«Қазақстан Республикасының Кеден кодексiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 16 қыркүйектегі № 260-ө Өкімі
1. Қоса берiлiп отырған «Қазақстан Республикасының Кеден кодексiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 20 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Тiзбеге сәйкес:
1) «Кеден органының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты өзiнiң кәсiби қызметiмен одан әрi айналысуға мүмкiндiк бермейтіндей болып мертiккен не денсаулығына өзге де зақым келген жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулысының жобасын әзiрлесiн және белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынсын;
2) тиiсті ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкiметін хабардар етсiн.
Премьер-Министр | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2005 жылғы 16 қыркүйектегi
№ 260-ө өкімімен
Бекiтiлген
«Қазақстан Республикасының Кеден кодексiне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік
құқықтық кесiмдердiң тізбесi
P/c № | Нормативтік құқықтық кесiмнiң атауы | Кесiмнің нысаны | Орындауға жауапты мемлекет- тiк орган | Орындау мерзiмi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Кеден органының лауазымды адамы қызметтік мiндеттерін орындауына байланысты өзінің кәсiби қызметімен одан әрi айналысуға мүмкiндiк бермейтіндей болып мертіккен не денсаулығы- на өзге де зақым келген жағдайда біржолғы өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қаржыминi* | 2005 жылғы қыркүйек |
2 | Декларанттардың сарапшылар тарту ережесін бекіту туралы | Уәкiлетті органның бұйрығы | Қаржыминi | 2005 жылғы қыркүйек |
3 | Кеден органының тауарларды жiктеу жөнiнде шешiм қабылдау ережесi мен оның нысанын бекіту туралы | Уәкiлетті органның бұйрығы | Қаржыминi | 2005 жылғы қыркүйек |
4 | Керi қайтарып алынған жүк кедендiк декларация- сының күшiн жою ережесін бекіту туралы | Уәкiлетті органның бұйрығы | Қаржыминi | 2005 жылғы қыркүйек |
5 | «Кеден органдарының Қазақстан Республикасы- ның мемлекеттік шекарасында радиациялық бақылау жүргiзу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы мiндетін атқарушының 2004 жылғы 27 қыркүйектегi № 400 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Уәкiлетті органның бұйрығы | Қаржыминi | 2005 жылғы қыркүйек |
6 | «Тауарларды кедендiк бақылаумен өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 12 мамырдағы № 197 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Уәкiлетті органның бұйрығы | Қаржыминi | 2005 жылғы қыркүйек |
7 | «Кедендік төлемдердi, салықтарды және өсiмпұлдарды мемлекеттік бюджетке аударудың және артық төленген кедендік төлемдердi, салықтарды және өсiмпұлдарды есепке алу мен мемлекеттік бюджеттен қайтарып алудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 мамырдағы № 247 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Уәкiлетті органның бұйрығы | Қаржыминi | 2005 жылғы қыркүйек |
8 | «Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларды тексеру туралы» Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 17 мамырдағы № 213 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Уәкiлетті органның бұйрығы | Қаржыминi | 2005 жылғы қыркүйек |
9 | «Уақытша кедендік декларацияны толтыру және уақытша декларация- лау рәсімдерін пайдалана отырып кедендік ресімдеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы № 218 бұйрығына өзгерiс- тер мен толықтырулар енгізу туралы | Уәкiлетті органның бұйрығы | Қаржыминi | 2005 жылғы қыркүйек |
* Шартты белгiлер мен қысқартулар:
Қаржыминi - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі.