|
|
|
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. "Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы" 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 446-құжат; 1999 ж., № 21, 763-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн: 1) 1-бапта: 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "8) отандық өнеркәсiп (отандық өндiрушiлер) - Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын, ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауарларды өндiрушiлердiң не ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауарларды ұжымдық өндiруi Қазақстан Республикасының аумағында осы тауарлардың жалпы өндiрiсiнiң көпшiлiк бөлігі құрайтын өндiрушілердің жиынтығы;"; 9) тармақшадағы "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының" деген сөздер алып тасталсын; 11) тармақша "едәуiр" деген сөздiң алдынан "жалпы" деген сөзбен толықтырылсын; 12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "12) елеулi залал келтiру қаупi - елеулi залалдың анық болмай қоймайтындығы;"; 2) 7-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлігіндегі "елу проценттен астамы" деген сөздер "көпшілік бөлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 10-баптың 1-тармағы "және барлық мүдделi тұлғаларды iс қарауға тарту мақсатында хабарлауды мемлекеттік тiлде және басқа да тiлдерде бұқаралық ақпарат құралдарында таратады" деген сөздермен толықтырылсын; 4) 13-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Уәкілетті орган мүдделi тұлға жария етудi және жалпы түрде ашуды қаламайтын ақпаратты, егер осы ақпарат ресми көздерден алынбаған жағдайда ғана, назарға алмауы мүмкiн."; 5) 15-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: "Мүдделi тұлғалар iстiң материалдарымен және басқа тараптың дәлелдерiмен танысу мақсатында уәкілетті органға тыңдаулар өткізу туралы өтiніш беруге құқылы, бұл барлық мүдделi тұлғаларға басқа тұлғалардың мәлiмдемелеріне жауап қайтару мүмкіндігін қоса алғанда, дәлелдемелер мен дәлелдер ұсыну және қорғану шараларын қолданудың отандық тауар өндiрушілердi қорғауға және Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсiздігіне септiгін тигізу туралы мәселе жөнiнде өз пiкiрiн баяндау мүмкiндiгiн беруге тиiс."; мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: "3-1. Уақытша қорғау шараларын қолданған кезде қорғау баждарын төлеудi қамтамасыз етуге арналған ақшаны импорттаушылар Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес депозиттiк шотқа енгiзедi және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттi органның қорғау шараларын қабылдау қажеттiгi туралы қорытындысы негiзiнде түпкiлiктi шешiм қабылдағанға дейiн бюджетке аударуға жатпайды."; 4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын: "Уақытша қорғау шараларын қолдану кезiндегі қорғау бажының ставкасынан неғұрлым төмен қорғау бажының ставкасын енгізу орынды деп танылған жағдайда, артық төленген сомалар Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген тәртiппен импорттаушыға қайтарылуға жатады."; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Қорғау шаралары елеулi нұқсанды болғызбау немесе жою үшiн қажеттi осындай мөлшерде қолданылады."; 2-тармақтағы "қорғау шараларының қолданылу ұзақтығы бiр жылдан асқан жағдайда" деген сөздер "қорғау шарасының қолданылу мерзiмi бiр жылдан асқан кезде, қолданылу кезеңi бойы теңдей уақыт аралығы арқылы" деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтың екiншi сөйлемiндегi "төлемдерге қарамастан өндiрiп алынады" деген сөздер "бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдерге қарамастан өндiрiп алынады және бюджетке есептелуге жатады" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың үшiншi және төртiншi бөлiктерi мынадай редакцияда жазылсын: "Импорттық квота тауар берушi елдер арасында бөлiнетiн жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі консультациялар жүргiзу арқылы Қазақстан Республикасының аумағына осы тауарды жеткiзiп беруге мүдделiлігі бар тауар берушi елдермен импорт квотасының үлесiн бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткізудi қамтамасыз ете алады. Мұндай уағдаластыққа қол жеткізу мүмкiн болмаған кезде Қазақстан Республикасының Yкіметі импорттық квотаны тауар импортының жалпы саны немесе құны негiзiнде бұдан бұрынғы кезеңдегi тауар импортына сәйкес келетін үйлесiмде тауар берушi елдер арасында бөледi. Бұл ретте осы тауарларды жеткiзіп беруге ықпал ете алған немесе ықпал ете алатын кез келген факторлар ескеріледi."; 9) 25-баптың 2-тармағының бiрiншi абзацындағы "алты ай" деген сөздер "180 күн" деген сөздермен ауыстырылсын; 10) 28-баптың орыс тілдегі мәтінiне өзгерiс енгiзiлдi, мемлекеттік тілдегi мәтiнi өзгермейдi. 2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2005 ж. маусымның 16-сы. № 59-III
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |