Кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулардың тiзбесiн бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 129 Қаулысымен күші жойылды
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулардың тiзбесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2005 жылғы 13 маусымдағы № 592 қаулысымен бекітілген
Кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулардың тiзбесi
Арнаулы білім беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына мынадай аурулары бар (Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жiктемесiне сәйкес. 10-қайта қарау) кәмелетке толмағандар орналастырылмайды: 1. I класс. Кейбір жұқпалы және паразитарлық аурулар: 1) A15 - А19 Туберкулез (белсендi туберкулездiң кез келген нысаны); 2) А30 Алапес; 3) A50 - A53 Мерез (белсендi нысаны); 4) В20 - B24 Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы (АҚТҚ) тудыратын ауру. C00 - С97 Кез келген орындағы қатерлi жаңа өспелер, оның iшiнде лимфалық, қан өндiру және оларға ұқсас тiндердiң қатерлi жаңа өспелер. 3. III класс. Қан, қан өндiру органдарының аурулары және иммундық тетiктi қатыстыратын жекелеген бұзылулар: 1) D55 - D58 Гемолитикалық анемиялар - тұқым қуалайтын және жүре пайда болатын (ауыр нысаны); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
от 7 000 тг в месяц
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|