“Жасалған шарттарды тіркеуді талап ететін шығыстардың экономикалық (2006.02.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрлігінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі № 143 Бұйрығымен күші жойылды
"Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қосымшаға сәйкес Жасалған шарттарды тіркеуді талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстардың тізбесі бекітілсін. 2. "Шарттар жасауды талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 18 желтоқсандағы № 620 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 8 қаңтарда № 2113 тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2003 жылы № 7, 799 мақалада жарияланған, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 1 наурыздағы № 86 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 17 наурызда № 2212 тіркелген; 2003 жылғы 18 маусымдағы № 236 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 10 шілдеде № 2398 тіркелген; 2003 жылғы 11 тамыздағы № 306 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 13 тамызда № 2440 тіркелген; 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 433 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 30 желтоқсанда № 2652 тіркелген; 2004 жылғы 9 наурыздағы № 104 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 17 наурызда № 2745 тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 3. Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау және оның әдіснамасы департаменті (В.В. Ким) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|