|
|
|
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы заңды iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесiмдердiң тізбесін қара
1-бап. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 7-8, 40-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) және 26) тармақшалар «кеден органдарының» деген сөздердiң алдынан «Қазақстан Республикасы» деген сөздермен толықтырылсын; 44) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «44) кеден iсi мәселелерi жөнiндегі уәкілеттi орган - Қазақстан Республикасында кеден iсiне тiкелей басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»; 2) 8-баптың тақырыбындағы «және Қазақстан Республикасынан әкету» деген сөздер», Қазақстан Республикасынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу» деген сөздермен ауыстырылсын; 1 және 2-тармақтарындағы «әкелуге және» деген сөздер «әкелуге,»деген сөзбен ауыстырылып, «әкетуге» деген сөзден кейiн «және оларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 14-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Шартты түрде жiберілген тауарлардың шетелдік тауарлар мәртебесi болады.»; 4) 17-баптың тақырыбындағы «Кеден» деген сөз «Қазақстан Республикасы кеден» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 19-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «12) Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу пункттерiнде радиациялық бақылау жүргізу; біріншi бөлігінде: 8) тармақшадағы «республикалық» деген сөз алып тасталсын; 9) тармақшадағы «мемлекеттік» деген сөз алып тасталсын; екiншi бөлiк алып тасталсын; 1-тармақ «әкелудi және тауарды бұл аумақтан әкетудi» деген сөздер «әкелу және тауарды бұл аумақтан әкету жөнiндегі демпингке қарсы, өтемдiк және қорғау шараларын қоса алғанда,»деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтағы «егер оларды бөлiп көрсету қажет болса: елдер тобы, елдерінің кеден одақтары, елдiң аймағы немесе бөлігі» деген сөздер «елдер тобы және елдердiң кеден одақтары» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) 39-баптың 2-тармағының бірiншi бөлiгi «аумағынан» деген сөзден кейiн», сондай-ақ еркiн қойма аумағынан Қазақстан Республикасының кедендік аумағының басқа бөлігіне» деген сөздермен толықтырылсын; 9) 41-баптың 5-тармағы «Тауардың» деген сөзден кейін «жоғалуы, кем шығуы жағдайларын қоспағанда, оның» деген сөздермен толықтырылып, «тиiс.»деген сөзден кейiн «Бұл ретте тәуелсiз сараптама актісi (қорытындысы) мен кедендік тексеру актiсi тауардың жоғалуы, кем шығуы фактісін растайтын құжаттар болып табылады.»деген сөйлеммен толықтырылсын; 10) 42-баптың 4-тармағындағы «қабылданған» деген сөз «тiркелген» деген сөзбен ауыстырылсын; 11) 46-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екіншi бөлікпен толықтырылсын: «Кеден органының тауарларды жiктеу жөнiнде шешiм қабылдау тәртібі мен шешiм нысанын кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкілетті орган белгілейдi.»; 12) 53-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына құбыр тасымалын пайдалану және электр беру желілері бойынша өткізу кезіндегі алдын ала операцияларды жүзеге асырудың тәртібін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»; 13) 54-баптың 2-тармағындағы «Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өтуге осы Кодекстің 55-бабына сәйкес айқындалатын өткізу пункттерінде, олардың жұмыс істеу уақытында жол беріледі және» деген сөздермен ауыстырылсын; 14) 64-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) осы Кодекстiң 63-бабында белгiленген біліктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар қажет.»; 1-тармақтың 1) тармақшасындағы «немесе Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетуге» деген сөздер», Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Тауарларды ішкi кедендiк транзит рәсіміне сәйкес темір жол көлігімен өткізу кезінде осы баптың 2-тармағының 1) және 4) тармақшаларының ережелерi қолданылмайды. Тауарлар мен көлiк құралдарын жеткізудi қамтамасыз ету жөнiндегі шаралар, осы баптың 5-тармағына сәйкес өткізілетін тауарларды қоспағанда, тауарларды осы Кодекстiң 470-бабына сәйкес ең төменгі деңгейдегi тәуекел санатына жатқызылған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар өткiзген кезде қолданылмайды.»; 6-тармақ «тiркейдi» деген сөзден кейiн «және байланыс құралдары арқылы жөнелтушi кеден органына жiберiледi» деген сөздермен толықтырылсын; 16) 76-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Тауарлардың жеткізілуiн бақылау құжатын - декларант не тасымалдаушы, экспедитор, ал аталған адамдар болмаған кезде кеден органының лауазымды адамы толтырады.»; 17) 78-баптың 4-тармағындағы «көлiк құралы кеден органына келген кезден бастап бір тәуліктен кешiктiрiлмей» деген сөздер «үшiн алым төленген кезден бастап бір тәуліктен кешіктірiлмей кедендiк алып жүру» деген сөздермен ауыстырылсын; 18) 79-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлікпен толықтырылсын: «Тауарларды өткiзетiн тұлғаның дәлелдi сауал салуы бойынша кеден органы iшкi кеден транзитінің белгiленген мерзiмiн ұзартады, ол осы баптың бірінші бөлiгiнде айқындалған шектi мерзiмнен аспауға тиiс.»; 19) 82-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Тауарларды бір көлiк құралынан екіншiсiне қайта тиеуге қызмет аймағында осы операция жүргiзiлетiн кеден органына алдын ала жазбаша хабарлау арқылы жол берiледі. Тауарларды қайта тиеу кедендік пломбалар мен мөрлердi бұза отырып жүзеге асырылған жағдайда тауарлардың жеткiзiлуiн бақылаудың жаңа құжаты ресімделедi.»; 1-тармақтағы «туралы тасымалдаушыға жазбаша растама берілген» деген сөздер «тiркелген» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақта: бірiншi бөлiктегі «және тасымалдаушыға нысанын кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкілетті орган белгілейтiн көлік құралының келгендігі туралы жазбаша растама береді» деген сөздер алып тасталсын; екiншi бөлік алып тасталсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Тауарлар мен көлiк құралдары тауарларды жеткізу рәсiмi аяқталғанға дейiн межелi кеден органының қызмет аймағындағы уақытша сақтау орнында орналастырылуға тиiс.»; 1-тармақ «арнайы» деген сөздiң алдынан», уақытша сақтау орындарына қойылатын талаптар сақталған жағдайда тауар өткiзетін тұлғаның таңдауы бойынша,»деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Тауарларды алдын ала және мерзімдік декларациялау рәсімі бойынша тауарларды өткізген кезде, осы Кодекстің 371-бабында көзделген оңайлатылған кедендік ресімдеу тәртібін пайдалану кезінде және осы Кодексте белгіленген өзге де жағдайларда уақытша сақтау рәсімі қолданылмайды.»; 22) 89-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Мынадай шарттардың бірі: халықаралық жол тасымалы рәсімін пайдалану; бірдейлендіру құралдарының бүтіндігі сақталған кезде тауарлар тасымалданған және жеткізілген жағдайда уақытша сақтау орны ретінде көлік құралдары пайдаланылуы мүмкін. Көлік құралдарындағы тауарлардың сақталуы, бірдейлендіру құралдарының бүтіндігі үшін жауапкершілік кедендік ресімдеу рәсімі аяқталғанға дейін және тауар алушыға берілгенге дейін тасымалдаушыға жүктеледі.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Кеден ісі саласындағы қылмыстық істер мен әкiмшілік құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заттай дәлелдемелер болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау мерзiмі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалады.»; 5-тармақтағы «төлемдердi және салықтарды» деген сөздер «төлемдер және салықтар төленген не оларды» деген сөздермен ауыстырылсын; 24) 93-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Уақытша сақтау орындарына, құбыр тасымалымен және электр беру желілерi бойынша өткiзiлетiндерден басқа кез келген тауарларды, сондай-ақ осы Кодекстiң 470-бабына сәйкес ең төменгi деңгейдегі тәуекел санатына жатқызылған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар өткiзген тауарларды орналастыруға болады.»; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) кедендiк бақылаудың жүзеге асырылуына жәрдемдесуге және кедендiк бақылау үшін қажетті жүк операцияларын тауарлар мен көлік құралдары уақытша сақтауға орналастырылған кезден бастап жұмыс күнi iшiнде аяқтауды қамтамасыз етуге;"; мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын: «10-1) оларға қатысты кедендiк ресiмдеу аяқталған тауарларды тауарлар шығарылғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнi аяқталуынан кешiктiрілмеген мерзiмде әкетудi қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдануға;"; 26) 114-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасы кедендік аумағының шегiнен тысқары жерлерге әкетілетiн тауарларды көлiк құралына тиеуге, мынадай: 1) кедендiк ресiмдеу кезiнде кеден органы тауарларды табыс етудi талап етпейтін; 2) тауарларды тиеу жүзеге асырылғаннан кейін ғана олар белгілі бір кедендiк режимге мәлiмделуi мүмкін болатын; 3) тауарлар транзиттік кеден режимiне сәйкес Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн жағдайларды қоспағанда, тауарларды белгілі бір кедендік режимде орналастырғаннан кейiн жол беріледi.»; 27) 115-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Межелi кеден органы тауарлар мен көлiк құралдарының Қазақстан Республикасы кедендiк аумағының шегiнен тысқары жерлерге әкетілген фактісi туралы бес жұмыс күнінен аспайтын мерзiмде жөнелтушi кеден органын хабардар етіп, жеткізудi бақылау құжаттарын жөнелтушi кеден органына береді, бұл оны кедендік бақылаудан шығару үшін негіз болып табылады. Жөнелтушi кеден органы жеткізудi бақылау құжаттарын алғаннан және кедендiк бақылаудан шығарғаннан кейiн бір жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде сыртқы экономикалық қызметке қатысушыға Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгiлерi қойылған жүк кеден декларациясының түпнұсқа данасын бередi. Лауазымды адамның жеке нөмiрін мөрiмен куәландырылған аталған дананың көшiрмесi кеден органының iстерiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзiм ішінде сақталады.»; 28) 122-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «болуы тиiс.»деген сөздер «болуы;»деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) кеден органдары тарапынан бірдейлендiрiлген болуы тиiс.»; біріншi абзацтағы «Кеден органы тауарлардың» деген сөздер «Тауарлардың» деген сөзбен, «баждарды» деген сөз «баждар деген сөзбен ауыстырылсын, «мынадай» деген сөздiң алдынан «қайтарылған болса,»деген сөздермен толықтырылсын; 3) тармақша алып тасталып, 4) тармақшадағы «қайтарады» деген сөз «қайтарылады» деген сөзбен ауыстырылсын; 30) 134-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Кеден қоймасындағы тауарларды не олардың бір бөлігін осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес жаңа кеден декларациясын беру шартымен иеліктен шығаруға, оларға қатысты иелену, пайдалану және (немесе) билiк ету құқықтарын беруге жол берiледi.»; 31) 137-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы алып тасталсын; «дүкенi» деген сөз «дүкенін қазақстандық тұлға» деген сөздермен, «құрылады» деген сөз «құрады» деген сөзбен ауыстырылсын; «оның иесi» деген сөздер алып тасталсын; 3-тармақтағы «бір айдан» деген сөздер «он бес жұмыс күнiнен» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтағы «күнтiзбелiк он күннен» деген сөздер «он жұмыс күнiнен» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтағы «бір айдан» деген сөздер «он бес жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтағы «күнтізбелік отыз күннен» деген сөздер «он бес жұмыс күнiнен» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтағы «бір айдан» деген сөздер «он бес жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтағы «күнтізбелік отыз күннен» деген сөздер «он бес жұмыс күнiнен» деген сөздермен ауыстырылсын; 36) 187-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Қайта өңделмеген тауарлардың қалдықтары мен қайта өңдеу нәтижесiнде пайда болған қоқыстары керi әкетiлуге не экспорттың кедендiк режиміне орналастырылуға жатады.»; бірiншi бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарларды әкелу» деген сөздер «тауарларды уақытша әкелудiң кедендiк режимiне орналастыру» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлiгiнде: «бір айдан» деген сөздер «он бес жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы үшiншi сөйлеммен толықтырылсын: «Тауарларды уақытша әкелу мерзiмiн ұзарту туралы өтінiшті қарау мерзiмi өтініш алынған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиiс.»; 38) 193-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екіншi бөлікпен толықтырылсын: «Жаңа кедендік декларация уақытша әкелінген тауарды пайдалану және (немесе) оған билiк ету не иеліктен шығару құқықтары берiлген күннен бастап күнтiзбелік он бес күннен кешіктірiлмей берiледi.»; 39) 201-баптың екінші бөлігінде: «бір айдан» деген сөздер «он бес жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы үшiншi сөйлеммен толықтырылсын: «Тауарларды уақытша әкету мерзiмiн ұзарту туралы өтінішті қарау мерзімі өтініш алынған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс.»; 1-тармақта: 1) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «1) мынадай: егер сыртқы сауда мәмілесінің шарттары керi экспортты көздеген; тауарлар сыртқы экономикалық мәміленiң шарттарына сәйкес келмеуi себепті берушіге не ол көрсеткен өзге тұлғаға әкетілген жағдайларда, уақытша сақтау орындарындағы тауарлар белгілі бір кедендік режимге орналастырғанға дейін әкетiлген;"; «4) егер: сыртқы сауда мәмiлесiнiң шарттары керi экспортты көздеген; тауарлар сыртқы экономикалық мәмiленiң шарттарына сәйкес келмеуi себепті берушiге не ол көрсеткен өзге тұлғаға қайтарылған жағдайларда, бұрын кеден қоймасының, еркін қойманың, еркiн кеден аймағының кедендiк режимдерiне орналастырылған шетелдiк тауарлар әкетiлген жағдайда жүзеге асырылады.»; 2-тармақ алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптар сақталған кезде тауарлардың кері экспортының кедендік режиміне тауарларды орналастыруға, егер әкелінген тауарлардың бір бөлігі ғана кері әкетілген жағдайда да, жол беріледі.»; 41) 211-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Әкелінген тауарлар легінің бір бөлігін тауарлардың кері экспортының кедендік режиміне орналастыру кезінде төленген сомалардың қайтарылуы осы бөліктің әкелінген тауарлар легіне сандық арақатынасы бойынша жүргізіледі.»; 42) 212-баптың 2) тармақшасындағы», тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды және экспорттық бақылау саласындағы шараларды қоспағанда,»деген сөздер алып тасталсын; 43) 213-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасына әкелiнуге және Қазақстан Республикасынан әкетілуге» деген сөздер «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге» деген сөздермен ауыстырылсын; 44) 223-баптың 3-тармағындағы екіншi сөйлем алып тасталсын; 45) 225-баптағы «баждарды» деген сөз «төлемдердi» деген сөзбен ауыстырылсын; 47) 252-бап «тауарлардың» деген сөздiң алдынан «экспорттық бақылау саласындағы талаптарды қоспағанда,»деген сөздермен толықтырылсын; 48) 264-баптың 3-тармағы «орай,»деген сөзден кейiн «келген елiнен» деген сөздермен толықтырылсын; 49) 275-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) халықаралық почта жөнелтiмдерiн: тауардың декларацияланатын легiнің кедендiк құны тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген тоқсан айлық есептік көрсеткiштен асатын; аталған тауарларға қатысты тарифтiк емес реттеу шаралары белгіленген жағдайларда заңды тұлғалар жіберсе;"; 50) 279-баптағы, 280-баптың 1-тармағындағы, 281-баптағы, «олардың кедендiк ресiмделуi үшiн белгіленген орындардан тыс және кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс», »кедендiк ресiмделгені үшін алынатын кеден алымдарын қоспағанда,»деген сөздер алып тасталсын, 285-баптың 1-тармағындағы »бұл үшін белгіленген орындардан тыс және кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс кедендiк ресiмдегенi үшiн» деген сөздер алып тасталып, «кезіндегі кеден алымдарын қоспағанда,»деген сөздер «кезiнде» деген сөзбен ауыстырылсын; 51) 283-баптың 1-тармағы «мүшелерiне» деген сөзден кейін «шетел мемлекеттерінің дипломатиялық өкiлдiктерiнiң, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын; 52) 290-баптың 3-тармағындағы «Қазақстан Республикасының кеден» деген сөздер «Кеден» деген сөзбен ауыстырылсын; 2-тармақ мынадай мазмұндағы екіншi бөлiкпен толықтырылсын: «Іс жүзiнде төленген немесе төленуге тиiс мәмiле бағасына осы тармақтың бірінші бөлігінде аталмаған шығыстар енгізiлмейдi.»; мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Әрқайсысында басқасының айрықша құқықтары бар агенттер, дилерлер, дистрибьютерлер болып табылатын сыртқы экономикалық қызметтiң қатысушылары, егер олар осы баптың 5-тармағының 5) тармақшасында айқындалған белгiлердiң бірiне сай келсе, өзара тәуелдi болып есептеледі.»; 4-тармақ алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2, 4-3, 4-4, 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын: «4-1. Егер тауарлар осы баптың талаптарына сәйкес келсе, сыртқы түрiндегі болмашы өзгешелiктер мұндай тауарларды біртектес деп қараудан бас тарту үшін негіз болмайды. 4-2. Егер бұл тауарлар: 1) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін сатылса; 2) бағаланатын тауарлармен бір уақытта әкелінсе немесе бағаланатын тауарлар әкелінгенге дейiн күнтізбелік тоқсан күннен ерте әкелінбесе; 3) шамамен сол мөлшерде және сол коммерциялық деңгейде (көтерме, бөлшек саудада) әкелiнсе, біртектес тауарлармен жасалатын мәміленің бағасы кедендік құнды айқындау үшін негіз ретінде алынады. 4-3. Егер тауарларды сол мөлшерде және сол коммерциялық деңгейде (көтерме, бөлшек саудада) әкелу жағдайлары болмаса, өзге мөлшерде және өзге коммерциялық деңгейде (көтерме, бөлшек саудада) әкелінген біртектес тауарлардың құны осы айырмашылықтары есепке алынып, бағасы түзетіле отырып пайдаланылуы мүмкін. 4-4. Егер, біртектес тауарлар үшін осы Кодекстің 309-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген шығыстардың құны, арақашықтық пен көлік түрлерінің айырмашылығына байланысты, бағаланатын тауарлардың осындай шығыстарының құнынан айтарлықтай ерекшеленетін болса, біртектес тауарлармен жасалатын мәміле бағасы бойынша айқындалатын кедендiк құн тиiстi түрде түзетiлуге тиiс.»; «6. Осы баптың 4-3 және 4-4-баптарында көзделген түзетулер дұрыс және құжаттармен расталған мәлiметтер негізiнде жүргізiлуге тиіс. 7. Егер осы әдiстi қолданған кезде біртектес тауарлар бойынша мәміленiң біреуден көп бағасы анықталса, онда әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнын айқындау үшiн олардың ең төменгiсi қолданылады.»; 55) 312-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын: «7. Кеден органы шетелдiк тұлғадан кедендiк құнды растау туралы ақпаратты талап етуге құқылы емес. Бұл ретте кеден органдары тауар өндірушiнiң кедендік құнды анықтау мақсатында берген ақпаратын өндiрушiнiң келісімiмен және өндірушi елдің үкіметіне алдын ала хабарлап, оның келісімiн алған жағдайда тексере алады.»; 56) 314-баптың 1-тармағындағы екiншi сөйлем алып тасталсын; 57) 316-баптың 2-тармағының 11) тармақшасындағы «ете алады» деген сөздер «етуге құқылы» деген сөздермен ауыстырылсын; 58) 317-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы «әкелiнетін» деген сөзден кейiн»(әкетілетін)»деген сөзбен толықтырылсын; 1-тармақтың 2) тармақшасының бесiншi абзацындағы», кедендік декларацияны тiркеген күнi орын алған» деген сөздер алып тасталсын; 5-тармақтағы «2 еселенген» деген сөздер «2,5 еселенген» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын: «8. Кеден органдары кедендiк құнды түзетудi тіркеудiң мерзiмi мен тәртiбін осы Кодекстің 384-бабына сәйкес айқындайды. Кеден органдары осы Кодекстің 440-бабында белгiленген мерзiмде кедендік құнды түзетуге тексеру жүргізедi.»; 60) 320-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында: «табыс еткен мәлiметтер» деген сөзден кейiн «мен осы Кодекстiң 316-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген құжаттар» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын: «Бұл ретте кеден органы қабылданған шешім туралы екi жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде декларантқа жазбаша хабарлауға мiндетті.»; 61) 321-баптың 5-тармағындағы», мемлекеттік» деген сөз, 343-баптың 3-тармағындағы, 354-баптың 2-тармағындағы, 355-баптың 4-тармағындағы, «мемлекеттік» деген сөз алып тасталып, 326-баптың 3-тармағындағы және 421-баптың 1-тармағының бірiншi бөлігіндегі «мемлекеттік бюджетке» деген сөздер «бюджетке» деген сөзбен ауыстырылсын; 62) 323-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Алдын ала немесе мерзiмдік декларациялау рәсімі қолданылған, сондай-ақ кедендік баждарды төлеу мерзiмi өзгертiлген кездегi жағдайларды қоспағанда, кедендік баждар кедендік декларацияны тiркегенге дейін немесе ол тiркелген күнi төленеді.»; 63) 327-баптың мәтiнi мынадай редакцияда жазылсын: «Кеден органдарының кедендiк төлемдердің қайта қаралған сомаларын төлеу не кедендiк төлемдердiң төленбеген сомаларын өндiрiп алу туралы талаптары бойынша, сондай-ақ төлеушілердiң артық төленген кедендiк төлемдердiң және салықтардың сомасын қайтарып алу немесе есепке алу туралы талаптары бойынша талап қою мерзiмi бес жыл болып белгіленедi.»; 2) тармақша «бойынша» деген сөзден кейін «тауарлар мен» деген сөздермен толықтырылсын; 9) тармақшадағы «кезінде қолданылады» деген сөздер «кезінде;»деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын: «10) осы Кодекстің 388-бабына сәйкес тауарларды мерзімдік декларациялау кезінде; 11) осы Кодекстің 392, 393-баптарына сәйкес тауарларды шығару кезінде қолданылады.»; 65) 44-тараудың тақырыбы «қайтару» деген сөзден кейін «мен есепке алу» деген сөздермен толықтырылсын; 66) 346-бап мынадай редакцияда жазылсын: «346-бап. Кедендік төлемдердің және салықтардың артық төленген сомасын қайтару мен есепке алу 1. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес кедендік төлемдердің және салықтардың бюджетке нақты төленген сомасы мен төленуге тиіс сомасы арасындағы айырма кедендік төлемдердің және салықтардың артық төленген сомасы деп танылады. 2. Төлеуші кедендік төлемдерді және салықтарды қайтарып алу немесе есепке алғызу мақсатында артық төленген сомасын төлеген күннен бастап бес жылдан кешiктiрілмейтiн мерзiмде, кедендiк төлемдердiң және салықтардың артық төленген сомалары бар екенi жөнiнде растама беру туралы өтiнiшпен тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеудi, сақтауды, кедендiк алып жүрудi, лицензия берудi, алдын ала шешiм қабылдауды іске асырған кеден органына өтінiшпен жүгінуге құқылы. 3. Кедендiк төлемдердiң және салықтардың артық төленген сомасы бар екенi жөнiнде растама беру туралы өтінішпен бір мезгілде: 1) соманың төленгенiн растайтын төлем құжатының; 2) кедендiк декларация ресiмделген жағдайда берілетiн, ол бойынша кедендiк төлемдер және салықтар есептелген және енгiзілген, кеден органы ресiмдеген кедендік декларацияның; 3) кедендік төлемдердi төлеу кедендік декларация ресiмделмей жүргізiлген жағдайларда берілетін, жүзеге асырылу үшiн кедендiк төлемдер енгiзiлген тауарларды сақтау, тауарлар мен көлік құралдарын кедендiк алып жүру, лицензиялар беру, алдын ала шешiм қабылдау кезiнде кеден органдары ресiмдеген басқа да құжаттардың көшiрмелерi берілуге тиiс. 4. Кедендiк төлемдердiң және салықтардың артық төленген сомасы бар екенi жөнiнде растама беру туралы өтінiшті қарау мерзiмi төлеушi өтініш берген күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиiс. 5. Салық органдары, осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендiк төлемдердiң және салықтардың артық төленген сомасын Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртіппен және мерзiмде төлеушiнiң өтiнiшi бойынша қайтаруға немесе есепке алуға тиіс. 6. Кеден органы кедендiк төлемдердi және салықтарды өндiрiп алғаннан кейiн артық төлеу фактісiн анықтаған кезде, мұндай фактіні анықтаған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешіктірмей салық төлеушiге артық төленген кедендік төлемдердiң және салықтардың сомасы туралы хабарлауға мiндеттi. 7. Кеден органдары төлеушiнiң өтініш бойынша кедендiк төлемнiң немесе салықтың артық төленген сомасы бар түрi бойынша алдағы кедендiк төлемдер және салықтар төлеу есебiне есепке алуды жүргізедi.»; 67) 348-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) осы Кодекстiң 351-бабында көзделген тәртiппен кедендiк төлемнiң немесе салықтың берешек бар түрi бойынша артық төленген кедендiк төлемдер және салықтар сомасы есебiнен немесе қайтаруға жататын депозит есебiнен берешектi өндiрiп алу;"; 2-тармақтағы «2 еселенген» деген сөздер «2,5 еселенген» деген сөздермен ауыстырылсын;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |