“Астық қолхаттарын берудің, айналымының және өтеудің ережесін, астық қолхаттарының нысандарын (үлгілерін) және жазылуын бекіту туралы”
Осы редакция 2005 ж. 24 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының "Астық туралы" Заңының 6-бабының 11) тармақшасына, 39-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. 1) Астық қолхаттарын берудің, айналымының және өтеудің ережесі (1-қосымша); 2) астық қолхаттарының нысандары (үлгілері) (2-қосымша); 3) астық қолхаттарының жазылуы (3-қосымша) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің "Астық қолхаттарын берудің, айналымының және өтеудің ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 11 қазандағы № 323 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1664 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде, 2001 ж., № 40-41, 523-құжат; 2001 жылғы 6 қарашадағы № 258 "Казахстанская правда" газетінде жарияланды) бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 3. Егіншілік департаменті (А.Қ. Евниев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық күшіне енгенге дейін астық қабылдау кәсіпорындарымен берілген астық қолхаттары қоса беріліп отырған Астық қолхаттарын берудің, айналымының және өтеудің ережесіне сәйкес олар өтелгенге дейін өз күшін сақтайды деп белгіленсін. 5. Осы бұйрық 2005 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 112 бұйрығына 1-қосымша
Астық қолхаттарын берудің, айналымының және өтеудің ережесі
1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|