Тауарларды кедендік бақылаумен өткізу туралы (2010.22.02 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
2011 жылы 1 қаңтардан күші жойылатын 1-тармақтың 1), 3) тармақшаларын қоспағанда, ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Кеден кодексiне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берiлiп отырған: ҚР Қаржы министрінің 2010.22.02 № 74 бұйрығымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) Тауарлардың жеткізілуін бақылау құжатын ресімдеу, қалыптастыру және пайдалану ережесі; 2) Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк алып жүру ережесi; 3) Кеден төлемдер мен салықтарының төленуiнiң қамтамасыз етiлгендiгiн растайтын құжатты толтырудың және ұсынудың ережесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң баспасөз қызметi (А.А.Қонлыбаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын. 5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Төраға
Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 12 мамырдағы № 197 бұйрығымен бекітілген
Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк алып жүру ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк алып жүру ережесі (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң (бұдан әрi - Кодексi) 78-бабына сәйкес әзiрлендi және тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк алып жүру рәсiмiн қолданудың тәртібін және кедендiк алып жүргендік үшiн кеден алымдарын төлеудiң тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|