|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
"Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Заңды iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесін қара
1-бап. "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн: 1) бүкiл мәтін бойынша "Мемлекеттік кеме тізілiмінде", "мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде", "Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне", "Мемлекеттік кеме тiзiлiмi", "Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен" деген сөздер тиiсiнше "Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде", "Теңiз кемелерiнің мемлекеттік кеме тiзілiмiне", "Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiмi", "Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 1-бап мынадай мазмұндағы 12-1), 13-1), 20-1) тармақшалармен толықтырылсын: "12-1) каботаж - Қазақстан Республикасының теңiз порттары арасындағы қатынаста, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды құзырындағы тиеу портынан (пунктiнен) түсіру портына (пунктіне) дейін тасымалдау мен сүйретіп жүзу;"; "13-1) сыныптау қоғамы - Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі таныған, халықаралық жүзуге шығатын кемелерді техникалық куәландыруды және сыныптауды жүзеге асыратын ұйым;"; "20-1) теңiз терминалы - жүктерді тиеуге (түсiруге), оларды сақтауға, теңiз көлігiнің түрімен сабақтас көлік құралдарын жөнге келтiруге, сондай-ақ жолаушыларды отырғызуға, түсіруге және оларға өзге де қызмет көрсетуге арналған жағдайларды қамтамасыз ететiн техникалық құралдардың, инженерлiк құрылыстардың, көтергіш-көліктік және өзге де жабдықтардың жиынтығын қамтитын теңіз портындағы мамандандырылған учаске;"; 3) 3-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында "сондай-ақ" деген сөз алып тасталсын; 1-тармақ алып тасталсын; 2-тармақтың 11) тармақшасындағы "бекіту жатады." деген сөздер "бекіту;" деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 13) - 15) тармақшалармен толықтырылсын: "13) Қазақстан Республикасының теңізшісі паспортының үлгiсiн, оны ресiмдеу, беру, мерзiмiн ұзарту, сондай-ақ алып қою тәртібін бекіту; 14) шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердiң каботажды жүзеге асыруына рұқсаттар беру тәртібін бекіту; 15) Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы халықаралық шарттары негiзiнде кемелердi техникалық куәландыру мен сыныптауды жүзеге асыратын сыныптау қоғамын тану туралы шешiм қабылдау жатады."; 3-тармақта: мынадай мазмұндағы 5-1), 6-1) тармақшалармен толықтырылсын: "5-1) Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердiң жүзу және тұру ережесін бекіту;"; "6-1) шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсаттар беру;"; 10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "10) халықаралық жүзуге шығатын кемелердің, порттардың, жағалаудағы объектiлердiң, кеме жүзетін гидроқұрылыстардың, жасанды аралдардың және теңiздегі басқа да құрылыстардың техникалық куәландырылудан өткізілуін қамтамасыз ету;"; мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын: "13-1) теңiзде жасанды аралдар және басқа да құрылыстар салуды келісу;"; 5) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын: "5-бап. Каботаж Каботажды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен уәкілеттi орган берген рұқсат негізінде шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетiн кемелер жүзеге асырады."; 6) 11-бап мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын: "3-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы: 1) мемлекеттің; 2) азаматтардың және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен тіркелген мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіндегі кемелерге берiледі. 7) 12-бап "шешiмi негiзiнде" деген сөздерден кейiн ", кейіннен әрбiр екі жыл сайын ұзарту құқығымен екi жылдан аспайтын мерзімге, бiрақ бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмiнен аспайтын мерзiмге" деген сөздермен толықтырылсын; 8) 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "2. Теңіз кемелерiн техникалық қадағалауды, куәландыруды және сыныптауды тиiсiнше Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртіппен уәкілетті орган және сыныптау қоғамдары жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдары мен ұйымдарының кемелерге және кеменің жекелеген элементтерiне техникалық қадағалау жүргiзiлуiне жол берілмейді. Кемеге сынып беру уәкiлетті орган және сыныптау қоғамы беретін сыныптау куәлігімен куәландырылады."; 4-тармақтағы "жолаушылар, жүк жолаушылар" деген сөздер "теңіз, жолаушылар, жүк-жолаушылар кемелері" деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақ "кемелер" деген сөзден кейін "бербоут-чартердің қолданылу мерзімін әрбiр екi жыл сайын одан әрi ұзарта отырып, екi жыл мерзiмге, бірақ бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмiнен аспайтын мерзімге" деген сөздермен толықтырылсын; 8-тармақ "тiркеу" деген сөзден кейiн ", қайта тiркеу және мемлекеттік тiркеудi куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру" деген сөздермен толықтырылсын; 10) 18-баптың екiншi бөлiгі алып тасталсын; 11) мынадай мазмұндағы 18-1, 18-2 баптармен толықтырылсын: "18-1-бап. Кемелердi қайта тiркеу Егер кеме оқиғаның немесе кез келген басқа себептiң салдарынан Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзілімiне немесе кеме кiтабына бұрын енгізiлген мәлiметтерге сәйкес келмей қалған жағдайда, куәландырылғаннан және жүзуге жарамдылығы туралы куәлiкті алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкiметі белгілеген тәртіппен кеменi мемлекеттік қайта тiркеу жүзеге асырылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының меншiгіндегі және мемлекеттік органдар өздерiне жүктелген функцияларды орындау үшін пайдаланатын кеменi коммерциялық мақсатта пайдалану да кемені қайта тіркеу үшін негіз болып табылады. 18-2-бап. Кеменi Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тізiлiмiнен немесе кеме кiтабынан шығару Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан: 1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен; 2) конструкциялық жағынан күйреген; 3) қайта жасау немесе кез келген басқа да өзгерістер салдарынан кеме сапасын жоғалтқан; 4) осы Заңның 11-бабының 3-1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған кеме шығарылуға жатады."; 12) 25-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кеме экипажының құрамына Қазақстан Республикасының азаматтарынан басқа, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар кіруі мүмкiн. Шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар кеме капитаны, капитанның аға көмекшiсi және аға механик қызметін атқара алмайды."; 13) 28-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: "4. Кеме иесi оның кемелері ұшыраған авариялық жағдайларды тексеру кезінде көмек көрсетуге мiндетті."; 14) 31-баптың 1-тармағының 15) тармақшасындағы "жіберуге міндетті." деген сөздер "жiберуге;" деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын: "16) кеме иесiне авариялық жағдай туралы хабарлауға, уәкiлеттi орган бекiткен кемелер ұшыраған авариялық жағдайларды тексеру ережесіне сәйкес алдын ала тексеру жүргізуге және кеме не оның экипажы бiрiншi қазақстандық портқа келгеннен кейiн үш тәулiк ішінде порт капитанына авариялық жағдай туралы егжей-тегжейлi хабарламаны, кеме құжаттарынан үзінді-көшірмелердi, қатысы бар адамдар мен куәлердiң түсiнiктемелерiн беруге міндетті. Қажет болған кезде өзі жазатын таспаларды, олардың мағынасы таратылып жазылған шифрларын, жүзу жолы көрсетiлген жол картасын, маневрлеу схемасын, зақымданулардың схемалары мен сызбаларын, басқа да қажеттi құжаттарды табыс етуге мiндетті."; 15) 35-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлiкпен толықтырылсын: "Мемлекеттік меншiктегі теңiз порттарында теңіз терминалдарының кемiнде екi операторы болуы міндетті."; 16) 40-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы "шығаруға" деген сөзден кейiн ", соның ішінде порттың айдынында және кіреберіс каналында кемелердің суға батып тұруының мөлшерлi шегін жариялауға" деген сөздермен толықтырылсын; 17) 177-баптың 2-тармағы алып тасталсын. 2-бап. Осы Заң, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетін 1-баптың 12) тармақшасының үшiнші абзацын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2005 жылғы маусымның 2-сі. № 55-III ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |