|
|
|
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Қаржы орталығы» мемлекеттік мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы» (2022.19.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінiң «Қаржы орталығы» мемлекеттік мекемесi жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. ҚР Үкіметінің 2008.25.04. № 389 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қоғам қызметiнiң негізгi мәнi ақшалай нысанда орындалуды көздейтiн білім беру кредиттері бойынша кепiлдіктер беру болып белгіленсiн. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен республикалық бюджет қаражатының есебiнен Қоғамның жарғылық капиталын 600000000 (алты жүз миллион) теңге мөлшерiнде қалыптастыруды қамтамасыз етсiн. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бiрлесіп, заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) Қоғамның жарғысын бекітудi және оны әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеудi; 2) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiн иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне берудi; 3) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн: 1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде: «Астана қаласы» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-64-жолмен толықтырылсын: «21-64. «Қаржы орталығы» АҚ»; 2) «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекітілген иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесiнде: «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 222-31-жолмен толықтырылсын: «222-31. «Қаржы орталығы» АҚ»; 3) ҚР Үкіметінің 2022.19.08. № 581 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |