|
|
|
“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешімдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы”
"Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру" жобасының аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 маусымдағы № 557 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінің күшi жойылған кейбір шешiмдерінiң тiзбесi
1. "Жердi суландыру және дренаж жүйелерін жетiлдiру жобасы бойынша Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi арасындағы Займ туралы келісімнiң күшіне енуіне арналған шарттарды жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 қазандағы № 1237 қаулысының 2-тармағы. 2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 қазандағы № 1237 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 6 сәуiрдегі № 287 қаулысы бiрiншi, екiншi және үшiншi абзацтарды қоспағанда. 3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 қазандағы № 1237 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қаңтардағы № 112 қаулысының 1-тармағаның алтыншы абзацы. 4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 қазандағы № 1237 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 93 қаулысы. 5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 қазандағы № 1237 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 18 наурыздағы № 336 қаулысының 1-тармағының үшiншi, төртiншi, бесіншi абзацтары.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |