны куәландырған үздiк үлгерiмi туралы құжатты қосымша ұсынады. Ғылым кандидаты, докторы (Рh.D) дәрежесіне үміткер жоғарыда санамаланған құжаттарға қосымша міндетті түрде ғылым кандидаты, докторы (Рh.D) дәрежесін алуға оқу үшін шетелдік жоғары оқу орнының шақыру қағазын, шетелдік жоғары оқу орны бекіткен оқудың және жұмыстың кеңейтілген жоспарын, сондай-ақ өз мақалаларының тезистерін, ғылыми жарияланымдарының, оқу-әдістемелік әзірлемелерінің тізбесін ұсынады. Техникалық және медициналық мамандықтар бойынша үмiткерлер осы Ереженiң 11-тармағының 2) тармақшасында көзделген шет тілін меңгеруi туралы талаптарды ескерусiз конкурсқа қатыса алады.
4. "Болашақ" стипендиясын тағайындау үшін конкурс өткізу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 328 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 13. Конкурс екі турдан тұрады. Бірінші турға осы Ереженің 2, 3-тарауларында айтылған талаптарға сәйкес келетін үміткерлер қатыса алады. ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 328 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 14. Конкурстың бірінші турын үміткердің тілді меңгеру (білу) дәрежесін, жалпы білім және/немесе кәсіби даярлық деңгейін айқындау мақсатында жыл сайын тәуелсіз сараптама комиссиясы өткізеді. Сараптама комиссияларының дербес құрамы мен жұмыс тәртібін жыл сайын мүдделі жоғары оқу орындарының, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың келісімі бойынша жұмыс органы бекітеді. ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 328 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 15. Бірінші турда сараптама комиссиясы тестілеу және әңгімелесу жолымен үміткердің тілді меңгеру (білу) дәрежесін шетелдік жоғары оқу орындары талаптарының негізінде оларда оқу үшін жұмыс органы белгілеген тиісті білім деңгейлері бойынша ең төменгі талаптарға сәйкестік мәніне тексереді. Тестілеу нәтижелері ресми сертификаттар немесе қорытындылар түрінде ресімделеді. Тілді меңгеру (білу) дәрежесін айқындауға арналған тестілеуге және әңгімелесуге қатысудан мынадай: осы Ереженің 6-тармағының 3) тармақшасында және 10-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген; шетелдік жоғары оқу орындары белгілеген талаптарға сәйкес келген жағдайда тілдік тестілерді тапсырғаны туралы ресми сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін табыс еткен тұлғалар босатылады. Тестілеу және үміткерлермен әңгімелесу нәтижелері бойынша сараптама комиссиясы әрбір үміткердің тілді меңгеру (білу) дәрежесі туралы дербес қорытынды береді. Техникалық және медициналық мамандықтар бойынша оқуға үміткерлерге дербес қорытындыда қосымша бір-екі семестрлік тілдік даярлықтан өтуге ұсынымдар берілуі мүмкін. Сараптама комиссиясы үміткерлердің жеке істерін қарайды, үміткерлердің таңдалған оқу бағыты бойынша даярлығын айқындау мақсатында жеке әңгімелесу және тиісті саладағы мамандарды тарта отырып, психологиялық тестілеу жүргізеді. Бірінші тур аяқталғаннан кейін шет тілін меңгерудің (білудің) айқындалған дәрежесінің, үміткерлермен өткізілген әңгімелесудің және психологиялық тестілеудің нәтижелеріне сәйкес сараптама комиссиясы жұмыс органына әрбір үміткер бойынша жазбаша түрде дербес қорытынды ұсынады. ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 328 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 16. Бірінші тур өткізілгеннен кейін жұмыс органы үміткерлердің материалдарын Республикалық комиссияның қарауы үшін екінші турға енгізеді. 17. Конкурстың екiншi турын Республикалық комиссия өткiзедi, үмiткерлердiң материалдарын қарағаннан кейiн мамандықтардың тiзбесiне сәйкес "Болашақ" стипендиясын тағайындау туралы түпкiлiктi шешiм қабылдайды. ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 328 Қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 18. Арнаулы жоғары білім, бакалавр дәрежесiн алуға өткiзiлетiн конкурстың жеңiмпаздары, сондай-ақ техникалық және медициналық мамандықтар бойынша магистр және ғылым кандидаты, докторы (Ph.D) дәрежесін алуға өткiзiлетiн конкурстың жеңiмпаздары Республикалық комиссияның шешiмi бойынша "Болашақ" стипендиясының есебiнен шет тілi бойынша бір-екi семестрлік дайындық курстарынан өтуге жiберiледi. Егер стипендиат шет тілін қажетті көлемде игермеген жағдайда, шетелдік жоғары оқу орнының ұсынымдары негізінде ол Республикалық комиссия шешiмi бойынша "Болашақ" стипендиясы бойынша оқуды одан әрi жалғастыру құқығынан айырылады және оны шетелде даярлауға және оқытуға жұмсалған қаражатты мемлекетке өтейдi.
5. Шетелде оқу үшiн стипендиатпен шарт жасасу және оның шарттық мiндеттемелердi орындауы
ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 328 Қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 19. Жұмыс органы стипендиатпен оқуды ұйымдастыру туралы шарт жасасады, онда мыналар мiндеттi түрде қамтылуы тиiс: 1) шарттың мәні; 2) тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерi; 3) осы Ереженiң 18, 22-тармақтарында көзделген жағдайларда стипендиатты оқытуға жұмсалған қаражатты оның қайтаруы жөніндегі мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету тәсiлi; 4) оқытудың мерзiмi мен шарттары; 5) шетелде оқуын аяқтағаннан кейiн бес жыл Қазақстанда жұмыспен өтеу үшiн стипендиаттың мiндеттi түрде Қазақстан Республикасына қайтып оралуы туралы шарт. 20. Шарт стипендиаттарға оқыту және шетелдiк серiктестерге ақша аудару жөніндегі барлық шығыстарды төлеу үшiн негiз болып табылады. ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 328 Қаулысымен 21-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 21. Шетелдiк серiктестерге немесе шетелдік жоғары оқу орындарына ақша аударғаннан кейiн жұмыс органы шартта көрсетiлген мерзiмде шетелдiк жоғары оқу орындарына оқуға стипендиаттарды жiберудi қамтамасыз етедi. ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 328 Қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 22. Егер стипендиат Республикалық комиссия дәлелсiз деп таныған себептермен оқу бағдарламасынан шығып қалған жағдайда немесе шартта көзделген өз міндеттемелерiн орындамаса, ол оны оқытуға жұмсалған ақшаның барлық сомасын оқуды ұйымдастыру туралы шартта көзделген мерзімде қайтаруға мiндеттi. 23. Стипендиат шартта көрсетілген еңсерілмес күш жағдайларының салдарынан өзінің міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамаған жағдайда жауапты болмайды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |